top of page
Бектуров11.jpg

Бектұров Жайық

   Журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұров 1912 жылы 10 маусымда Ақмола уезінің Моншақты болысында (қазіргі Астана облысы, Алексеев ауданы, “Үрпі” ауылы) туған.

1928 жылы ҚАССР-нің Халық ағарту комиссариатының мұғалімдер курсын бітірген соң, Атбасар қаласында мұғалім болған.

      Ол 1934 жылы Қазақ коммунистік университетін, ал 1955 жылы Қазақтың мемлекеттік университетін бітірген.

Ж.Бектұров 1932-1937 жылдары комсомол қызметінде болған, 1937-1939 жылдары республикалық “Лениншіл жас” жастар газеті редакторының орынбасары, “Социалистік Қазақстан” газетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары міндеттерін атқарған.

    1939-1940 жылдары Жамбыл облыстық газетінің жауапты редакторы, ал соғыс басталғанда дивизиялық газетінің редакторы болған.

      1942 жылы мамыр айында Ж.Бектұров қамауға алынып, КСРО НКВД-сінің айрықша кеңесінің шешімімен РФСР Қылмысты істер кодексінің 58-ші бабымен сырттай он жылға кесіліп, Солтүстік Оралға жер аударылды. Жабылған жала тек қана 1955 жылы ҚазССР Жоғарғы сотының Президиумының шешімімен күшін жойып, ал 1989 жылы түбегейлі ақталды.

    Жайық Кәгенұлы елеуінші жылдары педагогикалық қызметте болды. 1958 жылдан бастап 1989 жылғы қыркүйекке дейін ол Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Қарағанды облысаралық бөлімінің жауапты хатшысы болды.

     КСРО Жазушылар одағының, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, КСРО және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Бүкілодақтық географиялық қоғамының мүшесі, партия мен еңбек ардагері Ж.К.Беқтұровтың қоғамдық және әдеби өмірдегі еңбегі оған атақ-абырой әкеліп, жұртшылықтың құрметіне бөледі.

Публицист Ж.К.Бектұров өзінің ауқымды да бейнелі сөздерімен Орталық Қазақстанның көптеген фактілері мен тарихи оқиғаларын көпшіліктің жадында қалдырды.

     Ол республиканың әдеби ортасында кеншілер өлкесінің қалыптасуы мен дамуының, оның орталығы – Қарағандының шежіресін жазушы ретінде белгілі.

Ж.К.Бектұров өзінің шығармашылық және ұйымдастырушылық таланты арқылы облыс пен республиканың мәдени өміріне үлкен үлес қосты. Ол Қарағанды және Қарағанды облысының энциклопедиясын жасаушылардың бірі болды.

     Оның көп жылғы әрі тынымсыз еңбегі көптеген үкімет наградаларымен марапатталған. 1977 жылы “Жол жоралғысы” деген кітабы шықты. Бұл жинаққа қаламгердің Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Г.Потанин, қобызшы-жыршы Н.Атабеков жайлы тарихи-көркем очерктері енгізілген. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қажымай жинап, бастырудағы еңбегі өз алдына бір сала. Ж.Бектұров Абай, Сәкен, Бейімбет, Саттар, Әбділдә, Тайыр, Ғабиден, Зейін және өзге де қазақ ақын-жазушылары жайында көптеген сын мақалалар жазған. Жазушы басқа ұлттар әдебиетінің озық үлгілерін қазақ оқырмандарына танытуда көп жұмыс тындырды. Ж.Бектұровтың өрнекті тілімен қазақшаланған Г.Серебрякова, Петефи, Дефо, Гашек, Л.Пантелеевтің шығармаларын оқырмандар жылы қабылдаған. Облыстық “Орталық Қазақстан” газетінің бетінде жазушы Азия, Африка елдері қаламгерлерінің бірнеше әңгімелерін аударып бастырған. Кейінгі жылдары, яғни 1991 жылы “Өткел” өлеңдер жинағы, ал 1997 жылы “Қазақстан” баспасынан “Таңба” атты кітабы жарық көрді. Бұл кітап еліміздің шежіресіне қара таңба болып басылған отызыншы-қырқыншы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің алапат ашы шындығы жайында, сол нәубеттің құрбаны болған тұғырлы тұлғалар, талайлы тағдырлар жайында баян ететін туынды. Мұның жарық көруінің арасы 40 жылдай уақыт созылған екен… Сол қырғынның өзі де куәсі болған, кезінде жазықсыз танылған кесірінен жапа шегіп, жалынды жастық жылдарын айдауда, азап лагерьлерінде өткізген ардагер жазушының аталмыш романы авторы іспеттес қилы қияметтерді бастан кешіріп барып, кейінде ғана оқырмандарға жол тапқан. Жалпы бұл шығарма азап лагеріндегі өмірді қазақ әдебиетінде бейнелеген тұңғыш еңбек. Сол жылы Медицина ғылымының докторы, профессор М.Әлиакпаровтың “Жайық мінген қайық” кітабы Қарағанды қаласының “Қазақстан” баспасынан шыққан. М.Әлиакпаровтың бұл кітабы Ж.Бектұровтың тар жол, тайғақ кешулерге толы өмір өткілдеріне арналған. Автор мен кітап кейіпкері арасындағы сырлы сұхбатта зұлмат жылдардың зобалаңы, қазақ халқының басына қолдан жасалған нәубет зардабы бүкпесіз баяндалады. Сонымен қатар кітапқа жасы сол кезде сексен беске келсе де қаламы қолынан түспеген Ж.Бектұровтың сталиндік зұлматты ашық әшекерелейтін бірқатар поэмалары мен өлеңдері енгізілген.

