Қасымхан Қаленов
Ақтоғай ауданының Шабанбай ауылында 1932 жылдың 21 қыркүйегінде туған. Ол еңбек жолын мектепте оқи жүріп жалғастырған. 1952 жылы мұғалімдер институтын, 1962 жылы педагогикалық институтты бітірген. 1952-55 жылдары аудандық оқу білімінің бастығы, мектеп инспекторы, 1955-57 жылдары аудандық партия комитетінің саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі. 1957-60 жылдары Сәуле сегіз жылдық мектебінің директоры.
1961-64 жылдары аудандық "Қызылту" газетінің редакторының орынбасары, білім меңгерушісі, 1964-70 жылдары аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, хатшысы қызметін атқарды.
1970-76 жылға дейін аудандық оқу бөлімі жайындағы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.
1976-80 жылдары Ғ. Бөкейханов атындағы орта мектептің директоры. 1981-85 жылдары облыстық "Жезқазған туы" газетінің Ақтоғай-Шет аудандары бойынша меншікті тілшісі, 1985-92 жылдары Ақтоғай сырттай оқытатын орта мектебінің директоры болып қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан.
Қасымхан Қаленовты Отан соғысы жылдары еңбек еткені үшін "Еңбектегі ерлігі үшін", "Тың игергені үшін", Ұлы Отан соғысының 30,40,50 жылдағы медальдарымен марапатталған. Ауданның құрметті азаматы (1999 ж.), Қазақ республикасы халық ағарту ісінің озаты (1974 ж.). Ол ұстаз, қайырымды қаламгер, ақын. Ауданда ақындар айтысын ұйымдастырушы, өзі де жиырмаға жуық ақындар сайысына түскен.
Әдебиеттер тізімі
Қаленов Қ Басеке-Қарағанды: «TENGRI LTD» 2012 ж. 408 б.