Ибраһим Еркеш
Жалпақ жұртына есімі Еркеш Ибраһим болып танылған Еркеш Ебікенов ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі. Е.Ибраһимнің жалынды жырлары елуінші жылдардың басынан бастап, сексенінші жылдардың ортасына дейін республикалық газет-журналдар бетінен бір түскен жоқ. Қалың оқырманы ыстық ықыласпен қабылдаған он бестен аса жыр жинағы және жарық көрді.
Еркеш Ибраһим (Ебікенов) Ақмола облысының Балқашын ауданында 1930 жылдың 7 қарашасында дүниеге келген. Әке-шешеден сәби кезінде айырылған ол Атбасардағы панасыз балаларды тәрбиелеген үйде оқып, ер жеткен. 1955 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, бірқатар жылдар Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген.
Е.Ибраһим студент кезіндегі өзінің тырнақалды өлеңдерімен-ақ жарық етіп көрінген ақын. Оның баспасөзге жарияланған «Қол шана» атты өлеңі сөз зергерлерінің, поэзия алыптарының назарына іліккен. Өлеңде ауылдың қарапайым көрінісі суреттеледі.
Ұзақ жылдар бойы баспасөз қызметінде болған Е.Ибраһим ондаған жыр жинақтарының авторы. Оның «Қарлығаш» (1958), «Жас қанат» (1958), «Көкшетау көріністері» (1961), «Өмір өлмейді» (1961), «Теміртау толғауы» (1978), «Алау» (1983), «Самғау» (1984) жинақтары басылып шықты. Е.Ибраһимнің кітаптары шаң басып жатып қалмады, бірден өз оқырмандарына жол тапты. 1969 жылы Ирина Озерованың аудармасымен орыс тілінде «Звездные горы» жыр кітабы жарық көрді.
Ақындықпен қоса журналистиканы бірге игерген Е.Ибраһим өлкелік «Тың өлкесі», одан соң республикалық газет «Социалистік Қазақстанның» (қазіргі «Егемен Казақстан») Көкшетау облысындағы меншікті тілшісі болды. Е.Ибраһим журналистика саласында да мерейлі биікке көтерілді. 1972 жылы СССР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды.
Бертінірек оның аға газеттегі қызметі Қарағанды облысына ауысып, ол кеншілер астанасына жетпісінші жылдың ортасында көшіп келді. Қазақстанның индустрия орталығына, өндірісі сол кезде дүрілдеп дамып жатқан өңірге келу, қайнаған қызу еңбек ақын шабытпен тасыта түсті. Е.Ибраһим жарқ етіп жаңа қырынан көрінді. Себебі, алып индустрия орталығындағы қазандай қайнаған ерен еңбек ақынға қатты әсер етті. Е.Ибраһим ақын Қарағанды топырағына қоныс аударып келгенде Қарағанды көмір кеніші тарихындағы елеулі оқиғалар болып жатқан еді. Осылайша ақын қаламынан Қарағанды кеншілерінің тарихи ерен еңбегін асқақтата жыр еткен «Миллиард жыры» өмірге келді.
Негізгі лирик ақын тек еңбекті ғана жыр етіп қоймады. Сондықтан да ақын Қарқаралыны көргенде өзін Көкше баурайында жүргендей сезініп, еркін танысып ала береді. Ол «Қарқаралы» атты өленінде екі сұлу өлкенің бір-бірімен егіздігін, айнымас ұқсастығын жыр жолымен өрнектейді. Ақынның «Шайтанкөл», «Көсемтас», «Сарыадыр», «Ағады Нұра, ағады» тәрізді басқа да өлеңдері Арқа төсіндегі табиғатты ерекше, өзіндік орны бар өңірлердің келбетін сипаттайды.
Е.Ибраһим Қарағандының қаласын да, даласын да жырға қосты. Олары шағын лирикалық өлеңдер ғана емес, кең ауқымды қамтылған эпикалық туындылар болды. Социалистік Еңбек Ерлері, есімі аңызға айналған атақты диқандар И.И.Иванов, Н.Кабдікәрімова туралы көлемді дастандар жазып, оны республикалық, облыстық газеттерге жариялады. Ақынның әсіресе өндіріс тақырыбына жазған «Аңыз аға», «Оттың тууы», «Алау», атты поэмалары қазақ поэзиясына қосылған тың құбылыс болып танылды.