    1998 жылы 26 наурызда сексен алты жасқа қараған шағында журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Ж.К.Бектұров өмірден өтті.

Қарағанды қаласының құрметті азаматы, КCРО Жазушылар одағының, Қазақстан Жазушылар одағы басқармаcының, КСРО және Қазақстан журналистер одағының, Бүкілодақтық георафиялық қоғамның мүшесі, дарынды зерттеуші Жайық Кәгенұлы Бектұровтың аты 2001 жылы ҚР үкіметінің 14 қыркүйекте № 1204-ші 14. 09. 2001 жылғы қаулысымен Облыстық жасөспірімдер кітапханасына берілді. Соның нәтижесінде кітапханада 2001 жылы 12 желтоқсанда ресми түрде “Сирек кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері бөлімі” ашылып, онда Ж. Бектұровтың мемориалдық кабинет-мұражайы мен оқу залы орналасты.

Әдебиеттер тізімі

Бектұров Ж. Жол жоралғысы: Очерктер.-Алматы:Жазушы, 1977.-88 б.

Бектұров Ж. Өткел: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1991.- 80 б.

Бектров Ж. Таңба: Роман.- Алматы: Қазақстан, 1997.- 304 б.

Тарту: өлеңдер жинағы / ред. Ж. Бектұров. - Қарағанды : Қарағанды облыстық типографиясы, 1958. - 84 б. - 01. 75 с.

 

***

 

Бектұров Ж. “Абайға толғау” // Орталық Қазақстан. - 1981. - 4 сәуір

Бектұров Ж. Абайдың белгсіз шұмақтары: / “Абай сөзі” жайында/ // Жұлдыз. - 1991. - №5-7.- 194-196 б.

Бектұров Ж. Ағайынға ашық хат // Орталық Қазқстан. - 1996. - 30 қаңтар

Бектұров Ж. Ақан арқада: /А.Байтұрсынов туралы және “қырық мысалы”/ // Орталық Қазақстан. - 1989. - 29 қаңтар

Бектұров Ж. Ақ бұлты бар басында…Қазақ ССР-інің 70 ж-на // Орталық Қазақстан. - 1990. - 2, 4, 5 қыркүйек

Бектұров Ж. Ақ кітап: /М.Әлиакпаровтың “Ахат” атты кітабы туралы/ // Орталық Қазақстан. - 1997. - 8 ақпан

Бектұров Ж. Ақ теректің арызы: Фельетон // Орталық Қазақстан. - 1968. - 20 маусым

 Бектұров Ж. Ақын Қасым жаттаған 1916 жылғы бәйіт: /Арабша қолжазбадан көшірілген/ // Орталық Қазақстан. - 1992. - 19, 20 ақпан

Бектұров Ж. Ақын Қасым Сырымбетұлы: /1904-1990/ // Орталық Қазақстан. - 1992. - 19 ақпан

Бектұров Ж. Ақынның бір арызы: /Қ.Тоғызақовтың “Абақтыдан арыз” өлеңі жайында/ // Орталық Қазақстан. - 1994. - 4 қазан

Бектұров Ж. Алыс жылдардың дерегі: /1930-1937/ // Жалын. -  1989.  №4.- 70-75 б.

