Жылқыбай Нұрбекұлы
Жезқазған облысы, Шет ауданына қарасты «Нұраталды» кеңшарында туған. Жастайынан әкесінен жетім қалған Жылқыбай шешесінің тәрбиесінде болады.
Бастауыш, орта білім алып, 1938-1940 жылдары Қарағанды мемлекеттік оқытушылар институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетінде оқиды. 1940-1944 жылдары Шет ауданы мектептерінде ұстаздық еткен. 1945 жылы «Советтік Қарағанды» газетінде әдеби қызметкер, кейін бөлім меңгерушісі болып қызмет істейді.
1947 жылы қазан айында Алматы қаласында өткен Қазақстан жас ақын-жазушыларының бірінші республикалық кеңесіне қатысады. Ол сол кеңесте өз өлеңдерімен көзге түсті. Сол жолы СССР Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданған.
Шығармалары кезінде республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жиі жаярияланып тұрды. Өлеңдері «Жастар даусы» жинағына (1949) енген.
«Отан махабаты» (1945), «Жиырма бес» (1945), «Менің қалам» (1947) поэмаларының авторы. Ж.Нұрбекұлы Сарыарқаның сұлу табиғатын, кенге бай өлкенің еңбек адамдарын сүйіспеншілікпен жырға қосты.
Әдебиеттер тізімі
Нұрбеков Жылқыбай // Қарағанды.Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 428 б.
Нұрбеков Жылқыбай // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 424 б.
Нұрбеков Жылқыбай //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 230 б.
Нұрбеков Жылқыбай //Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиографиялық анықтамалық / ред. Т. Рахимов.- Алматы: Жазушы, 1987.- 449 б.
Нұрбеков Жылқыбай // Шет ауданы: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы: ҚазАқпарат, 2013. - 283 б.
***
Жанғожин А. Майдан мен тылдың жауынгерлік сапында 40-жылдар // Орталық Қазақстан.- 2001.-13 маусым
Смағұлов Ғ. "Жырыммен жеңісті шындадым" // Орталық Қазақстан.- 2002.- 8 мамыр
Смағұлов Ғ. Көңілі күйге, көкірегі жырға толы еді // Орталық Қазақстан.- 2004.- 27 қаңтар.-6 б.