Кәмел Жүністегі
Жазушы Кәмел Жүністегі 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірінде, Ақсу-Аюлы селосында туған. Орта мектепті 1956 жылы ойдағыдай бітірген К.Жүністегі 1959 жылы аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі болып еңбек жолын бастаған.
1960 жылы Қарағанды Педагогика институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Осы кезде-ақ, асқақ қиял жетегінде жалынды жас К.Жүністегі елдің тарихын білу мен қоғамдағы сол кездегі саяси-әлеуметтік қатынастарға араласу қызықтырған еді.
1962 жылы қазақ жастары арасында құрылған, “ЕСЕП” (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын ұйымдастырушылардың бірі ретінде, жерлес досы, ақын Зейнолла Игілікұлы екеуіне саяси айып тағылып, Сібірдегі лагерьде болған.
Жазасын өтеп оралған соң, 1966 жылы қайтадан институттағы оқуын сырттай жалғастырып, 1977 жылы ойдағыдай бітірген. Сол, 1966 жылдан 1984 жылға дейін аудан орталығындағы М.Горький атындағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, 1984-1989 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет еткен. 1989 жылдан 1992 жылға дейін аудандық мұражай директоры, 1992-2005 ж. аудандық «Заман» газетінің редакторы болып қызмет атқарды.
К.Жүністегі «Дос көңілі», «Көне хикая», «Көксеу», «Көксеңгірдің тасында», «Соңғы Абыз», «Ұлы пайғамбар және ұрпақтары», «Шырағдан», «Қоңыр Құлжа», «Мөрші», «Арманым оттан өрілген», «Едіге», орыс тілінде «Вожак», «Құба белдер» кітаптарының, «Тар заман» спектакілінің авторы.
Зерттеу барысында құрастырып, жазған кітаптары: «Бір ауыз сөз», Шортанбай жырау «Қай заман», Хазірет Әлі «Меруерт қайнар». Әуесқой композитор ретінде танымал «Арқа самалы», «Аяулым», «Домбыра», «Туған жер», «Жаз келді», «Жас алаш» маршы әндерін шығарған. Өлкетанушы ретінде көпшілікке мәлім. Шет өңірінен шыққан ұмыт болған Шортанбай жырау, Диа қажы, Қақпан ақын, Төлеубек, Хасен, Жәкен, Тәшен, Маясар, Түсетай, Сәрінжіп, Оқа ақындардың шығармашылығын зерттеп, аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға жариялады. Қыздарбек, Әбди, Сембек күйшілердің, Абылай ханның күйін зерттеуде көп еңбек еткен.К.Жүністегі өлке тарихын зерттеу, насихаттау ісіне қыруар еңбек сіңіріп келеді.
Өз заманынан озық туған дуалы ауыз Бәйсейіт би, Жанқұтты шешен, Дүйсенбай, Қара билердің өмір жолын, ұлағатты ісін зерттеп жарыққа шығарды.
Елін қорғаған дуылғалы батырлары Жидебай, Сеңкібай, Жарылғап, Ағабай, Дәріпсалы, Сазанбай батырлар жайында алғаш қалам тартқан. Шет өңірінде өмір сүріп, заманында елге үлгі бола білген, тарихта ізі қалған әз аналар Қарқабат, Борсылдақ (Қырғи), Құрақ, Дәрі, Талмойын, Баршын қыз, Шеруке қыздың есімі мен қасиеттерін келешек ұрпаққа жеткізу де осы кісінің талмай ізденісінің нәтижесі.
К.Жүністегінің ұсынысы ынтасы арқылы «Зұлмат жылдары», «Кенесары жұртында», «Тасқа тұнған құпия», «Дойбы тас», «Қыздарбек күйші», «Шортанбай жырау», «Жәкен ақын» бейнетаспалары жазылып, деректі телефильмдер дүниеге келді.
К.Жүністегі қандай шығарма жазбасын, қандай жиында сөз сөйлемесін, айтар ойының түпкі түйіні–ұрпақ тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүрінің, әдет-ғұрыптың тиімді тұстарын қазіргі жастардың санасына сіңіріп, имандылыққа, жан тазалығына биік адамгершілікке шақыру.
К.Жүністегі өлке тарихын зерттеу, насихаттау ісіне қыруар еңбек сіңірді. Кенесары ханның патша әскерлерімен соғыс алдында салдырған қамалының қалдығын тауып, сол жөнінде газет-журналдарға ғылыми мақалалар жариялады.