Бектұров Ж. Алыстағы ауылдарда: Жолжазба // Шұғыла. - 1978. - 7 қыркүйек

Бектұров Ж. Аңғал: Әңгіме // Орталық Қазақстан. - 1969. - 28 мамыр

Бектұров Ж. Арманда кеткен қайран ер: Кенесары-200// Ақиқат.- 2002.- N11.-36-43 б.

Бектұров Ж. Асуларда: Тарихи дастан // Орталық Қазақстан.- 1989.- 15, 16, 17 қыркүйек.

Бектұров Ж. Асыл азамат: /Қазақ революционерлері жайлы/ // Орталық Қазақстан.- 1977.- 14 қаңтар

Бектұров Ж. Аурухана ауласынан: Өлеңдер // Орталық Қазақстан.- 1993.- 11 мамыр

Бектұров Ж. Әдептен де, әдеттен де озбайық // Орталық Қазақстан.- 1991.- 1 қараша

Бектұров Ж. Әзілханның әзілі мен ақылы // Орталық Қазақстан.- 1987.- 29 қараша

Бектұров Ж. Ән қанатында: Жыр дәптерінен // Орталық Қазақстан.- 1983.- 18 қыркүйек

Бектұров Ж. Бақыт жолында: Әңгіме // Орталық Қазақстан.- 1966.- 17 сәуір

Бектұров Ж. Балуан Шолақ: Әңгіме // Қазақ әдебиеті.- 1986.- 12 желтоқсан

Бектұров Ж. Баянауыл басында. Мәшһүр-Жүсіптің аруағына бағыштаймын өлең-очерк // Орталық Қазақстан.- 1991.- 12, 15 қаңтар.

Бектұров Ж. Боран; Қысқы ағаш: /Өлеңдері/ // Орталық Қазақстан.- 1984.- 5 наурыз.

Бектұров Ж. Біржан сал және оның ұрпақтары // Ортлық Қазақстан.- 1979.- 31 наурыз

Бектұров Ж.К. "Бір борышымды өтегендей болып отырмын..." // Егемен Қазақстан.- Алматы, 2002.- 31 шілде

Бектұров Ж. Ғалым-жазушы: /С.Талжановтың туғанына 80 жыл // Орталық Қазақстан.- 1986.- 13 қараша

Бектұров Ж. Ғуламамен сұхбат: /Ә.Марғуланнан сыр сандық/ // Орталық Қазақстан.- 1991.- 21, 28 желтоқсан

Бектұров Ж. Дәлел мен дерек: /Кенасары мәселесі/ // Жұлдыз.- 1990.- №10.- 188-196 б.

Бектұров Ж. Дәнекер: Әдебиет беті // Орталық Қазақстан.- 1988.- 24 тамыз

Бектұров Ж.  Енеден ерте айрылған төл секілді... Алматы: Қазақстан, 2002.- б.: Фотосуреттер

Бектұров Ж. Екі сөз: Жаңғырық // Орталық Қазақстан.- 1995.- 12, 14 қыркүйек

Бектұров Ж. Ел мен жер: Пікір // Замандас.- 1994.- 14 қаңтар

Бектұров Ж. Ескінің ізі: Мұра // Орталық Қазақстан.- 1990.- 29 шілде

Бектұров Ж. Жақсыға “әркімнің-ақ бар таласы”: Ескі күнделік беттерінен // Орталық Қазақстан.- 1991.- 2, 5, 6 наурыз

Бектұров Ж. Жамбыл жотасынан: /Жамбылдың туғанына 150 жыл толуына // Орталық Қазақстан.- 1996.- 9 шілде

Бектұров Ж. Жас шыбық: Жыр дәптерінен // Орталық Қазақстан.- 1982.- 31 шілде

Бектұров Ж. Жаттап алған, хатта қалған..: /Мұқаш молланың Садық қажыдан қой сұрағаны және қажының жауабы // Орталық Қазақстан.- 1995.- 23, 25 ақпан

Бектұров Ж. Жоқтау-толғау: /Балуан Шолаққа, Шоқанға/ // Орталық Қазақстан.- 1993.- 11 қараша

Бектұров Ж. Жоқтау-толғау: /Кенесарыға, Махамбетке, Исатайға, Мәдиге/ // Орталық Қазақстан.-1993.- 30 қазан

Бектұров Ж. Жоқтау-толғау: /Құдайбергенге, Берниязға, Омарға, Ыбырайға/ // Орталық Қазақстан.- 1993.- 21 желтоқсан

