top of page
Сатыбалдин.jpg

Қапан Сатыбалдин

    Қапан Сатыбалдин 1917 жылы 25 желтоқсанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған. Ол балалар үйі жанындағы мектепте және Тау-кен өнеркәсібі училищесінде оқып білім алған. Одан кейін Алматыдағы Абай педагогика институтында, Москвадаға кинематография институтында оқыған. Қазақстан Жазушылар одағының жас жазушылар секциясын басқарды, республикалық газеттердің редакцияларында және Қазақ ССР кинематорграфия комитетінде қызмет істеді. Кезінде Жамбылдың әдеби секретары болды. 1943-1944 жылдары соғыс майданында «Совет жауынгері» газетінде қызмет етті. «Қазақфильм» студиясында директордың орынбасары, «Жұлдыз» журналында Бас редактордың орынбасары, «Қазақ әдбиеті» газетінің Бас редакторы, біраз уақыт Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болған.

    Қ.Сатыбалдиннің әдеби қызметі 1936 жылы басталды. Оның бұл кездердегі күнделікті тақырыптарға жазған өлеңдері «Социалистік Қазақстан» газетінің бетінде басыла бастады.

    1938 жылы оның «Мен жырлаймын» деген атпен бірінші өлеңдер жинағы шықты. Ол келесі жылы «Венецияның кегі», «Ағылшын сыр» поэмаларын жазды, соңғы поэмасы комсомолдың 20 жылдық мерекесіне арналған республикалық конкурста бәйге алды.

    1940 жылы «Айдан тамған жас», «Махаббат» поэмаларын жазды. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол өлеңдер, очерктер жазып, олар республикалық және майдандық газеттерде жиі басылып тұрды. 1945 жылы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған поэмасы басылып шықты.

   Ол бірқатар драмалық шығармалардың да авторы. Киносценарийлер де жазған, Қ.Сатыбалдиннің сценарийлері бойынша көркем және деректі фильмдер түсірілген.

   Қ.Сатыбалдин И.А.Крыловтың мысалдарын, Н.А.Некрасовтың поэмасын, Н.Гулианың повесін, Горбатовтың пьесасын және туысқан республикалардың ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аудару саласына да көп еңбек етті.

   Қ.Сатыбалдин өз шығармашылығында қазақ халқының басынан кешкен тарихи-революцияны бейнелеуге тырысты, ұрпақтар сабақтастығын және қазақ даласында болып өткен әлеуметтік өзгерістердің тарихи мәнін көрсетті.

   Қ.Сатыбалдинннің 1975 жылы «Жазушы» баспасынан 4 томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді. Алматыдағы өзі тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта қойылды. Қарағандыда бір көшенін аты берілді.

Әдебиеттер тізімі

Сатыбалдин Қ. Болашақ: Өлеңдер // Дауылпаз жырлар.- Алматы, 1987.- 296-304 б.

Сатыбалдин Қ. Қараторғай: Повестер мен әңгімелер.- Алматы, 1968.- 362 б.

Сатыбалдин Қ.   Қараторғай: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1998.- б.

Сатыбалдин Қ. Таңдамалы шығармалар. Төрт томдық.- Алматы: Жазушы

Т. 1: Өлеңдер мен поэмалар.- 1972.- 295 б.

Т. 2: Пьесалар.- 1973.- 415 б.

Т. 3: Повестер мен әңгімелер.- 1974.- 332 б.

Т. 4: Очерктер, әдеби сын мақалалар.- 1975.- 299 б.

Сатыбалдин Қ. Іңкәрім: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1985.- 112 б.

Сатыбалдин Қ. Шығармалары; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана: Фолиант, 2014. - 385 б.

Қ.Сатыбалдин шығармалары туралы:

Әдеби Қарағанды: библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова. - Қарағанды: б.ж., 2000. - 89 б.

Сатыбалдин Қапан (1917-1969) // Майдангер қаламгер: анықтамалық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. - Алматы: Олжа, 2010. – 108-109 б.

Сатыбалдин Қапан (1917-1969) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 463 б.

Сатыбалдин Қапан // Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия. Т. 4. Тіл, әдебиет, фольклор, өнер, архитектура.- Алматы, 1989.- 518 б.

Сатыбалдин Қапан // Қарағанды. Қарағанды облысы.- Алматы, 1990.- 489 б.

Сатыбалдин Қапан // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиографиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.- 534, 535 б.

Сатыбалдин Қапан //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 269 б.

***

Асқаров Ә. Сырағаң сонда сөйлейді... // Егемен Қазақстан.- 2015. - 24 маусым (№ 117). - 12 б.

Бектұров Ж. Қапанға хат // Орталық Қазақстан.- 1992.- 12 желтоқсан

Жазықбаев Е. Жарық жұлдыздардың бірі еді // Орталық Қазақстан.-2007.-13 желтоқсан.- 6  б.

Жазықбаев Е. Халқының ол да бір ардағы еді.. // Орталық Қазақстан.- 1997.- 22 қазан

Жұмаділов Қ. Қапастағы бұлбұл // Қазақ әдебиеті.- 1997.- №48.- 14 б7

Жұмаділов Қ. Менің алғашқы бастығым // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 4-10 қазан (№ 39/40). - 6 б.

bottom of page