К.Жүністегі Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері, 2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Әдебиеттер тізімі
Жүністегі К. Арманым оттан өрілген: өлеңдер мен жазбалар. - Астана: Фолиант, 2011. - 170 б.
Жүністегі К. Едіге: тарихи роман. - Астана: Нұра-Астана, 2012. - 406 б.
Жүністегі К. Едіге; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана: Фолиант, 2014. - 341 б.- (Сарыарқа кітапханасы).
Жүністегі К. Көгілдір күмбез. - Алматы : MEP-PRESS, 2017. - 377 б.
Жүністегі К. Көксеңгірдің тасында: повестер мен әңгімелер. - Астана: Елорда, 2002. - 352 б.
Жүністегі К. Көне арнаның ізі қайда. - Алматы: ҚазАқпарат, 2016. - 377 б.
Жүністегі К. Қоңыр құлжа: повестер. - Алматы: Жазушы, 2008. - 287 б.
Жүністегі К. Құба белдер. Аңыз мезгіл: роман. - Қарағанды: Полиграфия, 1996. - 286 б.
Жүністегі К. Құба белдер. Апат: роман; 2 кіт. - Алматы: Фолиант, 2001. - 347 б.
Жүністегі К. Құба белдер. Замана желі: роман; 3 кіт. - Астана: Аударма, 2004. - 368 б.
Жүністегі К. Құба белдер: трилогия. 1 кіт. - Астана: Нұра-Астана, 2009. - 394 б.
Жүністегі К. Мөрші: әңгіме-хикаяттар және пьеса. - Астана: Фолиант, 2011. - 395 б.
Жүністегі К. Соңғы Абыз: роман. - Астана: Аударма, 2006. - 408 б.
Жүністегі К. Темір - Астау. - Алматы: Хантәңірі, 2014. - 285 б.
Жүністегі К. Шырағдан: мақалалар, деректер. - Алматы: Ел-шежіре, 2007. - 310 б.
***
Әлі Х. Меруерт қайнар: өсиет- ғибраттар / Х. Әлі; құраст. К. Жүністегі. - Астана: Фолиант, 2011. - 134 б.
Жапақұлы М. Бір ауыз сөз: Өлеңдер. Айтыстар /Құр. К.Жүністегі.- Астана: Респ. Полигр.-баспа орталығы, 2000- 152 б.
Қанайұлы Ш. Қайран халқым: Жыр-толғаулар, айтыстар, Сын-зерттеу, мақалалар / Қанайұлы Ш.; құраст. К.Жүністегі.- Алматы: Раритет, 2002.- 216 б.-(Қазақ жыры)
Ұлы пайғамбар және ұрпақтары: шежіре-кітап / құраст. К. Жүністегі; ред. Ә. Жақып. - 2-ші бас. - Астана: Парыз, 2009. - 359 б.
***
Жүнісов К. Апат: Романнан үзінді // Қарқаралы.- 1992.- №5-6- 30-41 б., №7-8.- 52-68 б.
Жүнісов К. Жақсы Жанғұтты // Орталық Қазақстан.- 1996.- 6 ақпан
Жүнісов К. Қоңыр құлжа: Әңгіме // Орталық Қазақстан.- 1983.- 13, 14 қырк.
Жүністегі К. Абылайдың "Алты ағашы" // Орталық Қазақстан. - 2010. - 5 қаңтар (№ 1). - 4 б.
Жүністегі К. Апат // Қарқаралы. - 1992. - №5/6. - 30-41 б ; №7/8. - 52-68 б., Қарқаралы. - 1993. - № 9/10. - 38-49 б.
Жүністегі К. Арғы да бергі ұлы жұрт // Орталық Қазақстан. - 2006. - 9 ақпан. - 14 б.
Жүністегі К. Арқадағы аштық: 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні // Азия Транзит. - 2003 . - №5. - 16-19 б., №7. - 20-23 б., №8. - 30-33 б.
Жүністегі К. Арқаның сырттан тазылары // Орталық Қазақстан. - 2010. - 5 маусым (№ 86/87). - 8 б.
Жүністегі К. Асқарлы асудағы азамат: жазушы С.Сматаев - 60 жаста // Орталық Қазақстан. - 2001. - 20 маусым.
Жүністегі К. Әлем астанасында // Шет шұғыласы. - 2008. - 31 қаңтар (№ 5). - 5 б.