Бектұров Ж. Жұлдызы жарық та, жоғары жазушы: /І.Есенберлин туғанына 80 жыл/ // Орталық Қазақстан.- 1995.- 14 қараша

Бектұров Ж. Жүсіпбек Аймауытов және “Қартқожа” // Орталық Қазақстан.- 1989.- 17 ақпан

Бектұров Ж. Жыраулар дәстүрі: Қазақ поэзиясының үлгі-нұсқаулары // Орталық Қазақстан.- 1977.- 10 ақпан

Бектұров Ж. Жыр дәптерінен // Орталық Қазақстан.- 1991.- 14 желтоқсан

Бектұров Ж. Жыр дәптерінен // Орталық Қазақстан.- 1992.- 16 қаңтар

Бектұров Ж. Кенекем кернеуінде: /Кенесары туралы/ // Орталық Қазақстан.- 1993.- 4 қараша

Бектұров Ж. Көбікауыз: Памфлет // Орталық Қазақстан.- 1990.- 16 желтоқсан

Бектұров Ж. Көз алдымда көп адам: Өлең // Орталық Қазақстан. - 1991. - 25 желтоқсан

Бектұров Ж. Көзбен көріп, көңілге тоқығандарымнан // Ақиқат.- 1996.- №8.- 76-78 б.

Бектұров Ж. “Көкпар” емес – “көк бөрі” және осыдан туындайтын бірер пікір: /Ескерткіштерді сақтау туралы //Орталық Қазақстан.- 1993.- 5 наурыз

Бектұров Ж. Көкше: Жыр дәптерінен // Орт.Қазақстан.- 1982.- 3 сәуір

Бектұров Ж. Көп қырылған ағайынның бірі: /Т.Бұқарбаев жайында/ // Орталық Қазақстан.- 1990.- 19 қаңтар.

Бектұров Ж. Қажымұқан қадірі: Деректер // Орталық Қазақстан.- 1978.- 16 мамыр

Бектұров Ж. Қайраткерлік қасиет: / Қазақ елінің ақсақалы Б.Әшімұлы-80 жасқа толды/ // Орталық Қазакстан.- 1997.- 2 тамыз

Бектұров Ж. Қаныш қаққан қияда: Очерк // Орталық Қазақстан.- 1966.- 22 шілде

Бектұров Ж. Қарағанды қазақ совет әдебиетінде // Орталық Қазақстан.- 1987.- 22 қазан

Бектұров Ж. Қараторғай: Әңгіме // Советтік Қарағанды.- 1963.- 7 ақпан

Бектұров Ж. Қармақ: Өлең // Орталық Қазақстан.- 1994.- 18 қазан

Бектұров Ж. Қарындасқа хат: /Жазықсыз жазаланып, Тағайдан елге оралғанда/ // Орталық Қазақстан.- 1998.- 1, 4 шілде

Бектұров Ж. Қозы Көрпеш–Баян сұлу: Аңыз соңы // Орталық Қазақстан.- 1992.- 16 қараша

Бектұров Ж. Құран Шәриф // Орталық Қазақстан.- 1990.- 27 маусым

Бектұров Ж. Мәдидің мерейін мерт етпейік // Орталық Қазақстан.- 1992.- 26 маусым

Бектұров Ж. Мырзажанды алдымен менен сұра: Жаңғырық // Орталық Қазақстан.- 1995.- 4 қаңтар

Бектұров Ж. Міржақып туралы. // Орталық Қазақстан.- 1989.- 3 тамыз

Бектұров Ж. Орынборға саяхат: Әңгіме // Орталық Қазақстан.- 1972.- 25-27 қазан

Бектұров Ж. Өлеңдер // Орталық Қазақстан.- 1981.- 31 желтоқсан

Бектұров ж. Өмір көріністері: Кысқа әңгімелер // Орталық Қазақстан.- 1963.- 3 қараша

Бектұров Ж. Өрт пен дерт: Эссе // Орталық Қазақстан.- 1989.- 25-28, 30 мамыр, 1-3 маусым

Бектұров Ж. Сабыр түбі-сары алтын..:  “Осы біз қандаймыз” атты мақалаға («ZAMAN-Қазақстан» 21.03.97) орай жолдаған хат // Орталық Қазақстан.- 1997.- 9 шілде

Бектұров Ж. Сәкеннің соңғы сәттері // Жалын. - 1988. - №3. - 39 б., №4.- 33-39 б.

