Иманжан Жылқайдаров
Өз ортасында шешендігімен, шежіреші, жыршы-жыраулығымен танылған халық ақыны Иманжан Жылқайдаров 1882 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында дүниеге келген.
Ол халқына қадірлі болған адам. Иманжанның әкесі Жылқайдар от ауызды, орақ тілді шешен болған. Ал, анасы Қалипа атақты Жәуке батырдың інісі Шоңның қызы, ақылына көркі сай жан болған екен. Иманжан атақты Сәмбет күйшіден домбыра тартуда үйренеді. Жастайынан өлең-жыр, өлең-жыр, домбыраға құмар болған Иманжан есейе келе серілік, салдық, ақындық жолға түсті. Ескіше оқып хат таныды. Зерек те, алғыр Иманжанның білімге құштарлығын байқаған алғашқы ұстазы Әмірғали Құлтыбайұлы оған: «Ақын болғың келсе шығыс шайырларынан оқып үйрен» деп кеңес беріп, өзі оған араб, парсы, шағатай тілдерін үйретеді. Шығыс әдебиетін оқып үйренген Иманжан өзінің тұңғыш өлеңін де суреттегі сұлуға арнап «Гүлжаһанға» деген атпен жазғаны белгілі. Содан бастап, Иманжанның ел арасында ақындық, жыршылық атағы шыға бастайды. Оның өлеңдері мен жырларының негізгі тақырыбы Отан, туған жер, елдік пен ерлік, адамгершілік болып жалғаса береді.
Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Құлтума, Тайжан секілді әйгілі әнші-ақындармен бірге жүріп, тәлім алған. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, оны жырға қосты. Қазан төңкерісінен кейін ол жергілікті ревком мүшелігіне сайланды. 1918-1920 жылы ауылды кеңестіндіруге, ірі байларды конфискелеуге қатысты. «Әлібекә дастаны мен «Сабыр» толғауы көтеріліс басшыларының бейнесін мүсіндеуге арналған. Қазан революциясы туралы «Октябрь таңы атқанда» (1920), «Октябрь ашты бағымды» (1957), «Жүрегінде әрбір жанның» (1950), бейбітшілік тақырыбында «Туысқандар қойды қол», «Гүлденген менің Отаным» (1958), сондай-ақ Ұлытау малшыларының, Жезқазған, Қарсақбай кеншілерінің өміріне арналған дастандары бар. Ақын шығармашылығының елеулі бір саласы балалық шақты жырлауға арналған. Осыған орай, 1959 жылы «Жастарым жайна» атты жарық көрді.
И.Жылқайдаровтың кейбір шығармалары «Айтыс» 1965-66 ж., «Пернедегі термелер» 1965 ж. атты жинақтарға енген. Ақынның «Әділбек» атты поэмасы мен айтыстарының көбі қолжазба күйінде сақталған.
Алматы, Жезқазған қалаларының құрметті азаматы.
КазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Әдебиеттер тізімі
Жылқайдаров И. Алатау ұлы – Фрунзе // Ақын жырлары / құраст.: М. Дүйсенов, Е. Ысмайлов. - Алматы: Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1958. – 215-217 б.
Жылқайдаров И. Жастарым жайна!. - Алматы: Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1959. - 63 б.
Жылқайдаров И. Нұр // Пернедегі термелер / ред. С. Мұқанов. - Алматы: Жазушы, 1965. – 195-198 б.
Жылқайдаров И. Шақшақұлы Ер Жәнібек // Арқаның би-шешендері мен ақын-жыраулары: шешендік сөздер және жыр-толғаулар / Қарағанды облысының әкімдігі; құраст. Қ. Асанов. - Астана: Фолиант, 2013. – 229-234 б.
Жылқыайдарұлы И. Кенесары, Саржан // Хан Кене: тарихи жырлар, толғаулар, дастандар, пьеса мен деректі баяндар / құраст. С. Дәуітов. - Алматы: Ана тілі, 2012. - 185-257 б.
***
Жылқайдаров И. Әліби // Жұлдыз. – 1966. – №6. – 129 б.
Жылқайдаров И. Балаларыма // Социалистік Қазақстан. - 1948. - 24 окт. (№ 212). - 4 б.
Жылқайдаров И. Екі нұр // Социалистік Қазақстан. - 1950. - 21 янв. (№ 16). - 2 б.
Жылқайдаров И. Жаңарған Таран // Әдебиет және искусство. - 1955. - № 2. - 43 б.
Жылқайдаров И. Көктем // Социалистік Қазақстан. - 1946. - 17 апр. (№ 78). - 3 б.
Жылқайдаров И. Мерекеде // Социалистік Қазақстан. - 1946. - 9 июль (№ 136). - 3 б.
Жылқайдаров И. Немереме // Социалистік Қазақстан. - 1950. - 19 фев. (№ 38). - 4 б.
Жылқайдаров И. Студент жастарға // Социалистік Қазақстан. – 1965. – 20 июнь
И.Жылқайдаровтың шығармашылығы туралы:
Жылқайдаров Иманжан //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: анықтамалық, 2004. - 389 б.
Жылқайдаров Иманжан //Қазақстан жазушылары: анықтамалық : 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер, 2009. - 178 б.
Жылқайдаров Иманжан //Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық. Құраст. С.Ахметов. Алматы, Жазушы-1987.- 267 б.
Жылқыайдаров Иманжан //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин, 2006. - 275 б.
Иманжан Жылқайдаров //Орталық Қазақстанның жазушылары: методикалық - библиографиялық материалдар. - Қарағанды: [б. и.], 1973. – 25-26 б.
Иманжан Жылқайдарұлы (1886-1972) // Ұлытау ақындары: мақалалар, өлеңдер, толғаулар, айтыстар / құраст. Ғ. Е. Ештанаев. - Алматы: Эверо, 2007. – 55-60 б.
Тапашев М. І. Ақындық дәстүр және көркемдік жалғастық: автореферат. - Алматы: ТОО «Nursoft», 2005. - 30 б.
***
Арқаның ардагер ақындарының бір тобы // Абай-Ақиқат.- Абай, 2006.- 1 шілде.-1 б.
Жетiбаева Б. Әкелi- балалы сөз зергерлерi //Сарыарқа.- Жезқазған, 2004.- 13 қараша
Жетiбаева Б. Жерлестерiнiң жадында // Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.-16 ақпан
Жетiбаева Б. Қала төлқұжатындағы есiмдер // Сарыарқа.- Жезқазған, 2003.- 26 қараша
Жетібаева Б. Сөз зергері //Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.-6 қаңтар
Майталман ақын // Орталық Қазақстан. – 1967. – 11 октябрь
Молдағалиева Ш. Иманжан әкейді білуші едім // Мысты өңір. - 2006. - 21 шілде. - 10 б.
Мырзабеков Б. Тауына тартып туған ұл // Мысты өңір.- Жезқазған, 2006.- 11 тамыз.- 8 б.
Смағұлов Ғ. Арқаның ақтаңгер айтыс ақындары // Орт.Қазақстан.- 2003.- 15 наурыз.-10 б.