top of page
Ысқақов Бүркіт.jpg

Бүркіт Ысқаков

    Бүркіт Ысқақов 1924 жылы 4 қарашада Қарағанды облысының, Нұра ауданына қарасты «Көкмөлдір» деген жерде туған. Ол жастайынан қиялшыл, арманшыл болған екен. Зерек жас ел аузындағы қисса дастандарды зейін қоя тыңдап, жаттап алып жүреді. Соның әсері болса керек, кейін өзі де өлең шығара бастайды. Оның ең алғашқы өлеңі «Ана туралы жыр» деп аталады. Одан соң «Қарағанды комсомолы» газетінде әр түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері жарық көре бастайды. Сондай өлеңдерінің бірі ақынның туған жерге арнаған «Көкмөлдір» деген жыры.

     Б.Ысқақовтың шығармашылық өмірге кең құлаш ұруы 1940 жылы Қарағанды мұғалімдер институтына түсуінен басталады. Сол жылдары жазған өлеңдері «Советтік Қарағанды», «Қарағанды комсомолы» газеттерінде үзбей жарияланып тұрады да, оқуын бітірген соң 1942 жылы «Советтік Карағанды» газетіне қызметке келеді. Сол жылы әскерге алынып, соғысқа аттанады.

     1946 жылы еліне жеңіспен оралған жауынгер ақын еңбек жолын бұрынғы өзі істеген газетте жалғастырады да, көп ұзамай, Алматыға барып, «Пионер», «Білім және еңбек» журналында, «Лениншіл жас» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады.

      1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, Ғылым Академиясының аспиратурасына түседі.

      Бүркіт Ысқақов саяси көзқарасы үшін қудалауға ұшырады. Айыптау үкіметінде Б.Ысқақовтың ертеректе «Жас қалам» үйірмесі мен «ЕСЕП-ке» (елін сүйген ерлер партиясы) қатысына қосымша, «Үндістан» деген өлеңді С.Сейфуллиннің «Азия», І.Жансүгіровтың «Гималай» өлеңдеріне еліктеп жазғансың деп кінәлаған. Содан 1951 жылы жаппай қуғын-сүргін тұсында «Үкіметке қарсы үгіт жүргізіп жүр» деген жаламен жазықсыз жазаланып, 25 жылға бас еркінен айырылады. Сөйтіп 27 жасар жігіт 30 жылдық жазаны арқалап кете барады.

     Лагерьде, тозақ отының төрінде жер қазып, шаң жұтып, шаршап–шалдығып, титықтап жүрсе де өлеңді қоймайды, өлең-жыр өңешінен түйдік-түйдік құйылды. Ол қазақ поэзиясында «Тұтқын жыры», «Лагерьдегі өлеңдер» деп аталатын поэзияның жаңа түрін бастады. Ұлы соғыстың оты мен суығынан аман оралған ақын қапаста көрген қайғы-қасіретін бүркемей, бүкіл үнімен шырқап жүрді. «Тас өзеннің ызғары» өлеңдер циклі оқырманның ойынан шыққан дүние. Ақылды ағамыз, академик М.Қаратаевтың «Ақындарымыздың абақтыда отырып жазған өлеңдері бізге жеткен жоқ, сол олқылықтың орнын олардың ақын ұрпағы – Б.Ысқақовтың жырлары торлтырғандай. Оның бұл өлеңдерінен Сәкеннің сыры, Бейімбеттің мұңы, Ілиястың үні естілгендей болады» деуі тегін емес.

    Қапаста бес жыл қасірет шеккен Б.Ысқақов КСРО Жоғарғы сотының 1956 жылы 20 қарашадағы қаулысы бойынша толық ақталып, еркін өмірге оралды да, сүйікті кәсібін жалғастырды. Журналистика, әдебиет, ғылым саласында жемісті қызмет атқарды. Қазақ СССР Ғылым Академиясының М.О.Ауезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, 1991 жылы дүниеден өткенге шейін ұзақ жылдар еңбек етті.