Жүністегі К. Бәйсейіт би // Орталық Қазақстан.- 1999.- 30 қаңтар
Жүністегі К. Бәйсейіт биі // Парасат. - 2000. - №4. - 6-8 б.
Жүністегі К. "БҰЗУ"-дың баласы // Жұлдыз. - 2011. - № 6. - 28-48 б.
Жүністегі К. Біз осыдан қорқамыз замандасым "Шортанбай жырауға қарсымын" деп өзеуреп жүр // Орталық Қазақстан. - 2017. - 4 сәуір (№ 36). - 4 б.
Жүністегі К. Бір жаңбырдан қала ма? // Орталық Қазақстан. - 2012. - 3 қараша (№ 185/186). - 6 б.
Жүністегі К. Дала төсінде: академик Жамбыл Ақылбаевтың туғанына - 70 жыл // Орталық Қазақстан. - 2008. - 26 шілде (№115-116) . - 5 б.
Жүністегі К. Ел діңгегі - Едіге // Орталық Қазақстан. - 2010. - 28 тамыз (№ 139/140). - 6 б.
Жүністегі К. Елге қамқорлық болған Әділ Кәдір // Ортталық Қазақстан.- 1996.- 24 қаңтар
Жүністегі К. "Елім - ай"- лаған азамат! // Орталық Қазақстан. - 2011. - 16 маусым (№ 96/97). - 5 б., Шет шұғыласы. - 2011. - 16 маусым (№ 24). - 5 б.
Жүністегі К. "Елім-ай" жайлы бірер сөз // Жұлдыз. - 2011. - № 7. - 169-171 б.
Жүністегі К. Ер есімі ардақталса // Шет шұғыласы. - 2008. - 6 наурыз (№ 10). - 6 б.
Жүністегі К. Ескерткіштер - елдігіміздің белгісі // Орталық Қазақстан. - 2004. - 24 қаңтар. - 7 б.
Жүністегі К. Ештен кеш жақсы // Орталық Қазақстан. - 2010. - 29 маусым (№ 104). - 4 б.
Жүністегі К. Жазушы шыңы: Жазушы Р.Сүлейменов 70 жаста // Орталық Қазақстан. - 2006. - 6 маусым. - 7 б., Заман. - 2006. - 18 мамыр. - 3 б.
Жүністегі К. Жақсы Жанқұтты // Орталық Қазақстан.- 1998.- 12 ақпан
Жүністегі К. Жақсы Жәкең: ғұмырдария // Парасат. - 1998 . - №5. - 18-19 б.
Жүністегі К. Жыл он екі айдың қауышуы // Ана тілі. - 2000. - 22 наурыз(N6). - 4 б.
Жүністегі К. Зерделі пікір оғаш ойға жол бермес // Орталық Қазақстан. - 2009. - 4 шілде. - 5 б.
Жүністегі К. Зұлмат // Ақиқат. - 2012. - № 9. - 56-63 б.
Жүністегі К. Зұлмат // Орталық Қазақстан. - 2012. - 10 қараша (№ 189/190). - 6 б.
Жүністегі К. Зұлмат // Түркістан. - 2012. - 24 мамыр (№ 21). - 9 б.
Жүністегі К. Ие мен кие // Егемен Қазақстан. - 2010. - № 394/397. - 11 б.
Жүністегі К. Кеудесі алтын сандық Кәмекеңнің: жазушы К.Жүністегімен әңгіме / әңгімелескен Қ.Әбілдинов // Орталық Қазақстан. - 2007. - 13 қараша. - 4 б.
Жүністегі К. Көкшағыр // Заман. - 2007. - 13 қыркүйек. - 6 б., Орталық Қазақстан. - 2007. - 29 қыркүйек. - 5 б.
Жүністегі К. Көненің көзі еді // Орталық Қазақстан. - 2011. - 28 мамыр (№ 84/85). - 4 б., Шет шұғыласы. - 2011. - 26 мамыр (№ 21). - 5 б.
Жүністегі К. "Красная Поляна" - Жәңгір ауыл аталса... // Орталық Қазақстан. - 2010. - 1 мамыр (№ 66/67). - 6 б.
Жүністегі К. Күмбездерге тіл бітсе // Орталық Қазақстан. - 2007. - 29 қараша. - 6 б., Заман. - 2007. - 27 қыркүйек (№ 39). - 5 б.
Жүністегі К. Күйдің құдіреті // Орталық Қазақстан. - 2016. - 26 қараша (№ 189). - 4 б.
