Ерубаев Саттар
Саттар Асқарұлы Ерубаев қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданында 1914 жылы дүниеге келген. С. Ерубаев Түркістандағы бастауыш мектепте оқиды. Мұны бітіргеннен соң жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап шығады.
1930-шы жылы Саттардың белсенді комсомол мүшесі және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі. Сол жылы ол Қазақстан оқу Комиссариатының арнайы жолдамасымен Ленинград тарих, философия және лингвистика институтына түседі.
Институтты Саттар 1933 жылы үздік бағамен бітіріп шықты. Ол дипломдық жұмысын өте жақсы қорғайды және және осы еңбегі үшін бәйге алады. Сөйтіп, бұл жұмыс баспасөз бетінде жариялансын деген қаулы шығарылады. Ұстаздарының ұсыныстары бойынша С.Ерубаев аспирантураға қалдырылған екен. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап, С.Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады. Осыған байланысты Саттар, оқуын қалдырып, елге оралады.
Алматыда Саттар 1933-1934 жылдары «Ленинская смена» газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, «Лениншіл жас» газеті редакторы; мәдениетте 1934 жылы бірер ай музыка театрының директоры; білім беру саласында 1933-1934 жылдары Жоғары ауыл шаруашылық мектебінде философия кафедрасының ұстазы қызметтер атқарды.
Қазақстан өлкелік партия комитетінің «Қарағанды полетариаты» газетінің жауапты редакторының орынбасары болып істейді. Қаламы ұшқыр, пікірі таза, дарынды қаламгер С.Ерубаев сол кезде Қазақстан Жазушылар одағының бірінші сьезіне қатысып, одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі болды.
1935 жылдың жазында С.Ерубаев Ленинград университетінің аспирантурасына түседі. Бірақ мендеп кеткен өкпе ауруы оған бар болғаны бір-ақ жыл оқуға мүмкіндік береді. Осыдан соң Саттар Алматыға қайтуға мәжбүр болады. Мұнда ол 1936-1937 жылдары Қазақстан педагогикалық институтына қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясынан лекциялар окиды.
Бірақ бойын әбден мендеп алған ауыр дерт Саттарды 1937 жылдың екінші маусымында Алматы қаласындағы Турксиб ауруханасында көз жұмғызды. Онда ол бар болғаны 24 жаста еді.
С.Ерубаев әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндеп, жарқырап кірді. Ол астанадағы зиялы қауымды жан-жақты біліммен, журналистика саласындағы білікті ізденістермен әдебиеттегі жаңашыл сыни ой-пікірмен, жаңаша жазылған өлең, баллада, пародиялырымен елең еткізді.
С.Ерубаев 1934 жылы Қарағандыға, қайнаған еңбек ортасына келгеніне қатты қуанған. Сол тұста жазған бір күнделігінде Саттар: «Мен Қарағандыға ризамын, ол мені жазушы етіп шығаратын болды!» депті. Қарағанды оны жазушы етіп шығарды. Саттар әдебиет сүйер қауымға мәлім «Менің құрдастарым» ромнын дәл осы кезде жаза бастаған еді. Бұл роман қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдарғы Қарағанды сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен, алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды.
Қарағандыда болған кезінде С.Ерубаев басқа да көптеген новеллалар, балладалар, өлеңдер, очерктер, сын мақалалар жазады. Оның қаламынан «Бақыт», «Мәңгілік өмір», «Өмір көркемдігі», «Келесі соғыс туралы» новеллалары, «Өмір туралы рапорт», «Үш шахтер туралы баллада», «Меруерт алқа» тәрізді балладалары, алуан өлеңдері мен сын мақалалары, очерктері мен эпиграммалары өзіндік өзгеше үнімен, жүрек жарды лебімен, мөлдір сыршылдығымен, қалтқысыз шыншылдығымен қазір де қайран қалдырады.
Аяқталмаған «Менің құрдастарым» романы бүгінгі күні де халқымыз сүйіп оқитын жаңашыл мәңгі жас шығарма.
Саттар шығармаларынан рухани нәр ғана емес, Саттардың өзі жайында да көп мағұлмат табуға болады.
С.Ерубаев М.Жанғожинмен бірігіп мектеп оқушыларына арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясын құрастырды. Сонымен қоса аудармашылықпен де шұғылданған. Ол К.Чуковскийдің, Ю.Березиннің, А.Суриковтың, И.Эренбургтің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1966 жылы Саттар Ерубаевқа Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық берілді. Түркістан қаласында Саттар мұражайы бар. Қарағандыда Саттар Ерубаевтың аты мектепке, үлкен көшелердің біріне берілді.
Әдебиеттер тізімі
Ерубаев С. Мәңгілік өмір // Октябрь нұры: Публицистика.- Алматы, 1988.-3-15 б.
Ерубаев С. Менің құрдастарым: Шығармалары.- Алматы: Жалын, 1979.- 534 б.
Ерубаев С. Менің құрдастарым: Роман. Алматы: Атамұра, 2003.- 176 б.
