top of page
Букетов1.jpg

Бөкетов Евней

   Евней Бөкетов 1925 жылдың 23 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының Бағанаты ауылында дүниеге келеген.

    Әкесі Арыстан малшы-шаруа болған, етікшілікпен айналысқан, кейіннен совхоз бен колхозда жұмысшы болып істеген, ал шешесі Балтай үй шаруасы және балаларды тәрбиелеумен айналысқан.

    1941 жылы тоғызыншы класты бітіргеннен соң әкесінің ауру болуына байланысты Евнейдің мектептегі оқуды тоқтатуына тура келді, сөйтіп ол жұмыс істей бастады. Ол Октябрь ауданындағы Соколовка, Ольгинка және Жалтыр ауылдарындағы, Двойники және Гордецк селоларындағы бастауыш және орталау мектептерде мұғалім болып қызмет атқарды. Ольгинка селосында мектептің оқу ісінің меңгерушісі де болды.

Евней мұғалім болып 1945 жылдың көктеміне дейін істеді. Бірақ осы жылдардың барлығында да оның ойынан оқуды бітіріп, аттестат алу ниеті ешқашанда шыққан жоқ еді. Бұл арманына осы 1945 жылы қолы жетты, өз бетінше дайындалып, Марьевка орта мектебінде емтихан тапсырып, кәмлеттік аттестат алды.

1945 жылы Е.А.Бөкетов Алматы қаласына келіп, осындағы Қазақ кен-металлургия институтының металлургия факультетіне оқуға түсті, сөйтіп оны 1950 жылы бітіріп шықты. Ол 1947 жылы БК(б)П мүшелігіне кандидат, ал 1949 жылы мүшесі болып қабылданды.

     1951-1953 жылдары Е.А.Бөкетов өзі бітірген институттың (ҚазКМИ) аспирантурасында оқыды да, 1954 жылдың шілде айында Қазақ КСР Ғылым Академиясының Металлургия және кен байыту институтының біріккен ғылыми кеңесінде молибденді бөліп алу оның химиялық анализі мәселелері бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғап шықты.

Осыдан кейін Е.А.Бөкетовтың жоғарғы мектеп оқытушысы ретіндегі еңбек жолы басталды.

1960 жылы академик Қ.И.Сәтбаевтың ұсынысы бойынша Е.А.Бөкетов Қаз. КСРҒА Қарағанды қаласындағы Химия-металлургия ғылыми зерттеу институтының директорлығына тағайындалады және осы қызметте 1972 жылдың наурызына дейін істеген.

    1969 жылы мыс рудаларын жинақы өңдеу технологиясын зерттеп, Балқаш кен-металлургия комбинатына ендіргені үшін Е.А.Бөкетовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Евней Арыстанұлы 1972 жылдың наурыз айында Қарағанды қаласында ашылған республикадағы екінші университеттің тұңғыш ректоры болып тағайындалды. Осы қызметте ол 1980 жылдың қаңтар айының ортасына дейін, яғни денсаулығының нашарлауына байланысты (ал шартты түрде «Өз тілегі бойынша») деген әділетсіз шешім арқылы босатқанға дейін істеді.

Университеттегі ректорлық қызметтен босағаннан соң, Е.А.Бөкетов 1980-1983 жылдары (яғни өмірінің ақырына дейін) Қазақ КСР Ғылым Академиясының Химия-металлургия институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория жетекшісі болып қызмет істеді.

     Е.А.Бөкетов тек қана химия және металлургия саласының үлкен ғалымы емес, сонымен қатар көрнекті әдебиетші, шебер аудармашы, публицист, сыншы болған. Ол артынан көптеген ғылыми және әдеби еңбектерін қалдырып кеткен.

    Е.А.Бөкетов әдебиет саласына ерте араласқан. Ол Марьевка селосының орта мектебінде оқып жүріп С.Мұқановтың “Жұмбақ жалау” романын қазақ тіліне аударған. Одан кейін Е.А.Бөкетов елуінші жылдары әдебиет саласында (ғылыми жұмыстарымен қатар) еңбек етті. Ол Ғ.Мүсіреповтың “Оянған өлке” романына, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, Ә.Тәжібаевтың “Майра”, З.Шашкин мен М.Гольддлагтың “Тоқаш Бокин”, Ш.Құсайыновтың “Кеше мен бүгін”, Н.Хикметтің “Махаббат туралы аңыз” спектакльдеріне сын мақалалар жазған. Ол жазған мақалалар әдеби жағынан сауатты, жоғары кәсіби деңгейде болды.

