top of page
Теміров Махмет.jpg

Махмет Теміров

    1923 жылы Амантауда дүниеге келген. Бес жасында байларды тәлкілей бастаған кезде әкесі көшіп Ұлыкөл, Қарағандыны бетке алып, осы балықшы өңіріне келіпті. Малды ортаққа алған сон әйгілі колхоздастыру әуелі малға, сонан соң жанға қырғын әкелді. Жаңаарқадан аштыққа ұшырағандар келе бастайды.1932 жылы Балықшыға дейін аштықтан қырылған  халықты көзбен көреді. Жолшыбай көмілмей жер үстінде қалған қарға құзғынға жем болғаны Ахаңның өміріне мөр салғандай болады. 1941-1946 жылдарға дейін соғыста қан кешкен кездері болды. Азапты күндерді бірге кешкен Бүркіт Ысқақов екеуінің жұбы жазылмай, бірге өсіп,өмірдің ащысы мен тәттісін бірге бөліскені аян. Екеуі Қарағанды мұғалімдер институтына бірге түседі. 1946 жылы университеттің 3 курсына алады. Келесі жылы оқуларын бітіріп,журналдарда жұмыс істейді. Қырқыншы жылдардың орта шеңінде бір топ жастар ЕСЕП - елін сүйген ерлер партиясын ұйымдастырған. Соның ішінде кейін  белгілі ақын, ғалым болған Бүркіт Ысқақовпен бірге жас өрім Махмет те болды.

     1950 жылдың желтоқсанында «Правда» газетінде Шойынбаев, Айдарова және Якуниндердің «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік–лениндік тұрғыдан баяндайық» деген мақаласы жарияланды. Мақалада Ермұқан Бекмахановтың «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген кітабы қатты сыналған. Бұл мақаланы оқыған Махмет: «Қазақстанның келешегі зор жас ғалымдарының бірі Е.Бекмахановқа күйе жағу не деген сұмдық, өскенін өшіргісі келіп тұратын күншілдікті бұл қазақ қашан қояды?...»- деп ызаға булығып,ашына айыптаған болатын.  Міне, осындай үгіті мен өткір пікірі үшін  ақын жерлесімізді 1951 жылдың 18 қаңтарында оған «халық жауы» деген айып тағылып, қамауға алынған.

     1951 жылдың 14-15 маусымында ЕСЕП тобын Бүркіт Ысқақов, Рамазан, Айтбай Нарешевтермен бірге  Қазақ КСР Жоғарғы соты РСФСР қылмысты істер кодексінің 11 тармағымен 25 жылға сотталып, қосымша 5 жылға азаматтық құқығынан айрылды. ЕСЕП ұйымының арманы - қазақ елінің басқалармен терезесі тең, адамдарының бақытты болуы еді. Сол бір елін сүйгені үшін халқының ар –намысын, қасіретті халін жеңілдетуді армандаған үшін «халық жауы» атанды. Темір Махметұлы әкеден жалғыз еді. Темірдің ұрпағы өшетін болды,-деп ойлады Темір ағай. Өзіне кесілген әділетсіз жазаны ол Сібірде өткерді, ауыр жұмыстар атқарды. Сібірдің сықырлаған сары аязында, адам төзгісіз жұмыстан талай азамат құрбан болды. Қаһарлы Сталин өлгеннен кейінгі «жылымық» жылдары жас жігіттің тағдырын күрт өзгертті.

     1956 жылдың тамызында лагерден босатылды. Еліне аман – есен оралған соң М.Темірұлы 1956 жылдан былай қарай зейнеткерлікке шыққанша Нұра ауданының Көбетей ауылындағы орта мектепте ағылшын, неміс тілдерінен дәріс берді. Махмет Темірұлының шығармашылық еңбегі 1987 жылы басталды. Кеш бастаған себебі ол аңдуда болды. Кейін де әбден ақталып қолына қалам алып, жазуға отырған Махмет Темірұлы ештеңеден құр қалмады. Оның жүрегін толқытқан ойлары, аңыз-толғау мысалдары, поэмалар мен дастандары аудандық, облыстық газеттерде,Қазақстан жазушыларының әдеби-көркем, қоғамдық саяси, аймақтық «Сарыарқа» журналында жарияланды. 1996,98,2000 жылдары үш бірдей кітабы: «Қилы кезеңдер» - дастандар мен поэмалар, «Арман мен азап»- естелік және «Қуан қазақ  азаттық алғанына» - өлеңдер жинағын жарыққа шығарды.

