top of page
Кәріп Өмір.jpg

Өмір Кәріпұлы

      Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, прозаның ауыр жүгін көтеріп, көркем әдебиетке өзіндік сүбелі үлесін қосып келе жатқан қабырғалы қаламгеріміз – Өмір Кәріпұлының есімі қалың оқырманға жақсы мәлім.

Кәріпұлы Өмір 1940 жылы 5-ші мамырда Қарағанды облысының  Жаңаарқа ауданы Байдалы би ауылында дүниеге келген.Асылы – Тарақты. Қыдырдан тарайтын Мендібай Наймантайдың ұрпағы. Балалық шағы Қызылтаудың топырағында, Шажағай өзенінің бойында, Сарықұлжаның сары белдерінде өтті.

    Он жылдықты Жаңаарқа ауданының орталығындағы орта мектепте бітірген. Қарағанды педагогикалық институтының тіл – әдебиет факультетінде оқыған. Еңбек жолын Қызылтау мектебінде мұғалімдіктен бастады (1960). Он сегіз жыл бала оқытты. 1978 жылдан бастап журналистік кәсіпке ауысты. Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы» газетінде, Ақадыр аудандық мәдениет бөлімінде шығармашылық жұмыста болды. 1990-98 жылдары аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болды. Ұлттық салт-дәстүрдің қанат жаюына, тіл мен діннің жандануына үлес қосты. Оның бастамасы бойынша Ақадыр өңірінде «Бүркітші қансонарда» деген облыс аралық бүркітшілер жарысы өтіп тұрды. «Қымызмұрындық» мереке – жәрмеңкесі жалғасын тапты. Билер сайысы, ақындар айтысы, тіл мерекесі аудандық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен жүйелі өтіп тұрды. Қоғам жетекшісінің бастамасымен Ақадырда 1992 жылы мешіт ашылды. 1991 жылы Ақадыр ауданының «Құрметті азаматы» деген атақ берілді.

     Өмір Кәріпұлы – шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Алғашқы қалам алды жырлары аудандық «Жаңаарқа» газетінде жарияланды. Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде топтама жырлары шығып тұрды.

Бүгінде атамекенінде бабалары Байғозы батыр, Досабай есепші, Тұяқ шешен дамылдап жатқан қоныста шырақшы-шежіреші болып отыр. Сәкен туып өскен Жаңаарқа, Ақадыр атырабының сұлу табиғатын жасынан өлеңге қосып, қаламгерлік машықты суреткерлікке ұштастырған жазушының қаламынан «Бұрқақ»(1991) және «Тайталас» (1997) романдары, «Сарыбел сазы» (1977), «Атасының баласы» (1980), «Ескі тоған» (1985), «Серілер мен перілер» (2004), «Тамызық» (2008) әңгімелер мен повестер жинағы, «Сыбаға» (2010) жыр жинағы, «Тұғыр» (2012), «Қоңыр сарын» (2014) атты кітаптары жарық көрді.

     Өмір Кәріпұлы – 1986 жылы КСРО Жазушылар Одағының мүшелігіне өткен. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Ақадыр ауданы таратылып, Шет ауданының құрамына қосылғаннан кейін 1998-2003 жылдар аралығында аудандық «Заман» газетінде тілшілік қызмет атқарды.

Әдебиет саласындағы өнімді еңбегі үшін 2011 жылы облыс әкімінің сыйлығына ие болды.

Өмір Кәріпұлы айрықша ұлтжанды азамат, туған халқының дәстүр – салты мен тілінің, дінінің жоқшысы. Тәуелсіздіктің орнығуына, елдігіміздің еңсе көтеруіне талант қарымымен де, жүрек жылуымен де қал – қадірінше үлес қосуда. Ол әдебиет ортасынан алыста жатса да  жазушылықты қастерлеп, тым қара дүрсін жазудан бойын аулақ ұстап, тұщымды шығармалар беруге күш салуда. Оның кітаптары  оқырман ықыласына бөленіп, қолдан-қолға түспей жүр.