      Осы елуінші жылдары Евней Арыстанұлы аудармашылық жұмыспен көп айналысады. Ол орыс тілінен қазақ тіліне И.Василенконың “Артемка” повесін, Э.Золяның әңгімелері мен мақалаларын, болгар жазушысы И.Вазовтың “Бұғауда” (“Под игом”) пьесасын, С.Есениннің “Анна Снегина” поэмасын аударған.

Елуінші жылдардың орта шенінде Е.А.Бөкетов шығармашылығы республикада ғана емес, одақ оқушыларына да мәлім болған. Оған тіпті “Литературная газетінің” Қазақстан бойынша меншікті тілшісі болуы жөнінде ұсыныс алған. Бірақ ол ұсыныстан өзіне тән қарапайымдылықпен бас тартады. Өйткені оның негізгі жолы–ғылым, ғылымдық еңбек болған.

      Алпысыншы жылдардың аяғында ол “Орталық Қазақстан” газетіне “Канада әсерлері” атты публицистикалық әңгіме жазған. 1969 жылы сол газетте академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 70 жыл толуына арнап “Аққан жұлдыздан құс жолына дейін” деген үлкен мақаласын бастырған. Бұдан соң ол елімізге белгілі ғалым әрі жазушы ретінде толық танылған. Ол ғылым мен әдебиетті құстың қос қанатындай тең ұстаған.

Ол өзі: “Мен әдебиетті білмеген ғалымды асыл мәнінде нағыз ғалым болады деп айта алмас едім, үлкен ғалымдар қашанда мәдениеті жоғары, әдебиетке жетік болған”, –деп жиі айтқан.

1970-1980 жылдары Евней Арыстанұлы әр түрлі республикалық және облыстық мерзімді басылымдарда ондаған публицистикалық мақалалар жариялаған. В.Маяковскийдің “Керемет” (“Хорошо”) поэмасын, В.Шекспирдің “Макбет” және “Юлий Цезарь” трагедияларын аударған.

       Е.А.Бөкетовты Қазақстан ғылымы мен мәденитетінің туып, дамуы, переспективасы қатты ойландырған. Оның 1975 жылы “Жазушы” баспасынан “Атан қомында туған адам” кітабы және 1977 жылы сол баспадан орыс тілінде “Творчество қырлары” атты деректі-көркем очерктері басылып шыққан. “Атан қомында туған адам” очеркінде өнер, білім, мәдениет туралы әр жылдары жазған ой-толғаныстарымен қоса қазақтың ғалымдары Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, И.Қарағұлов, Ә.Бектұровтардың шығармашылық ізденістерін, талғам-танымын, тапқан жаңалықтарын шұрайлы тілмен әсерлі әңгімелеген. Осы кітабында Е.Бөкетов әдебиет мәселелеріне ойысып, оның ішінде әсіресе, ақындық өнер, ақындық дарын хақында өз түсінігін оқырмандарымен бөліскен.

Е.А.Бөкетовтың орыс халқының Д.М.Менделеевқа арналған повесі “Досқа алты хат” деген кітабы “Жалын” баспасынан 1989 жылы орыс тілінде, ал 1995 жыды қазақ тілінде жарық көрді.

     Өмірінің соңғы күндерінде Е.Бөкетов орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиныің Баркалай де Толлиге арналған “Қолбасшы” (“Полководец”) атты өлеңін қазақшаға тәржімалдаған. Аударманы түп нұсқасымен салыстырғанда Е.Бөкетовтың ақындық қуатын жаңа қырынан көргендей боласың. Оның жазу столынан ұлы математик С.В.Ковалевскаяның өлеңдері табылған. Бұған дейін қазақ ақындарының қолы тимеген жырлар. Бітпеген, атқарылмаған істерінің бір ұшығы осылар болар-ау шамасы.