     2006 жылы Махмет Теміұлы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылданды.
Сібірдегі жан түршігерлік лагерь хикаясын ол өзінің «Арман мен азап» деген естелігінде баяндайды. Мұнда  біз бір ғана ақын  тағдыры емес, бүкіл қазақ елінің тағдырын, сол кезде опат болған бар халықтың тағдырын айнымай танимыз. Жалпы ақынның көп еңбегі сол азапты жылдарға арналған. Сонымен бірге халық тағдыры да, ақынның поэзиясынан берік орын алған. Әсіресе, 1932 жылғы ашаршылық, халық басына түскен нәубет ақынды қатты толғандырды. Қазақ еліндегі бұл қасірет, мешін жылы болған еді. Осы бір тарихта қалған күйзеліске ол «Мешкей мешін» деген поэмасын арнады.

     Ақын поэзиясының әлемі әр түрлі тақырыптарды қозғайды, оларға мән беріп, өзінің ой-пікірін қосады. Мысалы «Аққуды атқан- азалы» поэмасында Махмет Темірұлы шынайы махаббат пен достықты жырласа, « Жандар батыр» деген дастанында халық жанашыры Жандар ертедегі эпостардың бас кейіпкерлері тәрізді өзінің батылдық қасиетімен бейнеленіп, қалың жұрттың құрметіне бөленген.  Сонымен бірге «Аққуды атпас болар», «Тілеймін бақыт халқыма», «Кенейханның қайғысы» деген көлемді толғаулармен жұртшылық кенінен таныс. 
    Махмет Теміұлының лирикаға толы өлеңдері де баршылық. Олар: «Ауыл таңы», «Аққулы көлде», «Көбетей тойы» «Баянды бақыт қонсын қазағыма» «Көңіл күйлері». Өлеңдері тілге жеңіл, терең ойлы, тебіреніске толы шындықпен үндескен. Поэмаларында, толғауларында, лирикалық өлеңдерінде ақын халық поэзиясының жақсы үлгілерін дамыта түседі, ойлы сөздер,жаңа теңеулер қолданады. Талай өлеңдері мен поэмаларын қарша боратып жазушының өзі көпшіліктің көкейкесті арманымен сабақтасып жататыны бір ғанибет.

    Махмет Темірұлының оқытқан қаншама оқушылары қазір әр түрлі салаларда жемісті қызмет атқарып жүр, ал ұстаздық кәсібімен айналысып жүрген мұғалімдері де баршылық. Бұл да болса ұлағатты ұстаздың еңбегінің  мәуелі жемісі.

Махмет Темірұлы нұралықтарға, жалпы жыр сүйер қауымға кейінгі жылдар ішінде белгілі ақын ретінде танылды.

Әдебиеттер тізімі

Көңіл күмбірі: ұжымдық жинақ / Қарағанды облысының әкімдігі; құраст. Қ. Асанов. - Астана: Фолиант, 2014. - 396 б. - (Сарыарқа кітапханасы).

Темірұлы М.  Арман мен азап. - Алматы: Санат, 1998. - 160 б.

Темірұлы М.  Қуан қазақ азаттық алғаныңа. - Қарағанды: Санат, 2002. - 176 б.

Темірұлы М. Азаттық аңсап азап шеккендер. – Алматы: «Арыс», 2013.-240 бет.

 Темірұлы М. Қилы кезең: поэмалар, толғаулар, аңыз, дастан, жыр, мысалдар /М. Темірұлы.-Қарағанды: Экожан, 1998.- 264 бет.

***

Теміров М.  Алаш идеясының тәрбиелік мәні // Жаңа Сарыарқа. - 2009. - № 3. - 11-19 б.

Темірұлы М. "Алаш" идеясы және "Есеп" партиясы: жазушы М. Темірұлымен сұхбат  / сұхбаттасқан Е. Смайыл // Қазақстан ZАМАN. - 2016. - 17 наурыз (№ 11/12). - 14 б.

Теміров М. Аққуды атпас болар // Орталық Қазақстан.-1991.- №11.-3 б.

Теміров М. Арман мен аңсау әуендері // Жаңа жол.- 1993.-22 мамыр.

Теміров М. Жандар батыр // Орталық Қазақстан.-1992.- 1 ақпан.

Теміров М. Кенеханның қайғысы // Жаңа жол.- 1993.- 20 ақпан.-3 б.

Теміров М. Мешкей мешін // Орталық Қазақстан.-1990.- мамыр.

Теміров М.Ана тілінің жанашыры // Жаңа жол.-1993.- 11 мамыр.-2 б.

Темірұлы М.  Азаттық жемістері // Орталық Қазақстан. - 2013. - 30 қараша. - 4 б.

Темірұлы М. Азаттық жолында // Нұра.- 1997, Жаңа жол.- 1999.- 3 мамыр.

