top of page
Жеңіс Қашқынов.jpg

Жеңіс Қашқынов

      Жеңіс Қашқынов 1942 жылғы 4 наурызда  Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы, бұрынғы «Қуаныш» ауылында туған. 1959 жылы астанадағы С.М.Киров атындағы №12 қазақ орта метебін, 1964 жылы ҚазМу-дің филология факультетін бітіріп шығады. Алғашқы кезде республикалық «Ленишіл жас» газетінде істеп, 1965 жылдан қазақ радиосында қызмет атқарып келді. Одан кейін «Мектеп» баспасында жұмыс істеді.

      Жеңіс Қашқынов өлеңді мектепте оқып жүрген кезден жаза бастаған. Алғашқы өлеңдері 1959 жылы республикалық «Пионер» («Ақ желкен»)

      «Қазақстан  пионері» («Алау») газеттерінде жарық көрді. Балаларға арналған тұңғыш «Кешкі күн» аталатын кітапшасы 1967 жылы, ал «Қоңыраулы сағат» атты бір томдығы 1989 жылы жарық көрді. Бүгінде он бірге тарта жыр кітаптарын шығарған автор өлеңдері орыс, украин, өзбек, молдаван, грузин, қырғыз, ұйғыр тілдерінде аударылды. Ол сондай-ақ, бірқатар бауырлас жырларды ана тілімізге аударды.

      Ж.Қашқынов шығармашылығының басты тақырыбы – халқымызыдың мәрттігі мен ерлігін жырлауға арналған. Бұған дәлел С.Сейфуллин жайлы «Қызыл сұңқар» атты балладасы мен Ақтоғай ауданынан шыққан, кешегі жаумен шайқаста ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры Қ.Нұржанов жайлы жазған прозалық поэзиялық шығармалары дәлел    Қ.Нұржанов жайлы жиырма жылдан артық уақыт бойы деректер мен материалдар жинап «Батыр Қазыбек Нұржанов» (1971 ж.) очерк кітабын, «Батырдың анасы» (1978 ж.) атты поэмасын қалың жұртшылыққа сыйға тартты.

     Жеңіс Қашқыновтың өлең өлкесінде қаламының ұшталып қанатының қатаюына «Советтік Қарағанды» газеті (бүгінгі «Орталық Қазақстан») ерекше ықпал етті.         

     «Ақжолтай Ағыбай»/1996/ батырлар жайлы прозалық туындылары жарық көрген. Ж.Қашқынов 15 –ке жуық поэзиялық кітаптардың авторы. Ақтоғай ауданының құрметті азаматы.

     Жеңіс Қашқынов  «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, грамоталармен марапатталған.

     Ақтоғай ауданының құрметті азаматы.

Әдебиеттер тізімі

Қашқынов Ж. Арман асуында: Өлең-очерк // Орт. Қазақстан.- 1967.- 1 қазан

Қашқынов Ж. Елу ерім: Жыр–байғазы // Орт. Қазақстан.- 1995.- 28 қырк.

Қашқынов Ж. Диқан мерейі: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1983.- 72 б.

Қашқынов Ж. Найзатас: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1977.- 72 б.

Қашқынов Ж. Соқпақтар: Өлеңдер, толғаулар, балладалар.- Алматы: Жазушы, 1973.- 64 б.

Қашқынов Ж. Тастанбек: /Дастан/ // Орт. Қазақстан. – 2001. – 17 қант.

Қашқынов Ж. Темеш – Дәмеш: Дастан: /Т.Жүргенов пен Д.Ермековаға ескерткіш/ // Орт. Қазақстан.- 1995.- 14 қаңт.

Қашқынов Ж. Туған жер – Атамекенім: Жыр дәптерінен // Орт. Қазақстан.- 1998.- 3 ақпан

 

Ж.Қашқыновтың шығармашылығы туралы:

 

Ақын Жеңіс Қашқынов – 50 жаста // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 13 наур.

Ақын Жеңіс Қашқынов – 50 жасты // Орт. Қазақстан.- 1992.- 28 ақпан

Қашқынов Жеңіс // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық.- Алматы, 1987.- 347 б.

Негимов С. Жырлары жанды баураған: Ақын Ж.Қашқынов–50 жаста // Орт. Қазақстан.- 1992.- 11 ақпан

Негимов С. Қасымды ұстаз санаған: Ақын Ж.Қашқыновтың туғанына – 50 жыл // Қарқаралы.- 1991.-21 желт.

bottom of page