Құрметті пайдаланушылар!
Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал жарататын халық. Ендеше ұлт рухы мен уақыт бойына тұмар қып таққан сөз өнерін жаратушылар хақындағы түсініктерімізді тереңдетіп, ұрпақ, ұлт, уақыт жайлы әсерлеріміз бен толғамдарымызды байыта түсер біздің «Қарағанды өлкесінің әдеби атласы» өз оқырмандарын табарына сенімдіміз.
Қарағанды – қойнауы кенге, төскейі астық пен малға толы құтты қоныс қана емес, білімі мен ғылымы, мәдениеті мен руханияты дамыған, өнер қонған өрісті өңір, талай-талай таланттар туған тұғырлы мекен.
Сарыарқаны бойлай саяхаттаған көптеген ақын жазушыларымыз біздің «шағын отанымыз» туралы поэтикалық жыр жолдары, жолай жазылған белгілер, қызықты естеліктер қалдырған.
Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы бірнеше жылдар бойы облысымыздың әдеби өміріне арналған мәліметтерді жинау және жүйелеумен айналысқан. Ең алғашқы тәжірибелердің бірі «Өлкеңді сүйе біл» атты әдістемелік-библиографиялық көрсеткіші (1967) болды. Бұл жинақта Қарағанды облысының жазушылары мен ақындары туралы қысқаша мағұлматтар жинақталған.
Сонымен бірге кітапхана көп жылдар ішінде «Орталық Қазақстан жазушылары» әдістемелік-библиографиялық материалдар (1973), филология ғылымдарының кандидаты Ю.Д.Нестеров құрастырған «Караганда в художственной литературе и публицистике» атты библиографиялық көрсеткіші (1982), «Халық жазушысы» Ғ.Мұстафиннің 90 жылдығына арналған әдістемелік-библиографиялық құрал (1992), «Жайық Кәгенұлы Беқтұров» библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші (1992), Бұқар жырау Қалқаманұлының 325 жылдығына арналған «Ұлағат сөзі ұрандай жырау» (1993) атты әдістемелік-библиографиялық құрал, С.Ерубаевтың 80 жылдығына арналған «Мәңгілік жыршысы» атты жаднама (1994), Қ.Аманжоловтың 80 жылдығына арналған «Өлеңмен қаптатармын отты селін» библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші (1996) шығарылған. Ал 2000 жылы «Әдеби Қарағанды» атты библиографиялық көрсеткіште советтік кезеңнен басталып қамтылған, өмірі мен шығармашылығы Қарағандымен байланысты сөз шеберлері туралы мағұлматтар жинақталған.
Сіздерге ұсынып отырған бұл интернет-ресурстың мақсаты көпшілік оқырмандарды Қарағанды жазушылары мен ақындарының шығармашылығымен таныстыру және қашықтықта өлкетанулық құжаттарға қол жеткізу. Онлайн оқу.
«Қарағанды өлкесінің әдеби атласы» - өлкенің әдеби өмірі туралы бұл жол сілтеуіш барлығы жағынан алуан түрлі. Үнемі толықтырылып отыратын ресурс Қарағандының әдебиетшілері туралы, биографиялық және библиографиялық ақпаратын, Қарағанды әдебиетінің тарихи өткені мен заманауи жай-күйі қамтылған.
Материалдарды жинақтауда Н.В. Гоголь атындағы кітапхананың каталогы мен өлкетану картотекасы және облыс ОКЖ-ның қорларынан алынған өлкетану материалдарының, мұрағаттан алынған фотоқұжаттар негізінде дайындалды.
Тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер алфавит бойынша орналасқан. Шығармалар жинағы, таңдамалы шығармалары, жинақтары, жеке басылымдары, сонымен қатар жинақтарда, альманахтарда, облыстық және аудандық газет пен журналдарда басылған мақалалары барлық әдебиеттер толық мүмкінділігімен көрсетілген.
«Қарағанды өлкесінің әдеби картасы» кітап оқуға, Қарағанды өлкесінің әдеби мұрасына деген қызығушылығын оятуға бағытталған, әдеби өмірдің аймақтық энциклопедиясы ретінде Қазақстанның Әдеби картасының ажырамас бөлігі бола алады.
Мақсатты шараларға пайдалануда «Қарағанды өлкесінің әдеби картасы» айтарлықтай көмегі болары сөзсіз.