Бектұров Ж.К. Сәкеннің соңғы сәттері: "Енеден ерте  айрылған төл секілді..." кітабынан үзінді// Орталық Қазақстан.- 2004.- 9 қазан.-7 б.

Бектұров Ж. Сәкен Сейфуллин // Орталық Қазақстан.- 1973.- 5 сәуір

Бектұров Ж. Сәкен Сейфуллиннің “С.А. ауылы” қай ауыл? // Қазақ әдебиті.- 1974.- 28 маус.

Бектұров Ж. Сүрен: Өлең // Шипагер.- 1997.- 29 мамыр

Бектұров Ж.Сурет сырсыз, үнсіз бе? // Ана тілі.- 1994.- №10 (наурыз)

Бектұров Ж. Суреттерді сөйлеткенде: Мұра // Орталық Қазақстан.- 1990.- 18 тамыз

Бектұров Ж. Сурет сыр шертеді // Орталық Қазақстан.- 1982.- 21 маусым

Бектұров Ж. Сыр сандықтан: Әр жылдардың жырлары // Орталық Қазақстан.- 1996.- 6 сәуір

Бектұров Ж. Сібірде: /30-шы жылдары сұрапыл аштықта шұбырып, Сібірде топырақ қапқан қазақ елі құрбандарына арналады/ // Орталық Қазақстан.- 1995.- 3 маусым

Бектұров Ж. Тағы да Олжабай туралы: /Олжабай ақын/ // Орталық Қазақстан.- 1990.- 14 маусым

Бектұров Ж. Тайбурылдың өлімі: Романнан үзінділер // Орталық Қазақстан.- 1992.- 7, 9, 12, 14, 16, 19, 21 мамыр

Бектұров Ж. Таңба: Роман // Жұлдыз.- 1989.- №7.- 3-69 б.

Бектұров Ж. Тауқымет: Памфлет // Орталық Қазақстан.- 1990.- 26-28 қазан

Бектұров Ж. Тұлғалы қайраткер: /Х.Жүсіпбеков, Н.Нұрмақов жайында/ // Орталық Қазақстан.- 1980.- 26 тамыз

Бектұров Ж. Тұрлыбектің тығырығы: Хикая // Орталық Қазақстан.- 1995.-5-7, 8-9 желтоқсан, 1996.- 18, 20-22 маусым

Бектұров Ж. Түйін: Толғау // Замандас.- 1994.- 24 маусым

Бектұров Ж. Түн басқанда төбеңнен: Мұң мен сыр // Замандас.- 1991.- 28 маус.

Бектұров Ж. Түрлі-түрлі құстар бар: Өлең // Орталық Қазақстан.- 1981.- 19 қараша

Бектұров Ж. Түсімде де, өңімде де: Толғау // Орталық Қазақстан.- 1992.- 27 наурыз

Бектұров Ж. Тығырық // Орталық Қазақстан.- 1996.- №7.- 31-66 б.

Бектұров Ж. Тілмаш // Орталық Қазақстан.- 1993.- 26, 27 қазан

Бектұров Ж. Тілім менің: Поэма // Орталық Қазақстан.- 1991.- 20, 23 шілде

Бектұров Ж. Хан мен қайыршы: Аңыз-ертегі // Орталық Қазақстан.- 1991.- 20 сәуір

Бектұров Ж. Ілекең ілегінде: І.Жансүгіровтің туғанына 95 жыл толуына орай // Орталық Қазақстан.- 1989.- 16, 17 желтоқсан

Бектұров Ж. Шалдауыр шариғат: Сықақ әңгімелер // Орталық Қазақстан.- 1968.- 19-22 желтоқсан

Бектұров Ж. Этап: /Өлең сөзбен жазған естелік: 1962 ж./ // Орталық Қазақстан.- 1994.- 29 қазан., 1 қараша

Ж.К.Бектұровтың шығармашылығы туралы:

 

Әбдікеева Ж.К. Жайық Бектұровтың әдеби мұрасы: автореферат / 2006. - 28 б.

Әдеби Қарағанды: библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова. - Қарағанды : б.ж., 2000. - 89 б. - (Облыстық кітапхана-өлкетану орталығы).

Бексейіт С. Ғасырластарым: Әр жылдардағы жазбалар / Қарағанды: ТОО "Арко", 2005.

Бектұров Ж. // Қарағанды. Қарағанды облысы Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 131 б.

Бектұров Ж. // Советтік Қазақстан жазушылары. Био-библиогр. анықтамалық.- Алматы, 1987.- 131 б.

Бектұров Ж. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық.- Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 80 б.

