Серғазы Кенжеғараұлы
Серғазы Кенжеғараұлы 1950 жылғы 15 мамырда Ақтоғай ауданында туылған 1967 жылы Балқаштағы № 2 қазақ орта мектебін бітірген. Қарқаралы зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумын Ақмола ауыл шаруашылық институтын тәмамдаған.
Ұзақ жылдардан бері ауылшаруашылығы және басқару салаларында еңбек етіп келеді. 2000 жылдан Қарағанды облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы.
Серғазыда арғы аталарынан келе жатқан емшілік қасиет те бар. Орталық Қазақстан емшілері Орталығы ұлттық емді қолданушы бакалавр-халық емшісі атағын берген.
Зайыбы Мағираш екеуі 7 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.
Әкесі Кенжеқара Жүкіжанұлы (1911 — 1991 жж) мен анасы Кәмпитбала Тохметқызы (1924 — 1989 ж.) елге сыйлы адамдар болды. Кенжекен ұзақ жылдар шаруашылық партия, кеңес орындарында қызмет атқарған ел басқарған. ата-баба дәстүрін берік ұстаған зерделі азамат ретінде танылған. Осындай шежірені жинақтап, ұрпаққа ұсынуға әлденеше рет әрекет жасаған Әкенің Аллаһ қолдар, әруақ жебер ойын баласы іске асырып отыр.
Әдебиеттер тізімі
Дадан Тобықты (өмір) шежіресі. Жезқазған, «Полиграфия» ААҚ ,2002.-283 б.
Құрастырушы және шығарушы: Серғазы Кенжеқараұлы