Жүністегі К. Қажыбаян // Орталық Қазақстан. - 2008. - 19 қаңтар. - 8 б.
Жүністегі К. Қазан астында // Қазақ әдебиеті. - 2017. - 15-21 қыркүйек (№ 38). - 16-17 б.
Жүністегі К. Қайдасың, боз даланың бозторғайы?! // Орталық Қазақстан. - 2011. - 22 қазан (№ 174/175). - 3 б.
Жүністегі К. Қайдасың, қайда даланың сәні... // Шет шұғыласы. - 2011. - 1 қыркүйек (№ 35). - 5 б.
Жүністегі К. Қақпан ақын домбырасы // Орталық Қазақстан. - 2011. - 9 шілде (№ 110/111). - 4 б., Шет шұғыласы. - 2011. - 30 маусым (№ 26). - 5 б.
Жүністегі К. Қисынсыз "қисын" // Орталық Қазақстан. - 2009. - 3 қыркүйек (№ 133/134). - 4 б.
Жүністегі К. "Қорлаушы бар, қорғаушы қайда? // Егемен Қазақстан. - 2010. - 27 қаңтар. - 6 б.
Жүнiстегi К. Құба белдер: Хикаят // Жұлдыз.- Алматы, 2001.-N6.-37-86 б.
Жүністегі К. Маясар ақын // Азия транзит. - 2000. - № 2. - 24 б.
Жүністегі К. Маясар ақын // Орталық Қазақстан.- 1999.- 30 маусым
Жүністегі К. Мүрдесі қорғансыз Ер Едіге // Орталық Қазақстан. - 2009. - 25 тамыз (№ 128). - 4 б.
Жүністегі К. Мың сырлы Мағзұмбек // Орталық Қазақстан. - 2009. - 8 тамыз (№ 118/119). - 5 б.
Жүністегі К. Ойранды "Отыз бір" және жалғасы // Орт. Қазақстан. - 2013. - 30 мамыр (№ 87/88). - 4 б.
Жүністегі К. Өршіл халық рухы // Орталық Қазақстан. - 2017. - 7 қаңтар (№ 2). - 4 б.
Жүністегі К. Саяси лагерде - 33 жыл // Түркістан. - 2012. - 2 тамыз (№ 31). - 4 б., Орталық Қазақстан. - 2012. - 18 тамыз (№ 139/140). - 6 б.
Жүністегі К. Сәкеннің Ақбозы // Орталық Қазақстан. - 2010. - 25 желт. (№ 209/210). - 6 б.
Жүністегі К. Сүмелек // Орталық Қазақстан. - 2009. - 24 қаңтар . - 6 б ; Шет шұғыласы. - 2009. - 27 қаңтар. - 5 б.
Жүністегі К. Талайға қамқор болған Тәуміш // Орталық Қазақстан. - 2005. - 9 маусым. - 9 б.
Жүністегі К. Тебіренген ұлы жүрек // Шет шұғыласы. - 2008. - 27 қараша (№ 50). - 5 б.
Жүнiстегi К. Тарланның соңғы тұрағы // Орталық. Қазақстан.- 2002.- 10 тамыз.-13 б
Жүністегі К. Ұлттық музыканың тағдыры нешік? // Орт.Қазақстан. - 2013. - 18 мамыр (№ 77/78). - 6 б.
Жүністегі К. Ұлылық: Шортанбай жыраудың 180-жылдығына // Орталық Қазақстан. - 1998. - 13 маусым.
Жүністегі К. Үшеу едік... // Шет шұғыласы. - 2008. - 20 наурыз (№ 12). - 3 б.
Жүністегі К. Шежірелі Шет: Шет ауданына-70 жыл // Орталық Қазақстан. - 1998. - 10, 14 қазан-6 б.
Жүністегі К. Шортанбай жыраудың ғұмырнамасы // Орталық Қазақстан. - 1993. - 24 маусым.
Жүністегі К. Шыңырау: Әңгіме // Орталық Қазақстан.- 1997.- 5, 12 наур., Сарыарқа.- 1997.-№5.- 15-19 б.
Жүністегі К. ХІХ ғасырда Бесата жұртындағы ел билеу тәсілі мен болыстары туралы // Шет шұғыласы. - 2008. - 17 сәуір (№ 16/17). - 8 б.
Жүнісұлы К. Әділетті жыр еткен: Диа Ахметұлының туғанына биыл 120 жыл толады // Өмір.- 1992.- №1.- 88-93 б.