Бектұров Жайық (1912-1998) // Қазақстан жазушылары: анықтамалық : 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы : Ан Арыс, 2009. - 98 б.

Бектұров Жайық Кәгенұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы : энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. - 180 б.

Бектұров Ж. // Орталық Қазақстан жазушылары.- Қарағанды, 1990.- 16-17 б.

Орталық Қазақстанның жазушылары: Методикалық - библиографиялық материалдар, 1973 б

Туған өлке қаламгерлері.- Көкшетау, 2007. - 120 б.

 

***

 

Ақсұңқарұлы С. Бір өзі ұлыстың зердесі еді: /Ж.Бектұровтың қабірі басында сөйлеген сөзі/ // Орталық Қазақстан.- 1998.- 2 сәуір

Ақсұңқарұлы С. "Қара шал, тізгін тартып, бөгел бері...": Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл  Орталық Қазақстан.- 2002.- 11 желтоқсан.-1, 8 б.

Ахметов Қ. Тар жол, тайғақ кешу: руханият//  Балқантау.- Қарағанды, 2006.- 8 маусым.-9 б.

Ахмет Ө. Ылдидан шауып, төске озған // Орталық Қазақстан.- 1992.- 29 мамыр

Әбдікеева Ж. Жайық Бектұров тағлымы// Ақиқат.- 2005.- N11.-36-38 б.

Әбікенова С. Арқаның ардақты ақсақалы: Тәуелсіздікті аңсаған ағалар: [Ж.Бектұров туралы]// Орталық Қазақстан.- 2001.-5 желтоқсан

Әбікенова С. Бір шұмақ жыр бойына бүккен сыр, немесе Аруақ алдындағы парыз қоғам мойнына қашанғы қарыз боп қалмақ?: [Ж.Бектұров туралы] / С.Әбекенова,    Е.Еленбестегі// Азия Транзит.- Қарағанды, 2001.-N12.-39-41 б.

Әбікенова С. Парызын адал атқарған қаламгер: Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл// Орталық Қазақстан.- 2002.- 11 желтоқсан.-8-10 б.

Әдекенов М. "Таңбаның" тағлымы: Жайық Бектұровтың туғанына 90 жыл // Ақиқат.- 2002.- N11.-63-65 б.

Әдекенов М. Тәрбиелік мәні зор шығарма: /Ж.Бектұровтың “Таңба” кітабы хақында/ // Орталық Қазақстан.- 1997.- 27 желтоқсан

Әлиақпаров М.Т.  Жайық мінген қайық (Жайық Бектұровтың өмір шежіресінен) 1997.- 202 б.

Байкенжина Л.  Заман сипаты - мұрағат құжаттарында: 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні// Орталық Қазақстан.- 2006.- 30 мамыр.-8 б.

Байсеркин, Қ. Лениннің қабылдауында болған кім? // Орталық Қазақстан. - 2008. - 26 шілде (№115-116) . - 3 б.

Бекенов Қ. Жеті атаны тергеткен Жәкең еді: Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл // Орталық Қазақстан.- 2002.- 2 қазан.-13 б.

Бокаев Н. Ой өрнектері. Замандастарыма арналады: Жыр дәптерінен // Орталық Қазақстан.- 1998.- 27 қаңтар

Егеубаев А. Хат. Талант: тақсыреті мен қасіреті: [Жайық Бектұров туралы] // Егемен Қазақстан.- 2005.- 22 маусым.-8 б.

Ермекбаев Т. Бір суреттің сыры: /Ж.Бектұровтың естелігінен/ // Орталық Қазақстан.- 1997.- 9 сәуір

Ермекбаев Т. Жазушы Жайық Бектұров // Орталық Қазақстан.- 1991.- 31 тамыз

Ермекбаев Т. Соңғы сөз немесе Қарағандының қазына қартымен қоштасу: Өлең // Орталық Қазақстан.- 1998.- 28 наур.

Жазушы Жайық Бектұров 70 жаста // Қазақ әдебиеті.- 1983.- 10 маусым

Жазушы жинағын шығарды: Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл // Орталық Қазақстан.- 2002.- 11 желтоқсан.-8 б.