Академик Е.Бөкетовтың есімін ел есінде мәңгілік қалдару үшін кейінгі жылдары оның әдебиет саласындағы еңбектері жарияланып жатыр. Ғалымның мұрагер інісі Қамзабай Бөкетовтың белсене араласуымен “Көкейкесті” атты шығармасы 2000 жылы “Қазақстан” баспа үйі” серіктестігінен жарық көрді. Бұл кітапта Е.А.Бөкетовтың тірі кезінде жазылып осы кезге дейін жарық көрмеген бір топ сын мақалалары, естеліктері, жол сапар хикаялары қазақ және орыс тілінде енгізілген.

       Е.А.Бөкетов халық жадында сақтаулы. Оның жарқын бейнесі мемориалдық тақта және бейне кескіні арқылы өзі 12 жыл басқарған ҚРҒА-ның Химия-металлургия институтының фасадынан орын алды.

Қарағанды университетінде академик Е.А.Бөкетов атындағы 8 стипендия тағайындалды. 1991 жылы тамыз айында Қарағанды мемлекеттік университетіне оның алғашқы ректоры Е.А.Бөкетов есімі берілді, сонымен бірге Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысындағы «Гүлдер» атты шағын ауданындағы бір көшеге Е.А.Бөкетов аты берілді.

     1992 жылы маусым айында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 20 жылдығы қарсаңында университетте Е.А.Бөкетовтің мұражайы ашылды, ал жаңа 1993 жылдың қарсаңында ҚарМУ-да және ҚРҒА-ның Орталық Қазақстан Бөлімшесінде республиканың творчество саласындағы жастарды биік парасаттылық, азаматтық негіздер рухында тәрбиелеу және оларға жәрдем және қолдау көрсету мақсатында Е.А.Бөкетов қоры құрылды.

Е.Бөкетовтің туғанына 80 жыл толуына байланысты республиканың Ескерткіштер және монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссиясы шешімімен Қарағанды мемлекеттік университеті алдындағы алаңға ғалымға ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторлары біздің жерлестеріміз - мүсінші А.Билык және сәулетші С.Мордвинцев. Ескерткіште академик дәріс кафедрасына оң қолын тіреп, ойлы көзбен бүгінгі жас ұрпаққа мерейлене қарап тұр. Тұлғаның биіктігі 4,32 метр. Тұғыры қызыл граниттен жасалған. Ескерткіштің жалпы жалпы биіктігі жеті метрге жуық. 2006 жылы 14 желтоқсанда ескерткіштің ашылу салтанаты болды.

Әдебиеттер тізімі

Бөкетов Е. А. Шығармалар жинағы: алты томдық. 1 т. / Е. А. Бөкетов; ред. Е. Қ. Көбеев. - Қарағанды: ҚарМУ, 2005. - 444 б.

Бөкетов Е. А. Шығармалар жинағы: алты томдық. 4 т. / Е. А. Бөкетов; ред. Е. Қ. Көбеев. - Қарағанды: ҚарМУ, 2005. - 433 б

Бөкетов Е. А. Шығармалар жинағы: алты томдық. 5 т. Бірінші кіт. / Е. А. Бөкетов; ред. Е. Қ. Көбеев. - Қарағанды: ҚарМУ, 2007. - 395 б.

Бөкетов Е. А. Шығармалар жинағы: алты томдық. 5 т. Екінші кіт. / Е. А. Бөкетов; ред. Е. Қ. Көбеев. - Қарағанды: ҚарМУ, 2007. - 427 б.

Букетов Е. А. Көкейкесті = Сокровенное. Кн. 2 / Е. Букетов. - [Б. м. : б. и.], 2002. - 410 б.

Букетов Е. Алты хат: Повесть.- Алматы: Жалын, 1996.- 272 бет.

Букетов Е. Атан қомында туған адам: Ғылым, өнер туралы ойлар.- Алматы: Жазушы, 1975.- 140 бет.

Букетов Е. Жас Қаныш: Деректi хикаят.- Алматы: Қазақстан, 1999.- 192бет.

Букетов Е. Көкейкестi.- Алматы: Қазақстан, 2000.- 432бет

Евнейдің бұлағы = Родник Евнея: өлеңдер жинағы - Алматы : Санат, [б.г.]. - 212 б.

Золя Э. Әңгімелері мен мақалалары. / орысшадан ауд. Е.А.Букетов. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1956.–232 б.

