top of page
Ильяс Мукаев.jpg

Ілияс Мұқаев

    Ілияс Мұқаев 1982 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Айыртас ауылында дүниеге келген. Жырлары Қарағанды қаласында жарық көрген «Қалам құдіреті», «Дүниеге келер әлі талай Қасым», «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ!» ұжымдық жинақтарға енген. 2011 жылы ҚР Байланыс және Ақпарат министрлігінің «Әдебиеттің маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Ғұмырымның көктемі» атты тұңғыш жыр жинағы «Жалын» баспасынан жарық көрген. Республикалық Бұқар жырау, Төлеген Айбергенов, Нұрлан Мәукенұлы атындағы әдеби сыйлықтардың иегері.

Әдебиеттер тізімі

Мұқаев Ілияс Ғұмырымның көктемі. өлеңдер./Ілияс Мұқаев.-Алматы: «Жалын » баспасы ЖШС, 2011.-112 б.

bottom of page