Жанғожин А. Еңбекпен көтерілді ел еңсесі: 50 жылдар: "Орталық Қазақстан" газетіне-70 жыл /А.Жанғожин, Е.Лұқпан// Орталық Қазақстан.- 2001.-27 маусым

Жакина Ж. “Жәкеңдей” жазушыға жар болдық қой”: Сұлушаштың қонағы // Орталық Қазақстан.- 1999.- 18 желтоқсан

Жанысбай С. Жәкең туралы толғаныс: /Ж.Бектұров туралы/ // Орталық Қазақстан.- 1997.- 9 сәуір

Жевлаков А. “Ұлтшылдар” дейтін құйтырқы құпия іс: /Ж.Бектұров өмірбаянынан, 1942/ // Орталық Қазақстан.- 1990.- 18 қараша

Жұмағали З. Мықтылардың мектебінен тәлім алдық: профессор З.Т.Жұмағалимен сұхбат / сұхбаттасқан С.Жұмағұл// Орталық Қазақстан.-  2006.- 4 ақпан.- 8 б.

Жұмай, Ж.  Жайық Бектұров мұрасы оқырмандар игілігіне / Ж. Жұмай // Кітапхана = Библиотека. - 2009. - № 4. - 39-40 б.

Жұмай С.  Жәкеңнің жоқтау - толғаулары: мәдени мұра// Орталық Қазақстан.- 2005.- 15 қазан.-8 б.

Жұмашев Р.  Ұлттық дипломатиямызың жеңісі: жер тағдыры - ел тағдыры / Р.Жұмашев, Қ.Өскембаев// Орталық Қазақстан.- 2006.- 28 ақпан.-5б.; 2 наурыз.-11б.; 4 наурыз.-10 б.; 9 наурыз.-7б.

Ж.К.Бектұровтың тарихи-әдеби мұрасын облыстық мемлекеттік мұражайға өткізу туралы: Қарағанды облысы әкімінің өкімі // Орталық Қазақстан.- 1999.- 23 маусым

Жүніс Қ. Алапат жылдардың ақиқаты: Ж.Бектұровтың “Таңба” атты кітабы туралы/ // Орталық Қазақстан.- 1997.- 10 қыркүйек

Кәкішев Т. Шындықпен шындықпен шыңдалған: Лауреат туралы лебіз // Орталық Қазақстан.- 1990.- 5 қаңтар

Көккөзова Г. Жайық Бектұровқа! /Өлең/ // Народная трибуна.- 1997.- 22 наурыз

Қапашева, Ж. Қ.  Ж.Бектұров шығармашылығы: тілі және көркемдік қырлары // Қазіргі заманғы маңызды мәселелер = Актуальные проблемы современности. - 2008. - № 9. - 35-37 б.

Құлқыбаев Ғ. Жазушы жолы: /Ж.Беқтұров жайында/ // Орталық Қазақстан.- 1973.- 21 ақпан

Құлқыбаев Ғ.Ә. Рухани аға әрі сырласым болатын:  Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл // Орталық Қазақстан.- 2002.-11 желтоқсан.-9 б.

Ләмбеков С. Жәкеңнің жетектеуімен жеттік: Ж.Бектұровтың 80 ж.-ғы қарсаңында // Орталық Қазақстан.- 1992.- 5 мамыр

Ләмбекұлы С.  Жәкеңнің жетектеуімен жеттік: Жайық  Бектұровтың туғанына - 90 жыл // Азия Транзит.- Қарағанды, 2002.- N4.-41-43 б.

Лұқпан, Е.  Ғабиденнен Ғаббасқа дейін: орталық Қазақстан  75 жыл // Орталық Қазақстан. - 2006. - 20,22, 27 шілде, 15,22 тамыз. - 3  б.

Мақанқызы Г. Жәкең мені Жауһар деп атады: Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына 90 жыл толуы қарсаңында // Орталық Қазақстан.-  2002.- 3 тамыз.-9 б.

Мақашев Д. Шежіре жүрек шерткен сыр: Жазушы Ж.Бектұров 80 жаста // Халық кеңесі.- 1992.- 28 мамыр

Мақаш Д. Қарағандылықтар Жайығын еске алды // Орталық Қазақстан.- 2002.- 14               желтоқсан.-5 б.

Мақаш Д. Тағылымына тамсанумен өттік: Жайық Бектұровтың туғанына - 90 жыл // Орталық Қазақстан.- 2002.- 28 тамыз.-8 б.

Мақаш Д. Тірлік тегеуріні тұқыртса да жазушы мен академик рухани достықтан танған жоқ: Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл // Орталық Қазақстан.-  2002.- 11 желтоқсан.-10 б.

Мансұрұлы Т.  Абыз ақсақал еді: Ардагер, Қарағандының көрнекті қаламгері, марқұм Ж.К.Беқтұров жайлы// Азия Транзит.- Қарағанды, 2000.- N1(наурыз).-18 б.

