top of page
Қабыкен Мұқышев.jpg

Қабыкен Мұқышев

    1920 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Балықты деген жерде дүниеге келген. Орта білімді өз ауылында алды. Бұдан соң Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл және әдебиет факультетінде оқиды. 1940 жылы Нұра ауданының орталығындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 1944-1949 жылдары Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы болып істеді. 1950-1960 жылдары Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстарының ауыл-селолық мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Кейін таза шығармашылық жұмыспен айналысты.

    Өлеңді институтта оқып жүрген кезінен жаза бастаған. Балаларға арналған бірнеше жыр кітаптары, пьесалары жарық көрді. 1959 жылы поэмалар жинағы басылып шықты. Бұған «Аппақ туралы аңыз», «Өкініш», «Достаевский туралы аңыз», «Гүлсім» атты төрт поэмасы енді. Ақын туындылары 1971 жылы орыс тілінде жеке кітап болып басылды. 1972 жылы таңдамалы шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Әдебиеттер тізімі

Мұқышев Қ. Құзар шыңдар.-Алматы.-Жазушы, 1982. – 71 б.

Мұқышев Қ. Поэмалар; Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасы.- Алматы, 1959.- 62 б.

 

***

 

Мұқышев Қ. Арқа // Әдебиет және искусство. - 1948. - № 7. - 32 б.

Мұқышев Қ. Табиғат бізге бағынады // Әдебиет және искусство. - 1951. - № 9. - 1 б.

Мұқышев Қ. Құрметті қарт шахтер Бекең туралы // Әдебиет және искусство. - 1951. - № 11.

Мұқышев Қ. Шахтер метросы // Лениншіл жас. - 1948. - 11 янв. (№ 4). - 3 б.

Мұқышев Қ. Отан // Лениншіл жас. - 1951. - 24 окт. (№ 129). - 4 б.

Мұқышев Қ. Аппақ туралы аңыз //Орталық Қазақстан.- 1984.- 18 сәуір

Мұқышев Қ. Жауынгердің жұбайы //Орталық Қазақстан.- 1970.- 9 мамыр

 

Ол туралы әдебиеттер:

Балалар бағының бағбандары: анықтамалық / құраст. Ш. Күмісбайұлы. - Алматы: Балалар әдебиеті, 2008. - 293 б.

Мұқышев Қабыкен //Қарағанды.Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 419-420 б.

Мұқышев Қабыкен // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 412 б.

Мұқышев Қабыкен //Хамза Қазақстан жазушылары XX ғасыр: анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 219-220 б.

Мұқышев Қабыкен //Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиографиялық анықтамалық / ред. Т. Рахимов.- Алматы: Жазушы, 1987.- 424-425 б.

 

***

Әкімбекқызы Ә. Нұра ауданының 80 жылдығына арналады // Нұра. - 2008. - 22 наурыз (№ 12). - 3 б.

Жойқынбектегі Қ. Қасым қадірлеген өрелі ақын //Орт.Қазақстан.- 2001.- 23 мамыр

Лекеров Қ. Жауһар әннің жұмбағы // Қасым. - 2011. - № 2. - 143-145 б.

Өмірбеков Ж. Екі ақынның өлеңдер жинағы // Әдебиет және искусство. - 1949. - № 8. - 72 б.

Шаймуханов Д.  Өлеңмен өрілген өкініш // Орт. Қазақстан.- 2001.-28 шілде

bottom of page