Әдебиеттер тізімі

Кәріпов Ө. Бұрқақ: роман пов; ред. Ш. Құмарова. - Алматы: Жазушы, 1991. - 253 б.

Кәріпов Ө. Ескі тоған. - Алматы: Жалын , 1985. - 160 б.

Кәріпұлы Ө. Серілер мен перілер. - Астана : Фолиант, 2004. - 50 б.

Кәріпұлы Ө. Сыбаға. - Алматы: ҚазАқпарат, 2010. - 329 б.

Кәріпұлы Ө. Тайталас. - Астана: Елорда, 2001. - 263 б.

Кәріпұлы Ө. Тамызық. - Алматы: Құс жолы, 2008. - 348 б.

Кәріпұлы Ө. Тұғыр. - Астана: Елорда Жастары, 2011. - 399 б.

 

***

Кәріпұлы Ө. Ақынның сөзі өлмейді деген осы // Орталық Қазақстан.- 2000.-15 қаңтар

Кәріпұлы Ө. Араша // Орталық Қазақстан.- 2000.- 13 қыркүйек

Кәріпұлы Ө. Асан шерлі // Жұлдыз. - 2013. - № 4. - 105-122 б., Орталық Қазақстан. - 2013. - 16 наурыз (№ 41/42). - 4 б ; 19 наурыз (№43). - 4 б.

Кәріпұлы Ө. "Әдебиет - ардың ісі": қаламгер Ө.Кәріпұлымен сұхбат; сұхбаттасқан Т.Майбас // Орталық Қазақстан.- 2006.- 13 сәуір.-12 б.

Кәріпұлы Ө. Балтыр // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 5-11 қазан (№ 41). - 9 б.

Кәріпұлы Ө. Дала жыршысы // Орталық Қазақстан.-2002.-5 қаңтар

Кәріпұлы Ө. Дәу шал // Орталық Қазақстан. - 2013. - 14 қыркүйек (№ 156/157). - 5 б., Қазақ әдебиеті. - 2013. - 4-10 қазан (№ 39/40). - 9 б.

Кәріпұлы Ө. Дидақшы // Орталық Қазақстан. - 2009. - 26 наурыз (№ 43). - 6 б.

Кәріпұлы Ө. Жазушы жерлесімізбен жүздесу // Жаңаарқа.- Атасу, 2006.- 15 сәуір.-6 б.

Кәріпұлы Ө. Жетім бұрым // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 20 мамыр(N19). - 8-9  б.

Кәріпұлы Ө. Жоғалып табылған махаббат // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 10-16 маусым (№ 23). - 9 б.

Кәріпұлы Ө. Жол жүрген ұтады // Орталық Қазақстан.- 2002.-13  сәуір

Кәріпұлы Ө. Жұптастар // Орталық Қазақстан. - 2011. - 4 маусым (№ 89/90). - 8 б.

Кәріпұлы Ө. Зікір // Орталық Қазақстан. - 2008. - 22 мамыр (№79) . - 4 б.

Кәріпұлы Ө. Қажетсіз дағдыдан қашан арыламыз? // Орталық Қазақстан. – 24 мамыр (№93/94). – 5 б.

Кәріпұлы Ө. Қиянат // Үркер. - 2012. - № 11. - 39-42 б.

Кәріпұлы Ө. Қолшатыр // Жұлдыз. - 2008. - № 10. - 81-105 б.

Кәріпұлы Ө. Қос кітаптың айтары көп // Орталық Қазақстан.- 2008.- 31 қаңтар.-8 б.

Кәріпұлы Ө. Мысал әңгімелер // Орталық Қазақстан. - 2008. - 17 мамыр. - 8 б.

Кәріпұлы Ө. Мысалға әркімнің де бар таласы // Орталық Қазақстан.- 2007.- 25 қаңтар.-12 б.

Кәріпұлы Ө. Тас мүсіні құлжаның томсарады // Орталық Қазақстан. - 2014. - 20 наурыз (№ 53/54). - 6 б.

