top of page
Муса1.jpg

Тлеуов Мұса

     Тлеуов Мұса кенші, ақын. 1948 жылы 1965 жылы мектеп бітіргеннен  кейін аға шопан болып еңбек етті.

1948 жылы 1 сәуірде Ұлытау ауданы Шеңбер  совхозында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын ауылда шопан болып бастады. Целиноград автокөлік техникумын бітірген. Кеңес Армиясы қатарындағы әскери қызметін өтеген соң, Жезді аудандық  «Октябрь туы» газетінде жұмыс істеді. 1971-72жылдары Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде қызмет етті.

    1973 жылдан зейнет демалысына шыққанға дейін «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Батыс және Оңтүстік Жезқазған кеніштерінде жұмысшы, бөлімше бастығының орынбасары, бөлім бастығы, кеніш кәсіподағының төрағасы  қызметтерін атқарды.

    1979 жылдан «Жезқазғантүстіметалл» ӨБ жүйесінде еңбек етуде. Суретші, бөлім бастығының орынбасары, Батыс Жезқазған кеніші есепке алу бюросының бастығы, тұрғын-үй коммуналдық басқармасы бастығы, толтырым (закладочный) кешені бастығының орынбасары, тәртіп қызметі бастығы, Оңтүстік Жезқазған кеніші кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

1989-1990 жылдардағы Б. Бұлқышев атындағы облыстық әдеби байқаудың екі дүркін жеңімпазы.

1993 жылы «Ұлытау үні» облыстық фестивалі аясында өткен мүшәйраның екінші орын иегері.

      1994 жылы Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық тойына арналған республикалық  ақындар мүшәйрасында, 2008 жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қазақмыс» корпорациясы ұйымдастырған Қарсақбай мыс қорыту зауытының 80 жылдығына арналған әдеби байқауда жүлдегер атанды.

Бұған дейін «Үркер» (1994), «Думаным ұласып ғасырға» (2000), «Арқаның ару көктемі» жыр жинақтары жарық көрген. Өлеңдері мен балладалары «Жез мұхиттың желкені», «Мыс сапырған, кен қазған» және т.б. бірнеше топтама жинақтарға енген.Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.

Әдебиеттер тізімі

Тлеуов М. Думаным ұласып ғасырға:Жыр кітабы./М.Тлеуов.

Алматы:ҚАЗақпарат,2000.-224 б.

Тлеуов М. Үркер:Өлендер./М.Тлеуов.-Жезқазған:Крамдс-Сарыарқа,1994.-14б.

Сәтбаев қаласы.Энциклопедия/ под ред. А.Тұрлыбек.-Алматы: «Арқас»,2008.- 248 с.

Муканов У. Город Сатпаев и сатпаевцы/У.Муканов.-Жезказган: ОАО Полиграфия,2003.-190с.

Тілеуов М. Арқаның ару көктемі. Өлеңдер, поэмалар мен аңыздар.-Астана:Фолиант, 2013.-184 б.

Белгібай І. Тау баласы тауға қарап өседі/ І.Белгібай// Шарайна.-2008.-2 сәуір –Б.2.

Мырзабеков Б. Қанатына ұлардың хат байлаған.../ Б.Мырзабеков//Мысты өңір.-2008.-4сәуір –Б.6.

 Белгібай І. «Гүлін тердім 60 ару көктемнің»/ І.Белгібай// Шарайна.-2008.-23сәуір –Б.2.

bottom of page