 

***

Бөкетов Е. А. Адам болам десеңіз // Орталық Қазақстан. - 2005. - 19 наурыз. - 7  б.

Бөкетов Е. "Жиеннің" жиендігі жайында Жақыпбектің айтқаны // Орталық Қазақстан. - 2004. – 14-28 желтоқсан. - 6  б.

Бөкетов Е. А. Канада көріністері // Орталық Қазақстан. - 2013. - 12 желтоқсан (№ 216/217). - 4 б ; 14 желтоқсан (№218/219). - 6 б.

Бөкетов Е. Үш сұлу: өлеңдер // Орталық Қазақстан.- 2001.-28 сәуiр

Букетов Е. Ағадан – ақыл, ініден - ілтипат // Білім және еңбек.–1971.- №6.- 14-15б, 20-21б.

Букетов Е. Аққан жұлдыздан құс жолына дейін // Орталық Қазақстан.–1969.- 21 наурыз

Букетов Е. Алтын босағаны аттағандарға // Жалын.– 1976.- №4.- 134-140 б.

Букетов Е. Алып адым: /Республикадағы қара металлургия өндірісінің даму тарихынан/ //Жұлдыз.–1977. - №11.- 138-140 б.

Букетов Е. Жаңа тұрмыстың жас әдебиеті // Әдебиет және искусство. - 1953. - № 11. - 49 б.

Букетов Е. Жас замандас келбеті. // Мәдениет және тұрмыс. – 1974.-№1.- 1-4 б.

Букетов Е. Көркем аударма, қал қалай?! // Лениншіл жас.– 1975.–4 шілде

Букетов Е. Қарағанды. Химия және оның болашағы. // Социалистік Қазақстан.–1969.–21 наурыз

Букетов Е. Қараша үйден Қарағанды университетіне дейін. // Білім және еңбек. – 1972. -№12.- 20-23 б.

Букетов Е. Макбет. // Орталық Қазақстан.–1978.–17 мамыр

Букетов Е. Өндіріс пен ғылым егіз. // Қазақстан коммунисі. – 1972.- №4.–49-54 б.

Букетов Е. Сыйлас, сырлас, көмектес: / Жастар туралы // Социалистік Қазақстан.-1969.–11 қазан

Букетов Е. Сырласамыз көсеммен. // Орталық Қазақстан.- 1970.- 19 көкек.

Букетов Е. Табиғат ананы аялай білейік. // Орталық Қазақстан. - 1988. – 19 қараша

Букетов Е. Табиғат тіршілік көзі. // Социалистік Қазақстан.- 1978.- 31 қазан

Букетов Е. Шәкәрім туралы Абзал Қарасартовпен әңгіме // Жұлдыз. - 2000. - N11.-69-87 б.

 

***

Есенин С. Келіншекке хат. Качаловтың итіне: / Ауд. Е. Букетов/ // Қазақ әдебиеті.–1974.–23 тамыз

Шекспир У.  Макбет: Е.А.Бөкетовтің тәржімасы // Азия Транзит.- Қарағанды, 2005.- N3  (наурыз).-9 б.

 

Ол туралы әдебиеттер:

 

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті = Карагандинский университет имени академика Е.А.Букетов = Academician E.A.Buketov Karaganda State University / ред. Р.М. Жумашев . - Караганда: ТАис, 2006. - 84 б.

Асанов К. Д. Е.А. Букетовтің публицистикасы: автореферат - Алматы, 2002. - 30 б.

Әдеби Қарағанды: Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова.- Қарағанды: б.ж., 2000.- 89 б.-(Облыстық кітапхана-өлкетану орталығы)

Әлімбаев М. Толқыннан толқын туады: (Қазақ әдебиеті қайраткерлері шығармашылығына арналған зерттеулер) - Алматы: Қазақ ун-ті, 1992. - 248 б.

Бөкетов Қ. Тоғысқан тағдырлар: - Қарағанды: Арко, 2008. - 151 б.

Бөкетов Евней Арыстанұлы (1925-1983) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 194-195 б.

Букетов Е.А. // Қазақ Совет Энциклопедиясы. 2-ші том.- Алматы, 1973.- 485 б.

Букетов Е.А. // Қазақ ССР. қысқаша энциклопедия. 3-ші том.- Алматы, 1988.- 146-147 б.

Букетов Е.А. // Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 140-141 б.

