Тұңғышбай Мұқан
1946 жылдың 1 қазанында Қоңырат ауданы Калинин колхозында туған. Қарағанды педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп, еңбек жолын мұғалім болудан бастап, комсомол комитетінде, аудандық мәдениет бөлімінде режиссерлық, басшылық қызметте болған. «Ақтоғай халық театрының», «Тоқырауын толқындары» ансамблінің негізін қалауға айрықша ат салысып, Бүкілодақтық және Республикалық байқаулардың лауреаты атанған. Өнердегі еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Аудандық кәсіптік техникалық училищесін басқарған жылдарында «Білім беру ісінің үздігі», Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері болып, Білім министрінің Құрмет грамотасын алған. Ауданның қоғамдық саяси өміріне араласқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттары мен ҚР Конституциясының 10 жылдығы, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелік медальдарымен марапатталған.
Аудан тарихын жинақтап зерделеудегі өлкетанушылық жұмыстары үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет комитетінің құрмет грамотасын алған. «Ел тарихы – рухани қазына», «Ақтоғай өнерінің шамшырақтары» аты кітаптары жарық көрген.
Әдебиеттер тізімі
Тұңғышбай Мұқан. Ел тарихы-рухани қазына (Тарихи-танымдық кітап. Мағлұматтар мен деректер) «Нұрсая» баспаханасы,-Балқаш қаласы. 2016 .-165 бет.
Мұқан Т Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайы. Қазақша-орысша тілде. Қарағанды қаласы. «Форма плюс» баспаханасы 2013.-106 б.