top of page
Шынболат.jpg

Ділдебаев Шынболат

      Ш. Ділдебаев 1937 жылы 22 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында дүниеге келді.

1950 жылы кешкі жұмысшы жастар мектебін, 1964 жылы Жезқазған тау-кен техникумын бітірген. 1957-1992 ж. Жезқазған кенішінің №45 шахтасында жұмысшы, ауысым мастері болып істеді. 1980 жылдардан республикалық ақындар айтысына жиі қатысып, жүлделі орындарға ие болды, шебер термешілігімен танылды. ЖКМК «Горняк» мәдениет үйінде көркемөнерпаздар үйірмелеріне жетекшілік еткен. Сәтбаев қаласындағы «Байқоңыр» кинотеатрының алғашқы директоры (1974), «Арман» халықтық ән-би ансамблін ұйымдастырып, жетекшісі болды (1975). Ансамблмен бірге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина жерлерінде өнер көрсеткен.  «Ұлытау үні», «Байқоңыр дауысы» фестивальдерін алғаш ұйымдастырушылардың бірі.

     1991 жылы ҚР еңбек сіңген мәдениет қызметкері атағы берілді. Сәтбаев, Ақтөбе, Қызылорда қаласының, Шиелі ауданының, (1997) Сұлутөбе ауылының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

Ш.Ділдебаев халыққа кеңінен танымал «Кенші сыры» (1993), «Жылжиды жылдар» (1997) атты жыр жинақтарының авторы. Сәтбаев қаласындағы Кеншілер сарайына Ш.Ділдебаев есімі берілді.

     1998 жылы 7 қарашада қайтыс болды.

Әдебиеттер тізімі

Ділдебаев, Ш.  Кенші сыры: өлеңдер,термелер,айтыстар / Ш. Ділдебаев. - Алматы: Жазушы, 1993. - 111 б.

Ділдебаев Ш. Ұят болды-ау // Арқаның би-шешендері мен ақын-жыраулары: шешендік сөздер және жыр-толғаулар / Қарағанды облысының әкімдігі; құраст. Қ. Асанов. - Астана : Фолиант, 2013. – 284-297 б.

Ділдебаев Ш. Алға ұстар ағамыз еді // Мысты өңір. - Жезқазған, 2003. - 14 наурыз.- 6 б.

Ділдебаев Ш. Алпысыншы көктемім // Шарайна. - 2007. - 2 наурыз (№ 25).- 4 б.

Ділдебаев Ш. Ардақтайтын елім бар // Мысты өңір. - Жезқазған, 2003. – 7 қараша.- 16 б.

Ділдебаев Ш. Жезқазған: жыр шашу // Сарыарқа. - Жезқазған, 2004. - 16 желтоқсан.- 14 б.

Ділдебаев Ш. Сізден ғана нәр алам // Мысты өңір. - Жезқазған, 2008. - 1 мамыр (№16) .- 7 б.

Ділдебаев Ш. Шындық // Қарағанды жастары. - 1990. - 19 қазан (№ 41). - 5 б.

 

Ш.Ділдебаевтың шығармашылығы туралы әдебиеттер:

 

Ұлытау ақындары: мақалалар, өлеңдер, толғаулар, айтыстар / құраст. Ғ. Е. Ештанаев, 2007. - 233 б.

Ділдебаев Шынболат (1937-1998) // Жезқазған: энциклопедиялық анықтама / бас ред. С.Ү. Қожамсейітов. - Алматы : Эверо, 2004. - 191 б.

Шынболат Ділдебаев (1937-1998) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 558 б.

Шынболат Ділдебаев.  - Жезқазған: Қазақмыс, 2007. - 36 б.

Шынболат Ділдебаев [Электрондық ресурс] : 70 жыл, [2009]. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM)

bottom of page