Серік Сағынтай
Серік Сағынтай 1976 жылы 11 желтоқсанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
1992 жылы Қоңырат ауылында Қазыбек Нұржанов атындағы орта мектепті тәмамдап, Жезқазғандағы О.Байқоңыров атындағы университеттің тарих-шет тілдер факультетіне түседі.
1997 жылы университетті бітірген соң, Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері» (Тоқырауын тынысы) газетіне әдеби қызметкер болып орналасқан. 2000 жылдан Балқаш қалалық «Балқаш өңірі» газеті редакторының орынбасары, облыстық «Балқантау» газетінің бас редакторы, республикалық «Айқын», «Алаш айнасы» газеттерінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Қазір республикалық «Қасым» әдеби-қоғамдық журналының Бас редакторы.
«Шабыт» Халықаралық фестивалінің лауреаты. Бірнеше республикалық жыр мүшәраларының жүлдегері. «Жазу», «Фәни құс» атты жыр жинақтары «Қарға» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Әдебиеттер тізімі
Сағынтай С. Құс қайтару: өлеңдер /Серік Сағынтай -Алматы: «Айғаным» баспа үйі,2015.-190 б.
Сағынтай С. «Жазу». Астана -2007.-90 б.
Сағынтай С Қарға: Әңгімелер.-Астана: Профи Медиа, 2011.-144 б.