Мұсабеков Б. Жазулы хатым: Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл / Б.Мұсабеков// Орталық Қазақстан.-2002.- 11 желтоқсан.-8, 9 б.

Несіпбай А. Бір өзі – бүкіл шежіре // Егемен Қазақстан.- 2001.- 22 наурыз

Оразбеков Н., Ермекбаев Т. Жойқын жігер, қажымас қайрат иесі: /Саяси қуғын-сүргін құрбаны, жазушы Ж.Бектұров-85 жаста/ // Орталық Қазақстан.- 1997.- 12 наурыз

Оразбеков Н., Ермекбаев Т. От өрім өмір: /Ж.Бектұров/ // Егемен Қазақстан.- 1997.- 7 мамыр

Оразбек Н. "Жазып қойған хатпен тең" Жайық еді // Орталық Қазақстан.- 2003.- 26   шілде.-8, 9 б.

Оспан Ж. Шежіре қарттың шерлі туындысы: /Ж.Бектұровтың «Таңба» атты кітабы жарық көрді/ // Орталық Қазақстан.- 1998.- 17 ақпан

Самрат Ж.  Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе... немесе Жайық Бектұровтың есімін ардақтауға кейбір жерлестері неге қарсы// Егемен Қазақстан.- 2005.- 9 ақпан.-5 б.

Сексенұлы С. Жазушының мұражай кабинеті ашылды // Орталық Қазақстан.- 2001.- 15                     желтоқсан

Сексенұлы С.  "Кітабым - асыл бұйым төрімдегі"  дейтін жазушы Ж.Бектұровтың аты кітапханаға берілді// Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2002.- 1 қаңтар

Семқұл Б. «Таңба» – Ақтаңдақтар ақиқаты // Абайский вестник.- 1998.- 4 шілде // Қарқаралы.- 1998.- 11 шілде

Смағұлова Т.  Халқына арнап өткен жас ғұмырын: көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Н.Нұрмақовтың туғанына - 110 жыл// Азия Транзит.- Қарағaнды, 2005.-  N4 (сәуір).-4-8 б.

Смағұлова Т.  Есімі әспеттейтін кез келді: Нығмет  Нұрмақовтың туғанына - 110 жыл / Т.Смағұлова, Ғ.Смағұлов// Орталық Қазақстан.- Қарағaнды, 2005.- 10 қараша.-4 б.

Смаханұлы О. Мерейтойға тарту: /Ж.Бектұровқа-80 жыл/ // Сарыарқа.- 1992.- 4 маусым

Сұлтанов Қ. Жәкеңнің әңгімесі // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 22 мамыр // Орталық Қазақстан.- 1992.- 4 маусым

Тайшыбаев З. Жазушы Жайық жетпісте // Орталық Қазақстан.- 1983.- 29 мамыр

Темірбайұлы А.  Мұғалім мен жазушы: Ж.Бектұровтың туғанына 90 жыл толуына / А.Темірбайұлы// Орталық Қазақстан.- 2002.- 17 тамыз.-14 б.

Тойымбекұлы Т. Әз ағаның алдындағы парыз: /Ж.Бектұров туралы/ // Орталық Қазақстан.- 1999.- 26 маусым

Тойбек Ж.  Жазушы Жайық және ақын Базарға ашылған  мұражай: өнер саңлақтары// Орталық Қазақстан.- 2005.- 2 сәуір.-13 б.

Рухани өміріміздің өрісін кеңейте берейік: /Ж.Бектұровтың бай кітапханасы мен құнды архивін мұқият сақтайтын арнаулы жеке үй бөлінуі қажет/ // Орталық Қазақстан- 1993.- 11 наурыз

Халиолла, М. Таңбалы тарлан: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында //Орталық Қазақстан.- 2003.- 27, 29 мамыр.-5 б.

Хасенұлы С. Тозақтан да қасқайып тұрып тік өткен // Орталық Қазақстан.- 1992.- 26 мамыр

Хасенов М. “Ұлтшылдар” дейтін құйтырқы құпия іс: /А.Жевлаковтың мақаласына аудармашыдан қосымша/ // Орталық Қазақстан.- 1990.- 18 қараша

Шәріпқызы М. Хикаялы тағдыр: /М.Әлиакпаровтың “Жайық мінген қайық” кітабы туралы/ // Орталық Қазақстан.- 1997.- 1 қазан

bottom of page