Тлеуғалы Әміртайұлы
Өміртайұлы Тлеуғалы 1942жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының Калинин колхозында туыппын. Бастауыш білімді Кенелі бөлімшесіндегі мектепте, аттестатты 1958ж. аудан орталығындағы М.Горький мектебінде білім алдым. 1959ж. Токоревкадағы училищені бітіріп, туған жер-Кенеліге алғашқы тракторды әкеліп, тракторист болып еңбек жасадым.
1961ж. Алматыдағы ҚазПИ-на окуға түстім. Мұғалімдік еңбек жолын 1965ж. Ақтоғайдың Калининіндегі № 6 мектебінде бастап, 1967ж. Қарағандыдағы спорттық бағыттағы №3 мектеп-интернатта жалғадым. 1970-1992ж.ж. Қарағанды облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының(МБЖИ) математика кабинетінің меңгерушісі, облыстық /қалалық/ халыққа білім беру бөлімдерінде инспектор болып қызмет атқардым. 1992-2005жылдарында Қарағандыдағы Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 жалпы орта білім беретін мектепте директорлық лауазымда жұмыс жасап, зейнеткерлікке шықтым. 2005ж. бастап облыстық мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында әдіскер, кейіннен бөлім меңгерушілік қызметін атқарудамын.
Институтағы жұмыс кезінде 50-ден астам мұғалімдердің тәжірибесін зерделеп, жинақтап облыс, Республика баспа беттері арқылы таратып, олардың шеберліктерінің шыңдалуына, марапатталуына ерекше көмек көрсеттім. 100-ге тарта ғылыми-әдістемелік еңбектерім баспа беттерінде жарық көрді. «Методические рекомендации по обобщению и распространению передового педагогического опыта учителей» (1980), «4-ші сыныптағы қиын есептерді шығару жолдары» (сондай-ақ 5,6,7,8 сыныптарға. 1979-1984). «Өндірістік-экономикалық 400 есеп» (екі тілде.1984). «Әлихантану» бағдарламасы (1998), «Мектепішілік ақпараттандыру және оның басқару жүйесіндегі рөлі» (2001), «Орта мектептерде іс қағаздарын жүргізу» (2004), «Физика пәнінен тестік есептер жинағы» (2007), «Қазақтың бұлбұлы-Күләш Байсейітова» (2007), «Физика есептерін шығарудың үлгілері»(2008), т.с.с. әдістемелік құралдар.
Еңбек ету барысында қоғамдық жұмыстарға да ерекше араластым: Киров аудандық комсомол комитетінің бюро мүшесі (1968-70); Қарағанды облыстық партия комитетінде жанындағы «Оқушылар мен жастарды кәсіпке бағдарлау» үйлестіру Кеңесінің жауапты хатшысы (1970-1973), «ұстаздар экраны» телехабарын жүргізуші автор (1972-1980), Қазақстан Республикасы облыстары МБЖИ-ы математика кабинеті меңгерушілерінің старостасы (1975-1985), облыстык халыққа білім беру бөліміндегі мұѓалімдерді аттестаттау комиссиясыныц мүшесі (1977-1988), обл МББҚ БА және ҚДИ-ы Ғылыми Кеңесінің хатшысы, т.с.с.
Әдебиеттер тізімі
Өміртайұлы Тлеуғалы. Ақтоғайлықтар. Ғұмырнама. өлеңдер мен толғаулар. /-Қараѓанды: «Форма Плюс» баспаханасы, Молокова көшесі, 106/2, 2008. 118 б.
Өміртайұлы Тлеуғалы. өмірде өткен белестер, бүгінгі күні елестер. Ғұмырнама: өлеңдер мен толғаулар.-Қараѓанды: Форма Плюс, 2008.-230 б