Кәріпұлы Ө. Тоқсандағы топ жарған // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 5-25 шілде (№ 27/28). - 8, 15 б., Орталық Қазақстан. - 2013. - 18 мамыр (№ 77/78). - 5 б.

Кәріпұлы Ө. Тұғыр // Шет шұғыласы. - 2012. - 14 маусым (№ 24). - 4 б.

Кәріпұлы Ө. Тұғыры биік азамат: жаныңда жүр жақсы  адам // Орт.Қазақстан.- 2007.- 6 қараша.-3 б.

Кәріпұлы Ө. Түйе баққан жиренше // Егемен Қазақстан. - 2011. - 22 шілде (№ 307/308). - 5 б.

Кәріпұлы Ө. Ұстаздың тұнық ойлары // Орталық Қазақстан. - 2014. - 8 наурыз (№ 46/47). - 4 б.

Кәріпұлы Ө. Халқының қамал-қорғаны // Орталық Қазақстан.- 2002.-30 наурыз

 

Ө.Кәріпұлы туралы әдебиеттер:

 

Кәріпұлы Өмір // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 287 б.

Кәріпұлы Өмір //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 158 б.

Жұмаділдин А. Кәріпұлы Өмір // Жаңаарқа: Дерекнама.- Алматы: Кенже-Пресс-Медиа, 2003.- 111 б.

Кәріпұлы Өмір // Шет ауданы: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2013. - 204 б.

Балалар бағының бағбандары: анықтамалық / құраст. Ш. Күмісбайұлы. - Алматы: Балалар әдебиеті, 2008. - 293 б.

Сейдімбек А. Шығармалары: алты томдық. - Астана: Фолиант, 2010 – 500 б.

Кәріпұлы Өмір // Қазақстан жазушылары: анықтамалық: 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы: Ан Арыс, 2009. - 199 б.

Жұмаділдин А. Кәріпұлы Өмір // Жаңаарқа: дерекнама; ред. Б. Әбдіғазиұлы. - Алматы: Kenje Pzess Media, 2009. - 59 б.

 

***

Ауылда тұратын жазушы оқырмандарымен кездесті // Орталық Қазақстан. - 2010. - 11 қараша (№ 184/185). - 5 б.

Әбілдинов Қ. Алаңды жеңген қалам // Орталық Қазақстан. - 2009. - 14 мамыр - 6 б.

Әлжантегі Т. Жазушының жарқын әлемі // Орталық Қазақстан. - 2010. - 4 қараша (№ 180). - 3 б.

Бидайбеков А.            Өнегесі көп Өмір ағам // Орталық Қазақстан. - 2010. - 11 қараша (№ 184/185). - 5 б.

Жайлыбай Ғ. Ағаға тілек // Орталық Қазақстан. - 2010. - 11 қараша (№ 184/185). - 5 б.

Кеңпейілов Т. Өнегелі кездесу // Орталық Қазақстан. - 2010. - 23 қараша (№ 192). - 6 б.

Киік Қ. Кәріповтің кітабы шықты // Орталық Қазақстан.- 2005.- 31 наурыз.-11 б.

Қаражігітов А. Шабыт құшағында // Орталық Қазақстан. - 2010. - 11 қараша (№ 184/185). - 4 б.

Қаражігітов А. Шабыт құшағындағы қаламгер // Мысты өңір. - 2010. - 29 қазан (№ 45). - 8 б.

Майбас Т. Алтын тамыр // Орталық Қазақстан. - 2012. - 28 шілде (№ 125/126). - 7 б.

Майбас Т. Зергер // Орталық Қазақстан. - 2010. - 11 қараша (№ 184/185). - 4 б.

Оразаев С.  Дарын дархандығы /Т.Майбас // Орталық Қазақстан.-2000.- 20 қыркүйек

Рақымов Б.  Сарыбел саздары // Орталық Қазақстан.- 2005.- 7 шілде.-12  б.

Тәукейұлы С. "Тайталас" тағлымы // Орталық  Қазақстан.- 2003.- 29 наурыз.-16 б.

bottom of page