Ерубаев С. Менің құрдастарым: роман- Алматы : Өнер, 2010. - 446 б.
Ерубаев С. Шығармалары.- Алматы: ҚМКӘБ, 1957.- 496 б.
***
Ерубаев С. А. Мәңгілік өмір туралы жыр: Саттар Ерубаевқа 80 жыл // Жас қазақ. - 1994 . - №15-16 (қазан). - 1,3 б.
С.А.Ерубаев туралы:
Әдеби Қарағанды: библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова. - Қарағанды : б.ж., 2000. - 89 б.
Әдібаев Х. Уақыт және суреткер. - Алматы: Жазушы, 1967. - 225 б.
Бақытқа іңкәр адам: /С.Ерубаев туралы коллективтік портрет/ // Керейқұлов Қ. Теңізге түскен Желқайық.- Алматы, 1991- 121-128 б.
Бердібаев Р Жаңа адам тұлғасы // Роман және заман.- Алматы, 1967.- 43-62 б.
Бердібаев Р. Биік парыз. - Алматы : Жазушы, 1980. - 236 б.
Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. - Астана: Таным, 2003. - 360 б.
Ерубаев Саттар // Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. 4 том.- Алматы, 1989.- 234-235 б.
Ерубаев Саттар // Қарағанды. Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 184 б.
Ерубаев Саттар // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 231 б.
Кәкішев Т. Дәуір суреттері [монографиялық этюдтер]. - Алматы : Жазушы, 1967. - 172 б.
Кәкішев Т. Жастық жыршысы // Дәуір дидары: Қазақ совет әдебиетінің мәселелері.- Алматы: Жазушы, 1985.- 226-241 б.
Кәкішев Т. Саттар Ерубаев // Қазақ совет әдебиетінің мәселелері.- Алматы, 1957.- 151-170 б.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы: жоғары оқу орындары мен педучилищ. арн. / құраст. Ш. Ахметов. - Алматы: Мектеп, 1980. - 358 б.
Қаратаев М. Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы / М. Қаратаев; ред. М. Дүйсенов. - Алматы: Ғылым, 1965. - 407 б.
Қаратаев М. Саттармен ұшырасқан сәттер // Көргенім мен көңілдегім.- Алматы, 1982.- 135-140 б.
Қирабаев С. Өрлеу жолында: әдеби-сын мақалалар. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1960. - 290 б.
Қирабаев С. Саттар Ерубаев // Шындық пен шығарма: Сын мақалалар. Зерттеулер, портреттер.- Алматы, 1981.- 137-149 б.
Ләмбеков С. Жастар құрдасы: /С.Ерубаевқа арналған өлең/ // Тарту: Өлеңдер жинағы.- Қарағанды, 1958.- 38-39 б.
Мырзалиев Қ. Саттар Ерубаев // Үш томдық шығармалар жинағы. Т.1: Өлеңдер жинағы.- Алматы, 1989.- 294-295 б.
Образ жасаудағы ізденістер // Дәстүр және жаңашылдық.- Алматы, 1980.- 236-277 б.
Орталық Қазақстан. Бұрын, кеше және бүгін: ақпараттық анықтамалық / құраст. А. Жанғожин. - Қарағанды: Арко, 2011. - 71 б.
Очерктер, әдеби сын мақалалар. - Алматы: Жазушы, 1975. - 297 б.
Өлеңдер мен поэмалар / құраст.: Ж. Өмірбеков, К. Ұзақбаева, Ахметова К. - Алматы: Жазушы, 1972. - 294 б.
Райымбеков Ә. Қазақ поэзиясындағы жұмысшы образы. - Алматы: Жазушы, 1971
Саттар Ерубаев // Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы, 1987.- 209-210 б.
Сұлтанбаева Г. Саттар Ерубаев – журналист, публицист: Автореферат.- Алматы, 1998.-23 б.
Хасенов М. Ұнамды образ және типтендіру. - Алматы : Ғылым, 1965. - 279 б.
Шілтерханов Ә. Саттар туралы сыр // Үш бәйтерек: Естелік, эссе.- Алматы, 1988.- 109-191 б
***
Алтынбекова Р. Өнерлі гүл ашқанда..: С.Ерубаевтың туғанына 80 жыл // Халық кеңесі.- 1994.- 14 қазан
Әбсаттар М. Саттарға сенбейміз бе? // Ақжол Қазақстан.- Алматы, 2004.- 20 ақпан(N7).-11 б.
Әймен И. Мәңгілік өмір туралы жыр: Саттар Ерубаевтың рухы алдында // Егемен Қазақстан.- 2004.- 19 маусым.-5 б.
Әліпов М. "Саттар" деп соқсын жүрегім // Жас қазақ. - 1994 . - №15-16 (қазан). - 3 б.
Бегманов Қ. "Саттар - рухани ұстазым" // Жас қазақ. - 1994 . - №15-16 (қазан). - 4 б.
Бексейіт С. Жасын ғұмыр-маздақ жыр // Замандас.- 1994.- 28 қаңт.