Букетов Евней. // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиографиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.- 152-153 б.

Букетов Қ., Марал Х. Біртуар: Академик Е.А.Букетов жайлы естеліктер жинағы.- Қарағанды, 1998.- 225 б.

Біртуар: академик Е. А. Букетов жайлы естеліктер. - Қарағанды: Марал Хасен, 1998. - 225 б.

Евней Арыстанұлы Бөкетов = Евней Арстанович Букетов: Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясына қатысты материалдар / ред. М.Ж. Жұрынов. - Қарағанды: АРКО, 2005. - 183 б. - (Библиография ученых Казахстана).

Евней Арыстанұлы Букетов. Биобиблиографиялық көрсеткіш = Евней Арстанович Букетов. Биобиблиографический указатель: 23.03.1925-13.12.1983 / құраст.: М. И. Жамбеков, К. Т. Рүстембеков, З. М. Ким. - Қарағанды: Типография КарГУ, 1992. - 154 б.

Евней Бөкетов туралы лебіздер мен пікірлер = О Евнее Букетове: это было сказано при жизни: мақалалар, очерктер, естеліктер. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. - 237 б.

Евней Бөкетов туралы лебіздер мен пікірлер: мақалалар, очерктер, естеліктер / құраст. Қ. Бөкетов.- Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004.- 237 б.

Зікібаев Е. Жыр-тағдырым: өлеңдер, толғаныстар, эсселер, естеліктер - Алматы: [б.ж.], 2003. - 372 б.

Қуандыкова Д. Қ. Е. Букетовтің әдеби мұрасы: автореферат - Астана: [б.ж.], 2007. - 32 б.

Қыры-ғылым, өрі-өлең: Евней Бөкетов туралы естеліктер / Құраст.:Қ.А.Бөкетов, М.Касен, Қ.Әбдіқалақов; ҚРның Білім және ғылым министрілгі Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ.- Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2001.- б.: сурет.  

Салықов К. Евней Букетовке реквием; ред. Б. Асанбаев. - Алматы: Ғылым, 1994. - 16 б.

Сәрсеке М. Ебіней Бөкетов - Астана: Фолиант, 2005. - 528 б.

Сәрсеке М. Ебіней Бөкетов; ред. Н. Оразбек. - Алматы: Қазақстан, 2005. - 504 б.

 

***

Қарағанды Мемлекеттік университетіне Қазақ ССР Ғылым акдемиясының акдемигі Е.А.Бөкетовтің есімін беру туралы // Қаз ССР үкіметінің қаулылар жинағы.- 1991.- №18

Қарағанды облысы. Қарағанды облысы әкімі. Е.А.Бөкетовтің 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды өткізу туралы: Қарағанды облысы әкімінің өкімі // Орталық Қазақстан.- 2004.- 11 қараша.-2 б.

Абдуллина Ә. Мұражай - тарих айнасы // Орталық Қазақстан.- 1993.- 13 шілде

Ақанов С. Ұстаз туралы сөз // Орталық Қазақстан.- 2003.- 11 ақпан.-7 б.

Ақбасов Е. Ғалым - аға // Орталық Қазақстан.- 1975.- 1 қараша.

Ақсұңқарұлы С. Евней Бөкетов // Орталық Қазақстан.- 2005.- 24 наурыз.-7 б.

Алпысұлы С. Академик Е.А.Бөкетовке ескерткіш орнатылды // Орталық Қазақстан.- 2006.-14 желтоқсан.-4 б.

Алтайұлы Ұ. Асқар тау алыстан көрiнедi // Сана.- 2000.-6 сәуiр (N13).-2 б.

Амантаев Ө. Жарты ғасырда - жаһан жаңа: ЭКСПО: 1967-2017 // Орталық Қазақстан. - 2013. - 21 мамыр (№ 79/80). - 3 б.

Асанов Қ. Е.А.Бөкетов аудармаларындағы шеберлiк пен шешендiк // Азия Транзит.- 2001.-N12.-42, 44 б.

Асанұлы Қ. Е.А.Букетов публицистикасындағы ой мен тiл үйлесiмi // Ақиқат.- 2002.- N1.-91-94 б.

Асанұлы Қ. Ұлылықтың отын жаққан шырақшы // Орталық Қазақстан.- 2008.- 13 наурыз.-4 б.

