Мүбарак Жармағанбетұлы
Мүбарак Жармағанбетұлы 1949 жылы 23-ші қарашада Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылында дүниеге келген. Табиғатынан тума талант, дарын иесі М.Жармағанбетұлының бүкіл ғұмыры баспа сөзбен, оның ішінде аудандық «Арқа еңбеккері» қазіргі «Тоқырауын тынысы» газетімен тығыз байланыста өтті. 1973 жылы аудандық газеттің ауыл шаруашылығы бөлімінің тілшісі ретінде еңбек жолын бастаған М.Жармағанбетұлы газеттің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редакторы міндеттерін атқарды. Аудандық радиохабардың ұйымдастырушысы, облыстық «Жезқазған туы» газеттің меншікті тілшісі аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болды. 1996 жылдан бастап «тоқырауын тыныс» газетінің редакторы болып қызмет атқарды.
Ақжарқын адал, үлкенге ізетті, кішіге қамқор, еліне сыйлы. М.Жармағанбетұлы аудандық экономикасы мен мәдениетін көтеруге елеулі үлес қосты. Аудан халқы М.Жармағанбетұлын қалымды қаламгерлік қабілетімен жақсы таниды. Аудандық, облыстық баспасөз беттеріндегі М.Жармағанбетұлы жариялаған туындылар оқырмандардың көңілінен шығып, жүректі жаулап жататын. Жүрегі де жаны да нәзік М.Жармағанбетұлы елі ардақ тұтқан перзентінің бірі еді.
М.Жармағанбетұлы 1998 жылы 7-ші желтоқсанда ауыр науқастан қайтыс болған. Мүбарак (Үмітай) Жармағанбетұлы ақындар көшіндегі дара жолы ұрпағымен жалғасып келеді. Жыр ғұмырын жалғастырушы ұлдары Бағдат пен Еркебұлан.
Әдебиеттер тізімі