Досымбекқызы Ф. “Өмір деген өксігімді баса алмаған жан едім” // Өркен.- 1994.- №26 (шілде)
Ерғобек Қ. Жиырма үш жыл ғұмыр: /Саттар туралы толғаныс/ // Қазақ әдебиеті.- 1994.- №39 (қырк.)
Ермекбаев Т. Саттар сүйген сұлу // Қазақ әдебиеті. - 1992. - 31 қаңтар.
Ерімбетов Б. “Өмірімнің өзі бақыт” // Қазақ әдебиеті.- 1989.- 28 шілде
Жанғожин А. Бассейнмен бірге өскен басылым: 30 жылдар: Орталық Қазақстан газетіне - 70 жыл /А.Жанғожин, Е.Лұқпан // Орталық Қазақстан.-2001.- 1 мамыр
Жанғожин А. Саттар көшесінің мерекесі: Жазушының 90 жылдық мерейтойына арналады /А.Жанғожин, Е.Лұқпан // Орталық Қазақстан.- 2004.- 2 наурыз.-9 б.
Жандыбаев Ғ. Саттарды ауызға алмай, Сартрды қыстыра кету әдеті: ақын Ғ. Жандыбаевпен әңгіме / әңгімелескен А. Ашанова // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 5-11 сәуір (№ 14). - 1, 3 б.
Жұмабаев Ә. Дәуір перзенті // Социалистік Қазақстан.- 1958.- 9 қаңтар
Жұмашев А. Жолғалған жыр дәптері: С.Ерубаевтың туғанына-80 жыл // Орталық Қазақстан.- 1994.- 10 наур.
Исабеков Д. Саттар жұлдызының сәулесі // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 15 қазан. - 11 б.
Кәкішев Т. Қарағандыда қанаттанған дарын // Орталық Қазақстан.- 1974.- 27 тамыз
Кәкішев Т. С.Ерубаевтың әдеби мұрасы // Әдебиет және искусство.- 1957.- №2.- 115-120 б.
Кәкішев Т. Саттар Ерубаевтың әдеби мұрасы: Қазақ әдебиетін зерттеу мәселесі // Қазақ әдебиеті.- 1955.- 3 маус.
Керейқұлов Қ. Бақытқа іңкәр адам // Лениншіл жас.- 1984.- 14 қырк.
Қабанбай М. Саттар: Эссе // Ана тілі.- 1994.- №5 (ақпан)
Қожабеков Р. Қарағандыға қанаттанған қыран // Орталық Қазақстан.- 1989.- 30 шілде
Қойшыбаев Б. Тағы да Саттар жайында // Қазақ әдебиеті. - 1980. - 18 июль (№ 29). - 12 б.
Қойшыбарұрпағы Б. Мәңгілік мұрат // Егемен Қазақстан.- 1994.- 3 ақпан
Лұқпан Е. Ғабиденнен Ғаббасқа дейін: Орталық Қазақстан 75 жыл // Орталық Қазақстан. - 2006. - 20,25 мамыр, 8,24 маусым. - 3,5 б.
Лұқпан Е. Саттар қанаттанған қала // Орталық Қазақстан. - 2004. - 17, 19 ақпан. - 7 б.
Мансұр Т. Саттардың қарындасы: Ф.Қожымованың естеліктері // Орталық Қазақстан.- 1993.- 19 мамыр
Мансұрұлы Т. Саттардың салтанаты: С.Ерубаевтың туғанына-80 жыл // Орталық Қазақстан.- 1994.- 13 қазан
Мәңгілік жыршысы // Қазақ әдебиеті.- 1984.- 14 қырк.
Мұқатов Ғ. Саттар – ұлкен ой – талап иесі еді // Лениншіл жас.- 1957.- 26 қаңт.
Орынбекұлы М. Қ. Мәңгі жас, мәңгі замандас // Жас қазақ. - 1994 . - №15-16 (қазан). - 5 б.
Парменқұл С. Мәңгілік өмір: /С.Ерубаев туралы сыр/ // Жас алаш.- 1994.- 6 қазан
Райымбекұлы М. О дүниеге хат //Қазақ әдебиеті.- Алматы, 2004.- 27 тамыз. -4 б.
Садықов Қ. Біздің Саттар // Орталық Қазақстан.- 1974.- 27 тамыз
Саттарға саяхат // Қазақ әдебиеті.- 1994.- №8
Сәулебектегі А. Саттар ақын ғашық болған ару: М.Нұрланқызы 85 жасқа толып отыр // Азия Транзит. - 2000 . - N4. - 45 б.
Сеитов С. Әдебиетімізде жастар бейнесі // Әдебиет және искусство. - 1949. - № 1. - 63 б.
Смағұлов Ғ. Жыр арқауы - Қарағанды // Орталық Қазақстан. - 2002. - 6 ақпан. - 8 б.
Шәкіров С. Саттар және оның Қарағандылық замандастары: /С.Ерубаевтың туғанына-80 жыл/ // Орталық Қазақстан.- 1998.- 26 шілде