Аманқұл Мұсатайұлы
Аманқұл Мұсатай баласы,1927 жылдың наурыз айында Көкше теңіз - атақты Балқаш көлінің теріскейінде, Бектауата тауының күнгей бетінде,Сарыөзек деген ата-қоныс қыстақта дүниеге келген.
Танымал өлкетанушы, ұстаз,суретші Аманкұл Мұсатайұлы,оның еңбек жолы, шығармашылығы, оқырманға ұсынылып отырған осы кітап, Орталық Қазақстан аймағының көне тарихы мен ескерткіштері сөз болғанда баса айтылатын ерекше тақырып бар.Оның өзі бірнеше құрамдас бөліктерден тұратын күрделі тақырып.
Аманқұл Мұсатайұлы-Әлкей Марғұланның шәкірті,академик ғалым өзі басқарған Орталық Қазақстан экспедициясының Арқа жеріндегі құрметті мүшесі.
1986-1993ж аралығында Аманкұл Мұсатайұлы Ақтоғай ауданындағы мұражайда басшылық қызметін атқарған.
Аманкұл Мұсатайұлы 1950-1970-ші жылдары Орталық Қазақстан зкспедициясы жұмыстарына тікелей қатысып отырды. Ғалымдармен бірге тек Балқаш, Актоғай маңы ғана емес, Қаркаралы, Шідерті өлкелеріндегі зерттеулерге қатысты, Ұлытау, Арғанаты өңірлерінің ескерткіштерін көрді. Шет, Ағадыр төңірегін де көп аралады.
Аманкұл Мұсатайұлы далалық зерттеулеріне жиі қатысып жүрген Орталық Қазақстан экспедициясының алғашқы кезеңдегі жұмыстарын ұйымдастырған және атқарған аса көрнекті ғалым.
Ақтоғай кентінде ширек ғасыр орта мектепте ұстаз болып,бейнелеу өнері пәнінен дәріс берген Аманқұл Мұсатайұлы жүздеген жасөспірімді білім мен өнерге баулып,үлкен өмірге ұшырды. Сонымен қатар,оның аудандық өлкетану музейін бірнеше жыл дайындап, ашу ісіне белсене қатысқанын айтпай кетуге болмас.
Әдебиеттер тізімі
Мұсатайұлы А. Тағылым (Археолог Әлкей Марғұланмен кездесуден естеліктері).-Алматы: «Өнер» баспасы, 2007.-128 б