      Ақынның шығармалары 1938 жылдан бастады. Тұңғыш өлеңдер жинағы – «Сенің Отаның» 1958 жылы шықты. Қарағандылықтардың еңбектегі ерлігі жырланатын «Москваны тыңдаймын», «Жылдар жырлайды», «Шабыт шуағы», «Әлемнің әлегі», «Өлеңді жылдар», «Шындық дауысы» атты поэзиялық жинақтардың, «Қазыналы Қарағанды», «Арқаның алып жүрегі», «Нұрлы Нұра бойында» көркем очерктердің авторы Б.Ысқақов аудармашы ретінде де белгілі. Ол А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, В.В.Маяковский, И.Франко, Н.Хикмет, С.Вургун тағы да басқа авторлардың шығармаларын қазақ тіліне аудыруға қатысқан.

    Ал, әдеби зерттеу саласында «Қазақ–татар әдеби байланысы», «Қазақ-башқұрт әдебиет қатынастары тарихынан» атты монографиялардың авторы. Оның құрастыруымен «Орта Азия Қазақстанның ұлы ғалымдары» атты көлемді кітап жарық көрді.

    Бүркіт Ысқақов Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысы орденінің, көптеген жауынгерлік медальдардың иегері болып, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

    1991 жылы қайтыс болды.

Әдебиеттер тізімі

Ысқақов Б. Әлемнің әлегі: Мектеп сахнасына лайқталған бір актілі пьесалар мен ән-өлеңдер.- Алматы: Өнер, 1987.- 120 б.

Ысқақов Б. Қарлығаштың құйрығы неге айыр // Қазақ балалар поэмасының антологиясы / құраст. Г. Қажыбаева. - Алматы : Арда, 2011. - 128 б.

Ысқақов Б. Өлеңді жырлар: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1988.- 144 б.

Ысқақов Б. Халық ақындармен әңгімелескенде // Ақындар жыры: қазіргі халық поэзиясы. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963. – 178-185 б.

Ысқақов Б. Шабыт шуағы: Өлеңдер, поэма.- Алматы: Жазушы, 1984.- 88 б.

Ысқақов Б. Шығармалары.- Астана: Фолиант, 2014.- 304 б.

Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары /Құр. Б.Ысқақов.- Алматы: Қазмембас, 1964.- 302 б.

Шындық дауысы /Ж.Сыздықов, Ш.Мусин, Н.Ахметбеков, Б.Ысқақов.- Алматы: Жазушы, 1990.- 248 б.

Лермонтов Ю. «Жыла! Жыла! «Израильдің ұрпағы…» /Ауд. Б.Ысқақов // Таңдамалы. Екі томдық. Өлеңдер, шағын поэмалар. Т. 1.- Алматы, 1977.- 315 б.

Пушкин А. Алдаса егер сені өмір: Өлең /Ауд. Б.Ысқақов // Таңдамалы шығармалар. Т. 1.- Алматы, 1975.- 132 б.

 

***

Ысқақов Б. Агроном // Социалистік Қазақстан. - 1950. - 16 июль (№ 154). - 3 б.

Ысқақов Б. Ағартушы ақын: /Ақмоланың туғанына 150 жыл толуына/ Орталық Қазақстан.- 1981.- 5 қар.

Ысқақов Б. Батыр мен ер // Әдебиет және искусство. - 1948. - № 9. - 50 б.

Ысқақов Б. Батыр мен ер // Социалистік Қазақстан. - 1948. - 18 авг. (№ 164). - 3 б.

Ысқақов Б.  Бесжылдықтың перзенті // Әдебиет және искусство. - 1949. - № 1. - 45 б.

Ысқақов Б. Жар жыры  // Лениншіл жас. - 1947. - 15 янв. (№ 5). - 4 б.

Ысқақов Б. Жас шахтер // Лениншіл жас. - 1949. - 7 окт. (№ 94). - 3 б.

Ысқақов Б. Жұлдыз // Социалистік Қазақстан. - 1949. - 10 май (№ 90). - 4 б.

Ысқақов Б. Комсомол билеті // Социалистік Қазақстан. - 1948. - 29 окт. (№ 215). - 3 б.

Ысқақов Б. Көк мөлдір // Советтік Қарағанды. - 1962. - 8 август (№ 187). - 3 б.