Асанұлы Қ.Д. Бөкетов парасаты //Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.- Қарағaнды, 2005.- N1-107-109 б.

Асанұлы Қ. Евней Букетов публицистикасы // Жұлдыз.- Алматы, 2003.- N6.-157-162 б.

Ахметов Қ. Көп күткен қуаныш еді // Балқантау.- Қарағaнды, 2006.- 14 желтоқсан(N23).-2 б.

Ахметов Қ. "Толқынды толқын қуады" // Орталық Қазақстан.- 2005.- 3 наурыз.-11 б.

Әбдіразақова А. Ғалымның педагогикалық идеялары // Орталық Қазақстан.- 2005.- 13 қаңтар.-14 б.

Әбішев Ж, Малышев В. Тұлғалы ғалым, көрнекті қаламгер // Орталық Қазақстан.- 1985.- 22 наурыз.

Әлімбаев М. Химик - лирик // Азия Транзит.- Қарағанды, 2005.- N3 (наурыз).-2 б.

Әлімбаев М. Кісілік пен кішілік. // Парасат.- 1991.- №1.

Әлімжанов А. Мұралар мен мұраттар. // Қазақ әдебиеті.- 1987.- 24 көкек

Байсанов С. Академик Арыстанұлының аспирантымын // Орталық Қазақстан. - 2013. - 12 желтоқсан (№ 216/217). - 4 б.

Бектұров Ж. Ғалым-жазушыға ескерткіш тақта орнатылды // Қазақ әдебиеті.- 19 маусым

Бектұров Ж. Корреспондент-мүше //Жұлдыз.- 1970.- №8.- 94-97б.

Бектұров Ж. Тамырлас тағдырлар // Орталық Қазақстан.- 1985.- 23 наурыз

Белгібаева Г. Өмірі мен қызметі – патриотизмнің үлгісі // Орталық Қазақстан.-2005.- 2 сәуір.-5 б.

Бөкетов Қ. "ЖЗЛ"-дағы жетінші қазақ // Орталық Қазақстан.- 2008.- 21 ақпан.-6 б.

Бөкетов Қ. Академик Евней Бөкетов және "Орталық Қазақстан"// Орталық Қазақстан.- 2001.-20 маусым

Бөкетов Қ. Ана мерейі // Орталық Қазақстан.- 2006.- 7 наурыз.-6 б., Сыр мен сымбат.- Қарағанды, 2006.- N1-2.-4-6 б.

Бөкетов Қ. Тау жотасының алыптары // Орталық. Қазақстан.- 2000.-29 наурыз

Бөкетов Қ. Ұлы адамның ғибратты ғұмыры // Орталық Қазақстан.- 2007.- 14 шіл.-2 б.

Букетов Қ. Ағам менің досым еді // Орталық Қазақстан.- 1989.- 19-20 июль

Букетов Қ. Вике мен Еке. // Орталық Қазақстан.- 1990.- 2 наурыз

Букетов Қ. Евней Букетовтың белгісіз қырлары // Ақиқат.- 1992.- №6.- 65-70 б.

Букетов Қ. Талантты тану қандай қиын еді. // Қазақ әдебиеті.- №3.- 17 қаңт.- 12-13 б.

Ермағамбетов Б. Есімі ел есінде // Орталық Қазақстан.- 1994.- 31 желтоқсан

Жақатаев А. Евекеңе ерген күндер // Орталық Қазақстан.- 1995.- 28 ақпан

Жақсыбаев А. Жарқын тағдыр тауқыметі // Егемен Қазақстан. - 2008. - 7 маус. - 5 б.

Жанғожин А. Iргелi ғылым орталығы /Е.Лұқпан// Орталық Қазақстан.- 2004.- 13 қаңтар.-3 б.

Жұмағали С. Ғалымның аудармасы сахналанды // Орт.Қазақстан.-2005.- 9 сәуір.-10 б.

Жұмаділов Т. Алуан білімді ғалым // Азия Транзит.- Қарағанды, 2005.- N1.-28 б.

Жұмасұлтанов Ә. Ғибраты мол кездесулер // Орталық Қазақстан.- 2005.- 15 қаңт.-9 б.

Жұмашұлы Қ. Ұлылықтың белгісі // Орталық Қазақстан.-2005.- 15 қаңтар.-9 б.