Еңбекті жырға қосқан Е.Ибраһим ақын өзінің шығармашылық кемел шағында, 1986 жылы 56 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Көкше мен Қарқаралы сұлулығына құмартып өткен, атақты да іздемей, астананы да жағаламай елімен қоян-қолтық араласа қызмет еткен ардақты ағаның денесі Қарағанды топырағында сабыр тапты.
Әдебиеттер тізімі
Ибраһим Е. Ақын өлең жазбасын ермек үшін: Редакцияға түскен өлеңдерге шолу. // Орт. Қазақстан.- 1976.- 16 қаз.
Ибраһим Е. Алау: /Металлург А.Жүнісовке арналған поэма/ // Жұлдыз.- 1983.- №2.- 7-10 б.
Ибраһим Е. Алау: Өлеңдер, поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1983.- 104 б.
Ибраһим Е. Алыстағы аққулар. Дастан. // Орт.Қазақстан.- 1977.- 29 қаңт., 3 ақп.
Ибраһим Е. Арқа жырлары. // Орт.Қазақстан.- 1976.- 14 желт.
Ибраһим Е. Ахат туралы аңыз: Поэма. // Орт.Қазақстан.- 1983.- 28, 30 желт.
Ибраһим Е. Бар дауыспен: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1979.- 120 б.
Ибраһим Е. Бетпе - бет. Жыр дәптерінен. // Орт.Қазақстан.- 1981.- 11,12 шілде.
Ибраһим Е. Гәкку: Поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1970.- 112 б.
Ибраһим Е. Ғажап адам: Поэма. // Орт.Қазақстан.- 1978.- 26-29 қараша.
Ибраһим Е. Егіздер туралы: Баллада. // Орт.Қазақстан.- 1982.- 1 мамыр.
Ибраһим Е. Ерлік жыры: Кеңестер Одағының Батыры М.Мамыраевтың туғанына -100 жыл // Орт.Қазақстан.- 2008.- 1 наурыз.- 3 б.
Ибраһим Е. Жарияланбаған өлеңдерден. // Орт.Қазақстан.- 1990.- 13 желт.
Ибраһим Е. Жас ғұмыр: Өлеңдер, поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1972.- 80 б.
Ибраһим Е. Жұлдызды жылдар: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1966.- 156 б.
Ибраһим Е. Жүрек дауысы. Жыр дәптерінен. // Орт.Қазақстан.- 1983.- 16 қырк.
Ибраһим Е. Жыр дәптерінен. // Орт.Қазақстан.- 1980.- 7 қырк.
Ибраһим Е. Ильич нұры туған таң: Поэма. // Орт.Қазақстан.-1980.- 29 наурыз
Ибраһим Е. Кездесу: Өлеңдер, поэмалар.- Алматы:Жалын, 1982.-112 б.
Ибраһим Е. Көзімнің қарасы: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жалын, 1987.- 160 б.
Ибраһим Е. Көктем күлкісі: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1975.- 84 б.
Ибраһим Е. Көк таудың арғы жағы, бергі жағы. // Орт. Қазақстан.-1981.- 11сәуір, 9 мамыр.
Ибраһим Е. Көш. // Шұғыла.- 1979.- 12 маусым.
Ибраһим Е. Қарағанды қаламгерлерi // Орт. Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Ибраһим Е. Қарқаралы басында. Жыр жарасы – мүшәйра. // Қарқаралы.- 1991.- №2.- 78-90б.
Ибраһим Е. Қарқаралы дәптерінен. Көсем тас. // Коммунизм таңы.- 1978.- 21 қаз.
Ибраһим Е. Қоянды жәрмеңкесі: Поэма. // Орт.Қазақстан.-1982.- 17, 18 ақпан.
Ибраһим Е. Құтты болсын, орденің: Қарағандыға арналған өлең. // Орт.Қазақстан.- 1984.- 22 мамыр.
Ибраһим Е. Ленинградтық ақын досыма. // Орт.Қазақстан.- 1987.- 24 мамыр.
Ибраһим Е. Мейірім шуағы: Очерк. // Орт.Қазақстан.- 1982.- 28,30 наур.
Ибраһим Е. Нұрбақыт: Поэма. // Орт.Қазақстан.- 1982.- 15 маусым.
Ибраһим Е. Оқжетпес. Таңдамалар өлеңдер жинағы.- Алматы: Жазушы, 1973.- 272 б.
Ибраһим Е. Оқ пен нан. Баллада. // Орт.Қазақстан.- 1983.- 26 наур.
Ибраһим Е. Орденсіз солдат. Баллада. // Орт.Қазақстан.- 1983.- 23 сәуір.
