top of page
Майбас Төрехан.jpg

Төрехан Майбас

     Майбас Төрехан Әкімжанұлы 1954 жылы туылған. Журналист, өлке тарихын зерттеуші. Шет ауданының түлегі.  Қ, Сәтпаев атындағы ҚазПТИ-дің автоматты есептегіш техникалар факультетінде оқыған. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің түлегі, оқытушы-филолог. Ақшатау комбинаты Оңтүстік-Шығыс кенішінде жер асты слесары, тіреуші болып еңбек еткен. 1980 жылдан бері баспасөз саласында еңбек етіп келеді.

Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы - Агадырская новь» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редакторының орынбасары, редакторы болған. 1998 жылдан облыстық «Орталық Қазақстан» газегінің бөлім меңгерушісі және «ҚазАқпарат» баспасының директоры болып қызмет атқарды.

    Көптеген этно-танымдық мақалалардың, «Кенді өлке» (1990, орыс тілінде), «Керней шежіресі» (2002, 2005) «Елқұжат», «Абадан», «Айбар», «Жауһар», «Тағылым», «Шікіл», т.б. кітаптардың авторы. Шет өңірінен шыққан Дияқажы, Сәбит Адамияұлы сынды т,б, ақындардың шығармаларын жинақтап, «Көкбөрі Жарылғап батыр», «Сеңкібай батыр», «Бодық батыр», «Жалаңтөс /Соқыр/ батыр», «Бәйсейіт би» кітаптарын құрастырып шығарған.

Хикметтің, Уитменнің, Фростың өлеңдерін қазақшаға тәржімалаған. Ел, жер тарихына қатысты көптеген тарихи және танымдық мақалалардың авторы. Мақалалары шетелдерде жарияланған. Саяси көзқарасы үшін 70-ші жылдардың басында комсомол қатарынан аластатылып, қуғын көреді. Қарағанды қаласында белгілі меценат Болат Дүйсенбаевпен «Жас қазақ» ұйымын құруға талпыныс жасайды. «Азат» партиясының құрамын нығайтуға атсалысады.

     Бірінші сайланған Жезқазған және Қарағанды облысының Мәслихаттарының депутаты.

    ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері (2004). М.Қабанбай атындағы сыйлықтың лауреаты /2004/.

Әдебиеттер тізімі

Майбас Т. Абадан: портреттер кітабы. - Алматы: ҚазАқпарат, 2007. - 195 б.

Майбас Т. Айбар. - Алматы: ҚазАқпарат, 2007. - 232 б.

Майбас Т. Айбөкен. - Алматы: Хантәңірі, 2014. - 284 б.

Майбас Т. Ақсұңқарым: Бестаған. Рух кітабы.- Алматы, 2013.- 290 б.

Майбас Т. Аңсар: этнографиялық әңгімелер мен хикаяттар. - Алматы: ҚазАқпарат, 2016. - 340 б.

Майбас Т. Бояуы қанық келте ғұмыр [Мәтін] : Эссе кітабы / Т. Майбас.-Ақадыр: Баспагер, 2007.-100 б.

Майбас Т. Жауһар. - Алматы: ҚазАқпарат, 2007. - 289 б.

Майбас Т. Елбасына төрт рет бата берген Қалекең // Елбасына тұғыр болған Сарыарқа = Сарыаркинский взлет Елбасы: [мақала, сұхбат] / Қарағанды облысының әкімдігі; құраст. А. Жанғожин. - Астана: Фолиант, 2014. - 79-81 б.

Майбас Т. Кәмали. - Қарағанды: Арлан, 2008. - 65 б.

Майбас Т. Көкбөрі Керней дейтін елміз. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2005. - 358 б.

Майбас Т. Менің Ақселеуім // Алаштың Ақселеуі:  Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы / Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті; құраст. П. Өтепова. - Астана: Фолиант, 2012. - 96-97 б.

Майбас Т. Оныншы ауыл. - Алматы: ҚазАқпарат, 2007. - 236 б.

Майбас Т. Портреттер: Очерктер кітабы. Бірінші кітап.-Алматы: Нұр-Принт, 2013.- 538 б.

Майбас Т. Шікіл. Портреттер кітабы. - Алматы: ҚазАқпарат, 2008. - 403 б.

Майбас Т. Шығармалары / Т. Майбас, С. Сағынтай; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана: Фолиант, 2014. - 318 б.

***

Майбас Т. Ауыл депутаты // Орталық Қазақстан. - 2017. - 8 маусым (№ 62). - 2 б.

Майбас Т. Әріптесіміздің аты озды // Орталық Қазақстан. - 2017. - 29 маусым (№ 71). - 1 б.

Майбас Т. Бүркітбайдың әні // Орталық Қазақстан. - 2017. - 21 қаңтар (№ 8). - 6 б.

Майбас Т. Жүрегі – майдан алаңы // Орталық Қазақстан.- 2013.- 3 ақпан (№168).- 6 б.

Майбас Т. Жұлдызы жоғары Әбікен // Орталық Қазақстан. - 2017. - 4 мамыр (№ 48). - 6 б.

Майбас Т. Қайдасың, қазақтың Лизасы? // Жас қазақ. - 2017. - 12 мамыр (№ 19). - 11 б.