Ысқақов Б. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер: Тағдыр // Орталық Қазақстан.- 1989.- 13, 14, 15, 17 қаз.

Ысқақов Б. Қанатты қиял // Социалистік Қазақстан. - 1949. - 17 июль (№ 138). - 2 б.

Ысқақов Б. Қарлагтан – Степлагқа // Орталық Қазақстан.- 1990.- 4, 5, 6, 7, 8 сәуір

Ысқақов Б. Қос жұлдыз // Әдебиет және искусство. - 1949. - № 4. - 60 б.

Ысқақов Б. Менің қалам: /Қарағандының тарихы/ // Орталық Қазақстан.- 1989.- 11, 12 қаңт.

Ысқақов Б. Нақақ тұтқынның наразылығы: Өлеңдер // Орталық Қазақстан.- 1994.- 5 қар.

Ысқақов Б. Октябрь құрдасы // Социалистік Қазақстан. - 1947. - 22 окт. (№ 208). - 3 б.

Ысқақов Б. Совет танкі // Социалистік Қазақстан. - 1950. - 10 сент. (№ 202). - 3 б.

Ысқақов Б. Соғыс құмарларға // Лениншіл жас. - 1950. - 1 май (№ 52). - 2 б.

Ысқақов Б. Халық ақыны Қайып: Қ.Айнабековтің туғанына 105 жыл // Орталық Қазақстан. - 1990. - 1 қараша.

Ысқақов Б. Арман // Жаңа жол.-1991.- 2 наурыз

 

Б. Ысқақов туралы:

 

Әдеби Қарағанды: Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова.- Қарағанды: б.ж., 2000.- 89 б.-(Облыстық кітапхана-өлкетану орталығы)

Әлімбаев Д. Кенші жыры: өлеңдер, толғаулар, ертегі, айтыстар / Әлімбаев, Д.; құраст. С.Негимов, Б.Ысқақов.- Алматы: Жазушы, 1986.- 136 б.: сур.

Қапаста жазылған хаттар: Жала құрбандарының жырлары / Ред. Е.Дүйсенбаев.- Алматы: Жалын, 1992.- 150 б.

Ысқақов Бүркіт // Қазақстан жазушылары: анықтамалық: 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы: Ан Арыс, 2009. - 445 б.

Ысқақов Бүркіт // Қарағанды. Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 602 б.

Ысқақов Бүркіт // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық.- Алматы, 1987.- 713-714 б.

Ысқақов Бүркіт //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 561 б.

 

***

Азаттықты аңсаған // Нұра.- Киевка, 2008.- 12 қаңтар

Ахметов Д. Азаттықты аңсаған: /Ақын Б.Ысқақовтың өлеңдері/ // Нұра.- 1999.- 25 желт.

Әкімбекқызы Ә.  Нұра ауданының 80 жылдығына арналады // Нұра. - 2008. - 22 наурыз (№ 12). - 3 б.

Әскеев М.  Дарынды ақын // Жаңа жол. - 1993. - 24 шілде. - 3  б.

Әсіпұлы С. Елін сүйген ердің ізі: ақын, филология ғылымының кандидаты Бүркіт Ысқақов /Егемен Қазақстан.- 2005.- 1 ақпан.-5 б.

Жанғожин А Майдан мен тылдың жауынгерлік сапында 40-жылдар: "Орталық Қазақстан" газетіне-70 жыл // Орталық Қазақстан.- 2001.-13 маусым

Жанысбай С. Шындық үшін шырылдаған // Орталық Қазақстан.- 1994.- 17 қараша – 2 б.

Имаш Е. Жүрген жерінде ізі қалған // Орталық Қазақстан.- 2002.- 19 маусым

Лұқпан Е. Ғабиденнен Ғаббасқа дейін  // Орталық Қазақстан.- 2006.- 2,9,10,12,19,26,30 қыркүйек.-3 б.

Құдышұлы О. Азап шеккен азаматтар: /А.Нәрешев, Р.Нәрешев, Б.Ысқақов, М.Теміров, М.Азанбаев, Ж.Қалиевтер туралы/ // Орталық Қазақстан.- 1989.- 12 ақпан

Құдышұлы О. Азаттықты аңсап өткен азамат // Орталық Қазақстан.- 1994.- 5 қараша

Құдышұлы О. Қиядан қарайтын қыран еді // Орталық Қазақстан.- 1999.- 5 қараша. – 8 б.

