top of page
Салыков.jpg

Салықов Кәкімбек

          1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Еңбек ауылында туған. Қазақтың көрнекті лирик ақыны, Қазақстан жазушылар Одағының басқарма мүшесі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. 

1947 жылы Көкшетау қаласындағы №1 мектепте орташа білім алып, 1950 жылы Сырымбет тауы бөктерінде Казгородок қазақ орта мектебін бітірді.

Қ. Сәтбаев атындағы Халықаралық  қордың Президенті.  Қазақстан Республикасы «Экология» Ұлттық академиясының академигі.  Арал мен Каспий  проблемалары бойынша маман, Қазақстан Республикасы Ұлттық  кеңесінің мүшесі.

        К.Салықовтың Москва түсті металдар және алтын институтын бітірген 1955 жылдан бергі бүкіл өмірі біздің кенді аймақпен тікелей байланысты. Еңбек жолын  Жезқазған руднигінде тау-кен шебері болып бастаған ағамыз шахта бастығы, кен-металлургия комбинатының портком жетекшісі, қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Ол СКОП орталық комитетіне барғанда да шахта мен кеніштер жағдайын  назарынан шығарған емес.

      Отызға тарта жыр жинақтары жарық көрген.Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» 1977 жылы жарық көрді. Сол жылы  «Жезкиік» атты жыр жинағы орыс тіліне аударылып жарияланды.

1981 жылы «Қырғыстан» баспасы оның  «Нұрлы күндер» кітабын қырғыз тілінде, 1983 жылы Ғафур Ғұлам баспасы «Жезкиік» жинағын өзбек тілінде шығарды.

          Б.Жұманиязев, Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, Е.Хасанғалиев сияқты композиторлар ақынның көптеген өлеңдеріне ән шығарды. «Жезкиік», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Жамбыл ата» сынды туындылары халық әніне айналып кетті.

          К.Салықов Еңбек Қызыл ту, Ленин, Қазан революциясы және Парасат және халықтар Достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Әдебиеттер тізімі

Салықов К. Нұрлы күндер. Өлеңдер мен поэмалар /К. Салықов. -  Алматы: «Жалын» баспасы,  1976. – 160 бет.

Салықов К. Жұлдызды жылдар тынысы. Өлеңдер мен поэма /К. Салықов. -  Алматы: «Жазушы» баспасы, 1978. – 288 бет.

Салықов К. Парасат сыры. Өлеңдер, поэмалар /К. Салықов. - Алматы: «Жалын» баспасы, 1980. – 192 бет.

Салықов Қ. Шын жүректен. Өлеңдер мен поэмалар /К. Салықов. – Алматы: «Жазушы» баспасы, 1981. – 336 бет.

Салықов Қ. Тәттімбет. Поэма мен өлеңдер /К. Салықов. – Алматы: «Жалын» баспасы, 1988. – 192 бет.

Салықов К. Ақын Тайжан. Өлеңдер /К. Салықов. – Алматы: «Үш қиян» баспасы, 2004. – 184 бет.

Салықов К. Күзгі сарын. Өлеңдер, поэмалар / К. Салықов. – Астана: «Елорда» баспасы, 2005. – 296 бет.

Салықов К. Тәттімбет. Поэма, өлеңдер, толғау / К. Салықов. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2005. – 220 бет.

Салықов К. Дүлділдердің дүбірі / К. Салықов. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2011. – 328бет.

Салықов К. Түркістанға тағзым. Өлеңдер мен поэмалар / К. Салықов. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2012. – 264 бет.

Салықов К. Астана – елдің ажары. Поэма, толғаулар және әндер / К. Салықов. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2013. – 200 бет.

Тобаяқов Б. Жыл толды ұлы жүрек тоқтағалы. Өшпес бейне / Б. Тобаяқов // Орталық Қазақстан. – 2014. – 27 қараша – 8 бет.

bottom of page