Жүнісов Т. Жарқын да жайсан еді. // Орталық Қазақстан.- 1989.- 3 мамыр

Исабаев Қ. Адал достық // Орталық Қазақстан.- 2005.- 13,15 қазан.-11 б.

Каренов Р. Өмірі де, өзі де өнеге еді // Орталық Қазақстан.- 2005.- 3 наурыз.-10 б., Азия Транзит.- Қарағанды, 2005.- N3 (наурыз).-3 б.

Кәренов Р. Көмірден – көгілдір алау //Орталық Қазақстан.- 1993.- 14 желтоқсан

Кәренов Р. Сұйық көмір // Орталық Қазақстан.- 1993.- 21 қазан

Кәрібаев Б. Ағамен соңғы сұхбат // Орталық Қазақстан.- 1989.- 12, 13 мамыр

Кемелбаева А. Елі сүйген Ебіней // Қазақ әдебиеті.- 2005.- 8-14 сәуір(N14).- 5  б.

Көбеев Е. Қазақтың біртуар азаматы //Орталық Қазақстан.- 2005.- 19 наурыз.-4,5 б.

Көкетаев Т. Ғұлама // Орталық Қазақстан.- 1997.- 20 қыркүйек

Көкетай Т. Жүректің көзін ашқан жан // Орталық Қазақстан.- 2005.- 19 наурыз.-6 б.

Қабдеш және Ебней... // Қасым. - 2012. - № 4. - 37-39 б.

Қабышұлы Ғ. Бір күні... // Орталық Қазақстан.- 2005.- 27 қаңтар.-6 б.

Қабышұлы Ғ. Ғұлама, қаламгер // Орталық Қазақстан. - 2013. - 19 қаңтар. - 3 б.

Қадiрәлiұлы Ғ. Таудай тұлға // Орталық Қазақстан.- 2000.-15 наурыз

Қадіралин Ғ. Академик ағамыз. // Орталық Қазақстан.- 1988.- 11 қыркүйек

Қанапиянов Б. Мәңгілік алдындағы сейілдеме; ауд. М. Хасен // Қасым. - 2013. - № 1. - 39-43 б.

Қарақұлов И. Жылдарға жалғасқан достық // Орталық Қазақстан.- 1991.- 23 ақпан

Қарасартов М. Ғалымның тілегі // Орталық Қазақстан.- 1990.- 12 сәуір

Қойшыбаев, Қ. Евней ағамен болған екi күн // Азия Транзит.- 2002.- N9.-15 б., Орт.Қазақстан.- 2005.- 31 наурыз.-3 б.

Құдабаев А. Ебекең туралы үзік сырлар // Орталық Қазақстан.- 2005.- 24  наурыз.-7 б.

Құдышұлы О. Асыл адам айнымас. // Орталық Қазақстан.- 1995.- 19 қаңтар

Қырғызалин А. Есімнен мәңгі кетпейді. // Коммунизм таңы.- 1989.- 13 май

Мақаш Д. Ғұламаның тағы бiр тағлымы // Орталық Қазақстан.- 2001.-28 сәуiр

Могильницкий В. Бөкетов өмірі жалғасуда // Орталық Қазақстан.- 1999.-15 қыркүйек

Могильницкий В. Евекең туралы естелік. // Орталық Қазақстан.- 1995.- 23 ақпан

Мұқанов Қ. Дарқан еді даласындай // Сарыарқа. - Алматы. - 1997. - № 6. - 88-92 б.

Мұқанов Қ. Қыры - ғылым, өрi - өлең // Орталық Қазақстан.- 2002.- 24 сәуiр

Мұқашева Ж. Бөкетов жайлы бөлек туынды // Орталық Қазақстан. - 2008. - 29 наурыз (№49-50) .- 1 б.

Мырзаханұлы Н. Алты хат - зерделі парасат // Орт. Қазақстан.- 2005.- 25 тамыз.-10 б.

Нұрғалиұлы И. Биік тұлға // Орталық Қазақстан.- 1995.- 18 наурыз

Оразалиева Г. Асқар тауымыз еді... // Орт.Қазақстан.- 2005.- 17,19,24 наурыз.-10 б.

Оразалықызы Г.  Тұғырлы тұлға // Ақиқат. - 2006. - №11/12. - 98-105  б.