К. Жүністегі туралы:
Әдеби Қарағанды: Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова.- Қарағанды: б.ж., 2000.- 89 б.-(Облыстық кітапхана-өлкетану орталығы)
Жүністегі Кәмел // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 274 б.
Жүністегі Кәмел Қазақстан жазушылары XX ғасыр: анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 141 б.
Жүністегі Кәмел Қазақстан жазушылары: анықтамалық: 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы: Ан Арыс, 2009. - 177 б.
***
Абдолла Қ. Жазушыға қошемет көрсетті // Орталық Қазақстан. - 2009. - 19 ақпан . - 5 б.
Абдолла Қ. Зар заманның белгісі Ақсу-Аюлыда бой көтереді //Орталық Қазақстан.- 2007.- 5 маус.-4 б.
Айтжанова Қ. Жоқшы жүрегінің көшірмесі // Орталық Қазақстан. - 2012. - 14 сәуір (№ 61/62). - 4 б.
Ақсұңқарұлы С. Алаш азаматы: Жазушы К.Жүністегі 60 жаста // Орталық Қазақстан.- 1999.- 27 қаңтар
Амандықұлы Т. Азамат туралы ой: Тәуелсіздікке-15 жыл // Заман.- Ақсу-Аюлы, 2006.- 14 қыркүйек.-6 б.
Амандықұлы Т. Кәмел ағамыз кемел шағында: Жазушы К.Жүністегі туралы // Орталық Қазақстан.- 1998.- 27 қаңтар
Әбілдинов Қ. Кәмел қажының кемел туындысы: жаңа кітап // Орталық Қазақстан.- 2008.- 19 ақп.-4 б.
Әлиханұлы Ж. Диссидент // Азия транзит. - 2002. - № 2. - 43-45 б.
Бейсембеков Т. Кемел ойлы талант иесі // Шет шұғыласы. - 2009. - 27 қаңтар. - 4 б.
Бексейіт С. Кентаврдың кем тобырға айналуы: оқыдық, пікір айтамыз // Орталық Қазақстан. - 2003. - 13 қыркүйек. - 10 б., Азия Транзит. - 2003 . - №8. - 48-49 б.
Бексейіт С. ЭКГ: жаралы жүрек жазбасы // Азия Транзит. - 2003 . - №3. - 18-19 б.
Жанысбай С. "Едіге" оқырманға жол тартты: әдебиет әлемінде // Взгляд на события. - 2013. - 6 марта (№ 28). - 19 б ; Орталық Қазақстан. - 2013. - 19 наурыз (№43). - 6 б.
Жаңқашұлы Ж. "Сайыңнан аяқ құрлы сая таппай..." // Орталық Қазақстан. - 2012. - 31 мамыр (№ 88/89). - 6 б.
Қабылдаұлы С. Қасіретті жылдар сыр шертеді //Орталық Қазақстан.-2002.- 19 көкек
Қанафин Н. Дәуір тынысының таразысы // Орталық Қазақстан. - 2012. - 16 қазан (№ 175). - 4 б.
Қарағанды облысы. Қарағанды облысы әкімі. Өнер және мәдениет саласы қызметкерлеріне Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы: Қарағанды облысы әкімінің өкімі //Орталық Қазақстан.- 2007.- 16 қаңтар.-1 б.
Құлағыңыз түрік жүрсін // Шет шұғыласы. - 2008. - 18 қыркүйек (№ 40). - 3 б.
Мақаш Д. Көксеңгірдің тасында: жаңа кітап // Орталық Қазақстан. - 2003. - 3 шілде. - 9 б.
Мұқаш Ж. Жазушымен жүздесті // Шет шұғыласы. - 2011. - 26 мамыр (№ 21). - 3 б.
Мұсабеков Б. Жоқшы // Шет шұғыласы. - 2009. - 9 сәуір (№ 16). - 6 б.
Смағұлов Ғ. Шет өңірінің шежіресі: Мәдени мұра // Орталық Қазақстан.- 2004.- 15 шілде.-8 б.
Сматаев С. Зерделі қаламгер // Орталық Қазақстан. - 2009. - 24 қаңтар . - 6 б.
Тойшыбек Б. Қайратын қанат еткен қаламына // Шет шұғыласы. - 2009. - 19 ақпан (№ 8). - 4 б.
Ысқақ А. Есімі дәрісханаға берілді // Орталық Қазақстан. - 2010. - 21 қаңтар (№ 8). - 6 б.