top of page
Қуандық Саденов.jpg

Қуандық Саденов

       Ақын, сазгер, журналист. 1961 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының «Бірлестік» колхозында (кейіннен «Жамшы» кеншарының бөлімшесі) дүниеге келген. 1984 жылдан Балқаш қаласында тұрады. 1985-1990 жылдары «Балқашты түстімет» Б құрылыс-жөндеу цехында ағаш шебері, 1991-1999 жылдар аралығында «Балқаш өңірі», 2000-2002 жылдары «Сырлас» газеттерінде еңбек еткен. Қазір «Пульс» газетінде қызмет жасайды. 2003 жылы Қарағанды қаласындағы «Арко» баспасынан «Жырлайды жүрек» өлеңдер жинағы, 2009 жылы «Құлық Жалаңтөс (Соқыр) батыр ұрпақтарының шежіресі» кітабы жарық көрген. Жиырмаға тарта әндердің авторы. 2011 жылы Алматыдағы «Меломан» фирмасынан «Алтын анам» деп аталатын алғашқы аудиоальбомы жарыққа шықты. 1987 жылы «Халық шығармашылыѓының бүкілодақтық II фестивалінің лауреаты» төсбелгісімен, 1989 жылы Жезқазған қаласында өткен облыстық «Байқоңыр даусы», 1990 жылы облыстық «Ұлытау үні» фестивальдерінің, 1989 жылы желтоқсан айында Шымкентте өткен Орта Азия мен Қазақстанның жанұялық ансамбльдері фестивалінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 1998 жылы Балқаш қаласында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған қалалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері.

Әдебиеттер тізімі

Саденов Қ Жырлайды жүрек. өлеңдер мен әндер. –Қарағанды, 2003-60 бет.

bottom of page