Рақымов Б. Ғабең мен Евнейдiң достығы / Б.Рақымов, С.Әбiкенова // Орталық  Қазақстан.- 2002.- 15 мамыр

Решеткина К. Үлкен жүректі ғалым // Орталық Қазақстан.- 1987.- 26 май

Рүстембеков К. Ұстаздың ұлық істері жалғасуда // Орталық Қазақстан. - 2012. - 23 ақпан (№ 32). - 3 б.

Рүстембеков К. Ұстазымызның ұлағатын ұмытпаймын // Орталық Қазақстан.- 1995.- 18 наурыз

Салықов К.  Өмір сыры // Шарайна.- Сәтбаев, 2005.- 21 желтоқсан.-4 б.

Салықов К. Евней Бөкетов - дарынды аудармашы // Орталық Қазақстан.- 2005.- 19 наурыз.-8 б.

Салықов К. Евней Бөкетов - шығармашылық пен қайырымды iстердiң шыңы // Орталық Қазақстан.- 2004.- 17 сәуiр.-8 б.

Сәрсеке М. "Алыстан сермеп, жүректен тербеп": Ебіней Бөкетовтің хаттары бойынша эссе // Егемен Қазақстан. - 2013. - 30 қаңтар (№ 56). - 7, 8 б.

Сәрсеке М. Әдебиет білгірі: "Қайрат Бөкетов" ғұмырнамасынан үзінді // Әдебиет айдыны.-2008.- 10 қаңтар (№1-2).- 10-11 б.

Сәрсеке М. Ебіней: жазушы М.Сәрсекемен сұхбат /сұхбаттасқан Д.Сейсенұлы // Егемен Қазақстан.- Алматы, 2005.- 25 мамыр.-9 б.

Сәрсеке М. "Ебіней Бөкетов" "ЖЗЛ" сериясынан қалай шықты?: жазушы М.Сәрсекемен сұхбат / Сәрсеке М.; сұхбаттасқан А.Кемелбаева // Орталық Қазақстан.-2007.- 24 қараша.- 4 б.

Сәрсеке М. Қаныштың iзбасар iнiсi // Егемен Қазақстан.- 2003.- 26 қыркүйек.-3 б.

Сәрсеке М. Мәскеу. "ЖЗЛ" сериясы. 7-ші кітап: жазушы М.Сәрсекемен сұхбат / әңгімелескен Ж.Ә. Аупбаев // Егемен Қазақстан. - 2007. - 28 қараша (367-370). - 7 б.

Сәрсекеев М.  "Қаныш ұлыны ұлықтап, өтті менің ғұмырым...": жазушы Медеу Сәрсекеевпен сұхбат / әңгімелескен Айгүл Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 27 қаңтар(№4). - 4-5  б.

Сәрсекеев М. Ұстаз тағылымы: Эссе. // Жұлдыз.- 1991.- №3.

Сәулебектегі А. Біз білетін Бөкетовтың біз білмейтін қарлары // Жас Алаш.-2005.- 19 наурыз.-8 б.

Сейдімбеков А. Жүрек жылуы // Орталық Қазақстан.- 2005.- 19 наурыз.-8 б.

Темірбеков А. Ғалымға ескерткіш. // Орталық Қазақстан.- 1987.- 27 мамыр

Тобаяқов Б. Есілден шыққан еңсегей // Орталық Қазақстан.- 2005.- 31 наурыз.-3 б.

Толымбеков М. Е.Бөкетовтің ғылыми идеялары және Қазақстанның қазіргі кезеңдегі металлургиясы // Орталық Қазақстан.- 2005.-19 наурыз.-9 б.

Уәлиев Д. Мейірім шуағын шашқан ұстаз // Орталық Қазақстан.-2005.- 8 қазан.- 14 б.

Халиолин М. Ғылым адалдықты, ерлікті тілейді / М.Халиолин, А.Сейдімбеков // Орталық Қазақстан.- 1975.- 21 наурыз

Ысқақова А. Ағасын ардақтаған азамат // Орталық Қазақстан.- 2003.- 15 наурыз.-9 б.

Юсупова С. Данагөй ғалым, айтулы тұлға // Дала мен қала.- 2005.- 1 сәуір.-12 б.

bottom of page