Ғаббас Айтбаев
Ғаббас Айтбаев 1882 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы (бұрынғы Егіндібұлақ ауданы) К.Маркс атындағы колхозында дүниеге келген. Ол қазақ халық ақыны, композитор. 1920 жылдан КОКП мүшесі. 1922 жылы Қарқаралыда өткен халық ақындарының айтысында бірінші орынды жеңіп алған. Әкесі Айтбай–Арқаның белгілі әнші-композиторларының бәрі. Айтбаевтың әншілігіне испанның гитаршысы Андрея Сеговия тәнті болып, оның орындаушылық өнерін жоғары бағалаған. Ол 1927 жылы Москвада Советтердің төртінші съезі делегаттарына ұйымдастырылған концерттерде жұртшылық назарына ілігеді. Сол жылы үлкен театрда этнографиялық концертке қатысып, зор абыройға ие болады. Александр Затаевич Айтбаевтан он екі ән жазып алған. «Ғаббастың «Ардағының» өзі поэзия. Ол қиялыңды шарқытатын жазғы кештегі ай сәулесінің, Сахараның тылсым тыныштығының ғажайып көрінісі–суреті», - деп жазған А.В.Затаевич. Айтбаев қазақ ауылын советтендіруге белсене ат салысып, өзінің туған жерінде өмірінің соңына дейін ауыл совет председателі болып қызмет етті. Ғ.Айтбаев Қазыбек би селосында жерленген.
Әдебиеттер тізімі
Айтбаев Ғаббас. // Қазақ ССР. 4 том қысқаша энциклопедия.- Алматы, 1989.- 98 б.
Ғаббас Айтбаев // Қарағанды. Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 159 б.
Айтбаев Ғаббас // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. – Алматы: Атамұра, 2006. – 93 б.
***
Балташұлы Е. Затаевичті тамсандырған талант // Түркістан. - 2013. - 11 шілде (№ 27), № 5: Тайқазан «Түркістанның» ұлттық қосымшасы. - 5, 6 б.
Балташұлы Е. Титандар табынған талант // Орталық Қазақстан. - 2012. - 29 наурыз. - 3 б.
Қайырұлы А. Қу өңірінің құдіреті // Орталық Қазақстан. - 2012. - 14 шілде (№ 116/117).
Тайшыбай З. Дүниеге Ғаббас әнші осылай келген // Орталық Қазақстан. - 2012. - 14 шілде (№ 116/117). - 4 б.