Майбас Т. Қашанда - сапта // Орталық Қазақстан. - 2017. - 1 шілде (№ 72). - 1 б.

Майбас Т. Қызғыш құс // Орталық Қазақстан. - 2017. - 8 маусым (№ 62). - 3 б.

Майбас Т. Қызқосбасарс // Егемен Қазақстан. - 2017. - 3 ақпан (№ 23). - 8 б.

Майбас Т. Отаны жоқтың рәмізі болмайды // Орталық Қазақстан. - 2017. - 3 маусым (№ 60). - 1 б.

Майбас Т. Төлеу десе Ақадыр есіме түседі // Орталық Қазақстан. - 2017. - 4 мамыр (№ 48). - 5 б.

Майбас Т. Шетер // Заман.- 2007.-12 сәуір (№15).- 5 б.

Майбас Т. Шешендік өнер – мәңгілік өнер // Орталық Қазақстан.- 2013.- 7 қараша (№192-193).- 8 б.

Майбас,Т. Тізгіқол // Орталық Қазақстан.- 2014.- 7 қаңтар (№1-2).- 6 б.

Мақатша М. Қызғыш құс синдромы/ М. Мақатша, Т. Майбас // Орталық Қазақстан. - 2017. - 30 мамыр (№ 58). - 1 б.

 

Т.Ә. Майбас туралы:

Майбас Төрехан Әкімжанұлы // Шет ауданы: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы: ҚазАқпарат, 2013. – 253-254 б.

Абдолла Қ. Тұлғалар бейнесіне тіл біткенде // Орталық Қазақстан. - 2006. - 26 желтоқсан. - 11 б.

Ақсұңқарұлы С. Жұртының тұнығынан жүзіп ішкен // Орталық Қазақстан. - 2004. - 10 қаңтар. - 8  б.

Аманқұлов Қ. Оқырманның олжасы // Орталық Қазақстан. - 2016. - 17 мамыр (№ 78/79). - 8 б.

Асан М. Әріптестеріміз - әдеби ұйым мүшесі // Орталық Қазақстан. - 2014. - 3 сәуір (№ 60/61). - 1 б.

Асауов Д. Әріптесіміздің жаңа кітабы // Орталық Қазақстан. - 2008. - 22 қаңтар. - 4 б.

Бәрекелді! // Шет шұғыласы. - 2008. - 3 шілде (№ 29). - 1 б.

Әлиман Ж. "Айбөкен" - Алаш жұртына // Орталық Қазақстан. - 2014. - 19 сәуір (№ 73). - 6 б.

Әлиман Ж. Қаламгерге құрмет көрсетілді // Орталық Қазақстан. - 2014. - 9 қаңтар (№ 3). - 1 б.

Жақсыбаев Т. Зерделі кітап // Тоқырауын тынысы. - 2013. - 11 қаңтар (№ 1). - 5 б.

Жүнісұлы О. Ақадырдың ақшуақ таңы // Орталық Қазақстан. - 2014. - 27 ақпан (№ 39/40). - 8 б.

Жүнісұлы О. Қарымды қаламгер - "Құрметті азамат" // Орталық Қазақстан. - 2014. - 4 қыркүйек (№ 167/168). - 8 б.

Жүнісұлы О. Ыстық пенен суықтың өліарасы // Орталық Қазақстан. - 2014. - 7 қаңтар (№ 1/2). - 6 б.

Имаш Е. "Үштің біріне қосылған" // Орталық Қазақстан. - 2009. - 9 шілде (№ 101). - 6 б.

Имаш Е. Кернейдің төр шежіресін түгендеген // Орталық Қазақстан. - 2005. - 29 қазан. - 9 б.

Кенелұлы Б.  Сөзден сәуле таратқан // Орталық Қазақстан. - 2014. - 7 қазан (№ 193/194). - 6 б.

Кәріпұлы Ө. Қос кітаптың айтары көп // Орталық Қазақстан. - 2008. - 31 қаңтар. - 8 б.

Кәріпұлы Ө. Сарабдал азамат // Орталық Қазақстан. - 2004. - 10 қаңтар. - 8 б.

Қабидолдин Р. Төкеңнің "қара таяғы" // Орталық Қазақстан. - 2016. - 4 қазан (№ 163/164). - 3 б.

Құттықтаймыз! // Шет шұғыласы. - 2009. - 1 қаңтар . - 1 б.

Мұсабеков Е. Төр-аға // Орталық Қазақстан. - 2014. - 7 қаңтар (№ 1/2). - 6 б.

Рақымжанов Б. Кераттың қарашығындағы қазақтың мұңы // Орталық Қазақстан. - 2005. - 5 сәуір. - 6 б.

Смағұлов Ғ. Шет өңірінің шежіресі // Орталық Қазақстан. - 2004. - 15 шілде. - 8 б.

Тойбек Ж. Шабысыңнан жаңылма! // Орталық Қазақстан. - 2014. - 7 қаңтар (№ 1/2). - 6 б.

Тойжігітов Ә. Сүбелі сөздің мәйегі // Орталық Қазақстан. - 2009. - 1 тамыз (№ 114/115). - 6 б.

Төрехан туралы бір ауыз сөз // Заман.-1999.-7 қазан (№38).- 2 б.

bottom of page