Өмірбекұлы Ж. Қайсар ақын, тынымсыз ғалым // Орталық Қазақстан.- 1994.- 10 желтоқсан

Өмірбек Ж.  Шындық үшін шырылдаған // Орталық Қазақстан. - 1994. - 10 желтоқсан

Сәулебекова А. Нұралық ақиық ақын // Нұра.- 1999.- 4 желтоқсан

Темірұлы М. Ақын, ғалым Бүркіт Ысқақовты еске алу кеші // Нұра.- Киевка, 2006.- 11 қараша

Темірұлы А. Азаттық аңсап азап шеккендер // Азия транзит. - 2006. - № 9/10. - 49-53 б.

Темірұлы М. Алаш идеясы және "Есеп" партиясы: Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі М.Темірұлымен сұхбат / сұхбаттасқан Е.Смайыл // Егемен Қазақстан. - 2011. - 23 ақпан (№ 55/58). - 6 б.

Темірұлы М. Елім деп еңіреп туған ер еді // Орт.Қазақстан.- 2004.- 6 қараша.-8 б., Азия Транзит.- Қарағaнды, 2004.- N10-11.-30-33 б.

Темірұлы М. Елі үшін туған ер еді. // Орталық Қазақстан.- 2001.-27 қаңтар

Ысқақов, Б. Көңілден күлкі қашқан заман/ Б. Ысқақов // Парасат.-1971., поэма / Б. Ысқақов.- Алматы: Жазушы, 1984.- 85 бет.

Мерзімді басылым беттерінде жарық көрген шығармалары:

Ысқақов, Б. Қош, Алматым! / Б. Ысқақов // Жаңа жол.-1991.- 2 наурыз.

Ысқақов, Б. Өзіміздің туыстан / Б. Ысқақов // Жаңа жол.-1991.- 2 наурыз.

Ысқақов, Б. Жұртыма деген махаббат / Б. Ысқақов // Жаңа жол.-1991.- 2 наурыз.

Ысқақов, Б. Достарға сөз / Б. Ысқақов // Жаңа жол.-1991.- 2 наурыз.

Ысқақов, Б. Қинайды солар жанымды / Б. Ысқақов // Жаңа жол.-1991.- 2 наурыз.

Ысқақов, Б. Жарыма хат / Б. Ысқақов // Жаңа жол.-1991.- 2 наурыз.

Ысқақов, Б. Қайран Нұра / Б. Ысқақов // Жаңа жол.-1991.- 2 наурыз.

Ысқақов, Б. Болар бірақ бір реті... / Б. Ысқақов // Жаңа жол.-1991.- 2 наурыз.

 

Өмірі мен шығармашылығы туралы мақала, деректер:

Әжмағанбетова, Г. Ақиық ақын / Г. Әжмағанбетова // Нұра.-1994.-3 қыркүйек.

Білгішбайқызы, Ш. Ұлтымызға мәртебе, ұрпаққа өнеге // Нұра.-2003.-3 мамыр.

Мұстафина, С. Белгілі ақын, әдебиетші ғалым Бүркіт Ысқақовқа  90-жыл / С. Мұстафина // Нұра.-2004.-23 тамыз.-5 б.

Құдышұлы О. Қиядан қарайтын қыран еді // Орталық Қазақстан.- 1999.- 5 қараша. – 8 б.

Сәулебекова, А. Нұралық ақиық ақын / А. Сәулебекова// Нұра.-1999.- 4 желт.

Темірұлы, М. Арман мен азап.Естелік / М. Темірұлы // Алматы: Санат.-1998.-160 б.

Темірұлы, М. Елім деп еңіреп туған ер еді / М. Темірұлы//Нұра. – 2008.- 21 маусым. 

 

***

Ибрагимова, А. Поэт и гражданин / А. Ибрагимова // Индустральная Караганда.-2005.-20 января.

Лазаренко, С. Акын, ученый, гражданин / С. Лазаренко // Нұра.-2004.-11 дек.

bottom of page