top of page
Көшен Елеуов.jpg

Көшен Елеуов

    Көшен Елеуов Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Бесоба ауылында дүниеге келген. Әкесі аңшы, мерген, домбрашы, сауыққой болған. Бала кезінде Көшен моллада оқиды. 1916 жылы Көшен майданға алынып, Ресейдің батыс шекарасында қара жұмыс істейді. Алғашқы өлеңі – «Елге сәлем» осы жылда жазылған. Оны Семей қаласынан аттанып, окоп қазуға бара жатқан сапарында жазған. К.Елеуов өлеңдерінде халықтың ескі замандағы ауыр тұрмысын жырлады.

   Майданнан босанысымен К. Елеуов еліне келіп, әуелі ауылдық Совет председателінің орынбасары, кейін «Қызыл Ту» ауыл советінде председатель қызметін атқарады.

    Көшен аға еңбек адамдарының жарқын істерін жырлады. Аттары аңызға айналған тарихи адамдарға, Ұлы Отан соғысының батырларына, Қарағандының атақты кеншілеріне арнап, «Баян», «Қорқыт», «Бозінген», «Екі дос», «Қарағанды», «Жылқышы», т.б. дастандарын шығарды. Ақын аудандық, облыстық, республикалық халық таланттарының жиындарына қатынасып, онда Шашубай Қошқарбаев, Ілияс Манкин, Қайып Айнабеков, Жолдыкей Нұрмағамбетов, т.б. тәрізді ақындарымен айтысты.

    К.Елеуов қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісіне жемісті еңбек сіңірді.

    Айтыстары мен топтама өлеңдері. «Ақындар жыры» (1963), «Пернедегі термелер» (1965), «Айтыс» (3-т., 1966), «Ленин деп халық жырлайды» (1969) жинақтарында жарияланды.

    КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1961)

   К.Елеуов 1971 жылы тамыз айының 31-де Бұқар жырау ауданы «Буденый» атындағы ауылында 79 жасында дүние салды.

Әдебиеттер тізімі

Елеуов К. Алтын дән // Пернедегі термелер: Қазақ Совет халық ақындарының шығармалары / Жалпы бас ред.С.Мұқанов.- Алматы: Жазушы,1965. – 140-142 б.

Елеуов К. Жан сусынын Жосалыдан табасың // Ақындар жыры.- Алматы, 1963.- 51-52, 122-124 б.

Елеуов К. Комбайн // Ақын жырлары / Құр. М.Дүйсенов, Е.Ысмаилов.- Алматы: Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасы,  1958. – 225-226 б.

Елеуов К. Күй мініп, сәулет киіп… // Тарту. Өлеңдер жинағы.- Қарағанды, 1958.- 14-19 б.

Елеуов К. Шығармалары / құраст. М. Асқарова; Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. - Ботақара : [б. ж.], 2012. - 110 б.

Жолдыкей мен Көшен // Қаһарлы сөз қамал бұзады: жинақ. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ақындар айтысы / құраст. К. Сейдаханұлы. - Алматы: Ғылым, 1995. – 177-195 б.

Шашубай мен Көшен // Арқаның айтыс ақындары: айтыстар / Қарағанды облысының әкімдігі; құраст. Қ. Асанов. - Астана : Фолиант, 2013. – 34-54 б.

Ілияс пен Көшеннің айтысы. Жолдыкей мен Көшеннің айтысы // Қарағанды жұмысшыларының Әңгіме-жырлары.- Алматы, 1961.- 203-211 б.

 

***

Елеуов К. Жалынды жастарға // Советтік Қарағанды.- 1962.- 28 наурыз

Елеуов К. Жаңа заем - жауға соққы // Орталық Қазақстан. - 1990. - 1 сәуір (№ 76). - 3 б.

Елеуов К. Жылқышылар // Советтік Қарағанды. - 1962. - 9 декабрь (№ 290). - 3 б.

Елеуов К. Кездесу // Советтік Қарағанды. - 1962. - 9 август (№ 188). - 3 б.

Елеуов К. Ұлыстың Ұлы күні // Орталық Қазақстан.- 1969.- 1 қаңтар

Елеуов К. Шыңыраудан шыңға // Орталық Қазақстан.- 1969.- 27 сәуір

 

К. Елеуов шығармашылығы туралы:

 

Ақын-жыраулар / Қазақ ССР Ғылым Академиясы.- Алматы: Ғылым, 1979. – 183 б.

Елеуов Көшен //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 109 б.

Елеуов Көшен (1882-1971) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. – Алматы: Атамұра, 2006. – 225 б.

Елеуов Көшен. // Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. 4 том.- Алматы, 1989.- 229 б.

Елеуов Көшен. // Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы: Жазушы, 1997.- 199 б.

Көшен Елеуов // Орталық Қазақстанның жазушылары: Методикалық-библиографиялық материалдар.- Қарағанды, 1973. – 21-22 б.

 

***

Асқарова М.  Өлең-жыры көшелі Көшен ақын // Сарыарқа. - Ботақара поселкасы. - 2012. - 2 маусым (№ 22). - 10 б.

Жанғожин А. Ж. Киелі өнер қаһарлы жылдарда // Мәдени мұра = Культурное наследие. - 2013. - № 1. - 74-78 б.

Жұмағұлов А.             Көшелі өнер иесі - Көшен ақын // Орталық Қазақстан. - 2012. - 16 маусым (№ 97/98). - 6 б.

Орынтаев О. Көшен көшелі ақын еді. // Орталық Қазақстан.- 1973. - 14 қаңтар.

Орынтаева Ә. Көшен тойы - Белағаштың белінде // Орталық Қазақстан. - 2012. - 14 шілде (№ 116/117). - 8 б.

Орынтаева Ә. Көшен тойы - Белағаштың белінде // Сарыарқа. - Ботақара поселкасы. - 2012. - 23 маусым (№ 25). - 2,9 б.

Смағұлов Ғ.  «Ырзамын бала бүркіт Көшеніме» // Орталық Қазақстан.- 2002.- 30 қараша.-9 б.. Взгляд на события.- Қарағанды, 2004.- 14 қаңтар(N2).-17 б.

Смағұлов Ғ. Отты жылдарда оққа айналған жырлар // Орталық Қазақстан.-2004.-13 қаңтар

bottom of page