Темірұлы М. Азапты жылдардың әуендері // Нұра.- 2000.- 9 қыркүйек

Темірұлы М. Аққуды атқан азалы // Нұра.- 1994.- 13 қыркүйек.

Темірұлы М. "Алаш" идеясы және "Есеп" партиясы: жазушы М. Темірұлымен сұхбат  / сұхбаттасқан Е. Смайыл // Қазақстан ZАМАN. - 2016. - 17 наурыз (№ 11/12). - 14 б.

Темірұлы М. Алаштың ардағы // Жаңа жол.- 1993.- 3 сәуір.

Темірұлы М. Астана - алаш көркі  // Орталық Қазақстан. -2006. - 6 шілде.- 12 б., Нұра. - 2012. - 6 шілде (№ 26). - 3 б.

Темірұлы М.  Ауылдан ұшқан ақиық // Нұра. - 2010. - 27 наурыз (№ 13). - 2 б.

Темірұлы М. Батыр //Нұра.- 1996.- 2 қараша.

Темірұлы М. Баянды бақыт қонсын қазағыма // Нұра.- 1997.- 3 мамыр.

Темірұлы М. Жетім қалған жас бала // Нұра.- 1994.- 3 мамыр.

Темірұлы М.  Көкбие хикаясы // Нұра. - 2012. - 22 наурыз (№ 12). - 6 б.

Темірұлы М. Қуан қазақ азаттық алғаныңа! // Нұра.- 2001.- 20 қазан.

Темірұлы М.  Нұраның асыл ұлы - Жарылқасын Бикенов // Нұра. - 2013. - 6 сәуір. - 3 б.

 

М.Темірұлы туралы:

 

Махмет Темірұлы //Нұра ақындары: жинақ.- құраст. М. Темірұлы.- Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2008.- 162 бет.

Теміров Махмет //Нұра ауданының энциклопедиясы. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2007.- 118-119 б.

Темірұлы Махмет // Қазақстан жазушылары: анықтамалық: 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы: Ан Арыс, 2009. - 384 б.

 

***

 

Алибекова Г. Алаш асылдарын жырлаған ақын // Нұра. - 2013. - 12 қазан (№ 41). - 5 б.

Ахметов Д. ...Шаттанды еркіндікке елім шығып... // Нұра.-2006.- 2 желтоқсан.- 3 б.

Әбдірахманов Қ. Қайта қанатталған // Жаңа жол. - 1993. - 22 мамыр. - 3  б.

Әкімбеков Д.Ақын аға мерейленсін// Орталық Қазақстан.- 1990.- мамыр.

Әкімбекұлы Д. Нұралық аяулы ақынымыз Махмет Темірұлы 70-ке толады // Жаңа жол. - 1993. - 22 мамыр. - 3  б.

Әскеев М.  Тәуелсіздікті аңсаған ағалар жалғасы // Нұра. - 2000. - 22 маусым.

Әскейұлы М. Азамат ақыны //Нұра.-1998.- 13 маусым.

Бексұлтанов Қ. Найзадай сөздің сүйрігі, найзағай жырдың жүйрігі Махмет Теміров - 90 жаста // Нұра. - 2013. - 12 қазан (№ 41). - 5 б.

Жакенов Ж. Біздің мақтанышымыз // Нұра.-2008.- 6 тамыз. – 3 б.

Жұмыш Қ. "Мәмбет шежіресі" // Азия Транзит. - 2003 . - №1. - 46-47  б.

Жұмыш Қ. Ақын Махмет Темірұлының жаңа кітабы // Азия Транзит. - 2002 . - №12. - 22 б.

Жұмыш Қ. Қаламы талмайтын қарт тарлан // Орталық Қазақстан. - 2010. - 24 шілде (№ 117/118). - 10 б.

Жұмыш Қ. Сексеннің сеңгіріне шыққан ақын // Орталық Қазақстан. - 2003. - 12 тамыз. - 7 б.

Жұмыш Қ. Ұстаз, ақын Махмет Темірұлы 80 жаста // Азия Транзит. - 2003 . - №8. - 53  б.

Майбас Т. Ол оның көз жасы еді ғой қаны аралас // Орталық Қазақстан. - 2014. - 16 желтоқсан (№ 240/241). - 5 б.

Нұрдәулетқызы А. Тату шаңырақ - бақыттың шаңқай түсі // Нұра. - 2008. - 5 шілде. - 2 б.

Сағымбекқызы Б. Бейнет көрген ақын // Нұра. - 1997. - 17 мамыр.

 

***

Даутова З. День памяти / /Нуринский хлебороб.-1997.-24 мая.

Закарина Г. Имя акына возвращена народу // Нура.- 1996.- 13 июль.

bottom of page