top of page
Омаров1.jpg

Омаров Жақсылық

      Жақсылық Омаров. Кенші. Ақын. 1956 жылы Шымкент облысы, Түркістан ауданы, Жарас ауылында туған. 1974 жылы Кентау қаласындағы №2 мектеп-интернатты бітірген. Еңбек жолын Бабайқорған ауылында құрылысшы болудан бастаған ол, кейін әр түрлі салада жұмыс істеген. 1985-1999 жылдары «Қазақмыс» корпорациясының Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 ші шахтасында еңбек етті. Қазір Жақсылық Омаров құрметті еңбек  демалысында. Ақынның «Жүрекжарды», «Аманатқа адалдық», «Талтүс» атты атты жыр кітаптары жарық көрген.

    Жезқазған кенішінде өндірісті өрге сүйрген еңбек майталманы, кеншілік пен ақындықты қатар алып жүрудің оңайға соқпайтындығына қарамастан оның  ел, Отан, өмір, адамгершілік асыл қасиеттер және т.б. тақырыптарға арналған өлең-жырлары ойлылығымен және көркем де кестелі өрнегімен тартымды оқылады. 

    2016 жылы қараша айында Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында Жақсылық Омаровтың асқаралы 60 жасқа толуына орай жарық көрген ақынның «Талтүс» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.

Әдебиеттер тізімі

Омаров Ж. Жүрекжарды. Өлеңдер жинағы / Ж. Омаров. – Шымкент: «Нұрлы Бейне» баспасы, 2011. – 84 бет.

Омаров Ж. Талтүс. Өлеңдер жинағы / Ж. Омаров. – Шымкент: «Нұрлы Бейне» баспасы, 2016. – 178 бет.

Белгібай І. Күз түсіп келеді далама / І.Белгібай// Шарайна.-2016.-11 қараша –Б.8.

bottom of page