Рымқұл Сүлейменов
Рымқұл Сүлейменов 1939 жылы 7 маусымда Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты «Октябрьдің 40 жылдығы» совхозында (қазіргі Жоғары Қайрақты кенті) дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, екі жылдай геологиялық-барлау партиясында бұрғышы, аудандық мәдениет үйінде мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырушы болып еңбек етеді. Қарағандыдағы №4 кәсіптік-техникалық училищесінде, Алматы жоғары партия мектебінде оқыған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
Журналистік жолын 1957 жылы Шет аудандық «Ильич туы» газетінде бастаған. Ақтоғай аудандық «Арқа еңбектері» газетінің жауапты хатшысы, Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы», «Агадырьская новь» газеттерінің редакторы, бұрынғы Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газеті редакторының орынбасары, «Социалистік Қазақстан» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, Қарағанда облыстық «Орталық Қазақстан» (1976-1986) газетінің бөлім меңгерушісі (бұл кезде республикалық «Ара» журналының Қарағанда облысындағы меншікті тілшісі қызметін қоса атқарған), жауапты хатшысы, «Орталық Қазақстан» газетінің Бас редакторы (1991-94 ж.), тәуелсіз «Компас» газетінің бас редакторы болған. Қазқстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы болып сайланған.
Шет ауданының Құрметті азаматы (2006), Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты (1979).
Алпысыншы жылдардың басынан әңгімелері, очерктері «Жұлдыз», «Жалын», «Қазақстан коммунисі» журналдарында, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі Егемен Қазақстан»), «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жарық көрген. «Көңіл шұғыласы», «Ар алдында», «Алашым аңсағаным», «Сағыныш»,«Ата жолы» атты әңгімелер, повестер, очерктер кітаптарының авторы.
Әдебиеттер тізімі
Сүлейменов Р. Алашым – аңсағаным: повесть, әңгімелер мен новеллалар.- Қарағанды: Қарағанды, 1991.- 264 б.
Сарыарқа саңлақтары: Қарағанды өңірінде өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан халық дарындыларының өмірі мен өнері туралы.- Павлодар: ЭКО ҒОФ, 2007.- 316 б.
Сүлейменов Р. Жан шуағы: повестер мен әңгімелер.- Алматы: Айдана, 2008.- 448 б.
Сүлейменов Р. Жан шуағы; Қарағанды облысының әкімдігі.- Астана: Фолиант, 2014.- 320 б.
Сүлейменов Р.Сағыныш; алғы сөздің авт. А. Сейдімбеков.- [Б. м.: б. и.], [1999 ?]. - 263 б.
***
Сүлейменов Р. Қарт және қасқыр // Орталық Қазақстан. - 2006. - 27,29 сәуір. - 13 б.
Сүлейменов Р. Егіз дүние // Қарағанды жастары. - 1990. - 21 қыркүйек (№ 37). - 5 б.
Р. Сүлейменов туралы:
Жанысбай С. Азаматым-ардағым. - Қарағанды: Арко, 2013. - 254 б.
Сүлейменов Рымқұл (1936-2007) // Шет ауданы: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы: ҚазАқпарат, 2013. - 390 б.
Ахмет Ө. Бір көгеннің қозысындай едік // Орталық Қазақстан. - 2007. - 26 мамыр. - 7 б.
Бексейіт С. Бастау // Орталық Қазақстан. - 2016. - 18 қазан (№ 171). - 3 б.
Әбеу Б. Жүрек жаңбыры // Мысты өңір. - 2006. - 2 маусым. - 7 б.
Әбеуов Б. Серкесөздің сардары // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2013. - 12 сәуір (№ 14). - 6 б.
Жандаев Ш. Еңбек адамның сырлас досы // Заман. - 2007. - 15 қараша (№ 46). - 3 б.
Жанысбай С. Бәріміз құрметтеген Рекең // Орталық Қазақстан. - 2012. - 21 сәуір (№ 66/67). - 6 б.
Жанысбай С. Жаныңды шуаққа бөлеген // Орталық Қазақстан. - 2008. - 30 қыркүйек (№151) . - 4 б.
Жүністегі К. Жазушы шыңы // Заман. - 2006. - 18 мамыр. - 3 б., // Орталық Қазақстан. - 2006. - 6 маусым. - 7 б.
Жұқанұлы Ш. Алаштың азаматы // Заман.- 2006.- 5 қазан (№41).- 4 б.
Имаш Е. Журналистердің ағасы // Орталық Қазақстан. - 2006. - 24 маусым. - 4 б.
Имаш Е. Қамқорлығын көріп едік // Орталық Қазақстан. - 2007. - 26 мамыр. - 7 б.
Құлағыңыз түрік жүрсін! // Шет шұғыласы. - 2008. - 28 тамыз (№ 37). - 4 б.
Майбас Т. Құрметті азамат атанды // Орталық Қазақстан. - 2007. - 13 қаңтар. - 2 б.
Мақаш Д. Жақсылық үшін жаратылған жан белгілі қаламгер Р.Сүлейменовті әріптестері осылай дейді // Орталық Қазақстан. - 2001. - 29 қыркүйек.
Рымқұл Сүлейменов: некролог // Орталық Қазақстан. - 2007. - 21 сәуір. - 7 б.
Сембай М. Рыкеңнің "ұлдары" едік // Орталық Қазақстан. - 2007. - 26 мамыр. - 7 б.
Ысқақ Д. Жаны жомарт жайсаң жан // Орталық Қазақстан. - 2004. - 26 маусым. - 5 б.