Ибраһим Е. Өлеңге–от, таңдайға – мәйек керек: Редакцияға түскен өлең–хаттарға шолу. // Орт.Қазақстан.- 1978.- 29 мамыр
Ибраһим Е. Роман арқауы – адалдық: /Ө.Ахметовтың «Қоңыр үй» атты романына пікір/ // Орт.Қазақстан.- 1982.- 3 қараша
Ибраһим Е. Самғау: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1985.- 136 б.
Ибраһим Е. Сүлік қашқан. Лирикалық поэма: /Қазақ халық ақыны Х.Ерғалиевке арналған/ // Орт.Қазақстан.- 1980.- 20 желтоқсан
Ибраһим Е. Таңдамалы: І том. Өлеңдер мен балладалар.- Алматы: Жазушы, 1980.- 328 б.
Ибраһим Е. Таңдамалы: ІІ том. Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1980.- 288 б.
Ибраһим Е. Тартымды еңбек: /Ж.Бектұровтың «Жол жоралғысы» атты кітабы туралы./ // Орт.Қазақстан.-1978.- 29 наурыз
Ибраһим Е. Теміртау толғауы: Поэмалар мен Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1987.- 120 б.
Ибраһим Е. Ұлы бастама // Орт. Қазақстан.- 1980.- 20 қаңтар
Ол туралы әдебиттер:
Ақын Еркеш Ибраһим 50 жаста. // Шұғыла.- 1980.- 29 қараша
Ақынға құрмет: /Е.Ибраһимнің 50 жасқа толуы жайлы фоторепортаж/ // Орт.Қазақстан.- 1980.- 26 қараша
Ахметов Ө. Замандас туралы толғау: /Е.Ибраһимнің кітабы «Теміртау толғауы» жайлы./ // Орт.Қазақстан.- 1979.- 18 мамыр.
Әдеби Қарағанды: Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова.- Қарағанды: б.ж., 2000.- 89 б.-(Облыстық кітапхана-өлкетану орталығы)
Баязитов С. Мазмұнды жырлар: /Е.Ибраһимнің «Махаббат» атты кітабына шолу./ // Орт.Қазақстан.- 1979.- 17 қараша
Бектұров Ж. Өмірге үндес: Еркеш ақын елуде. // Орт. Қазақстан.-1980.- 22 қар.
Ебекенов Еркеш // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 221 б.
Ебекенов Еркеш Қазақстан жазушылары XX ғасыр: анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 106 б.
Ебекенов Еркеш Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиографиялық анықтамалық / ред. Т. Рахимов.- Алматы: Жазушы, 1987.- 193 б.
Ерғалиев Ж. Жағада қалған жалғыз қайық // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 1-7 мамыр (№ 16-17). - 15 б.
Еркеш Ибраһим (1930-1986). Қазақ поэзиясының антологиясы: Жиырмасыншы ғасыр жырлайды // Егемен Қазақстан.- 2003.- 28 мамыр.-13 б.
Жойқынбектегi, Қ. Ақын өмiрiнiң беттерi: Естелiк-эссе // Азия Транзит.- 2002.- N4.-10-14 б.
Лұқпан Е. Ерен ақын Еркеш жырлары елiменбiрге жасап келедi десек те, оның есiмi ескерусiз қалып отыр: Е.Ибраһим туралы // Егемен Қазақстан.- 2000.- 8 желтоқсан, Орт. Қазақстан.- 2000.- 11 қазан. Азия Транзит.- 2002.- N4.-15-17 б.
Лұқпан Е. Еркештің Теміртау жырлары: ақын Е.Ибраһимнің туғанына - 75 жыл / Е.Лұқпан, А.Ақын // Орт.Қазақстан.- 2005.- 23 маусым.-13 б.
Лұқпан Е. Құрыш қала шежіресі: Теміртауға 60 жыл /Е.Лұқпан, А.Ақын // Теміртау.- 2005.- 2,9,16,30 маусым.-5 б.
Сағымбеков Р. Еркеш Ибраһим (Ебекенов). // Орт.Қазақстан.-1990.- 13,14 желт.
Сәулебеков А. «Есіңдеме Ер - ағаң?!» Ақын Е.Ибраһимнің 60 жылдығына. // Қарағанды жастары.- 1990.- 2 қар.
Сұлтанов Қ. Ақын Еркеш Ескерткіші: /Ақын Е.Ибраһимнің бейіті басында өткен митінгісі./ // Орт.Қазақстан.- 1989.- 8 маусым