top of page
Кирабаев1.jpg

Серік Қирабаев

    Серік Смайылұлы Қирабаев 1927 жылы 23 наурызда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылында туған. 1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіргеннен кейін аспирантурада оқи жүріп, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, «Әдебиет және искусство» журналының бөлім меңгерушісі болып істеген. 1952-1955 жылдары «Пионер» журналында редактор, 1955-1958 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі (Егемен Қазақстан») газетінде меңгеруші, редакциялық алқа мүшесі болды. 1958 жылдан Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында 30 жыл бойы доцент, профессор, филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, институт ректорының оқу ісін басқаратын орынбасары қызметтерін атқарды. 1988-1995 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры болып істеді. Қазір сол институтта бөлім меңгерушісі. Филология ғылымының докторы (1964), профессор (1966), КСРО Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі (1968), ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (1994), Қазақстан және Қырғызстан республикалары ғылымының еңбек сіңірген қайраткері (1977,1995), ҚазақстанРеспубликасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1996).

     Қазақ әдебиетінің өзекті мәселеріне арналған сын мақалалары мен рецензиялары 1948 жылдан бастап жарық көре бастады. Содан бергі уақытта 800-ден астам әдеби сын, ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көрді. С.Көбеевтің жазушылық жолы жайында кандидаттық диссертация қорғады (1957), «Сәкен Сейфуллин» монографиясы негізінде докторлық диссертация (1964) қорғады. «Жүсіпбек Аймауытов» атты кітабы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды (1994).

1952 жылдан бері қазақ әдебиетінен орта мектепке арналған (IX-X сыныптар) оқулықтар жазумен шұғылданып келеді.

     Ол КСРО Жоғарғы Аттестациялық Комиссияның сараптамалық кеңесінің мүшесі, Қазақстан ЖАК-тың төралқа мүшесі, Қазақ энциклопедиясының редакция алқасының мүшесі және әдебиет жөніндегі кеңестің төрағасы болған. КСРО Жазушылар одағы басқармасы тексеру комиссиясының, КСРО Жазушылар одағы жанындағы Сын кеңесінің мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, одақтың хатшысы, төралқа мүшесі, сын кеңесі төрағасы болып бірнеше жыл істеген. Көп жылдар бойы Қазақстан Білім министрлігі жанындағы оқу-әдістемелік кеңесінің әдебиет секциясының төрағасы ретінде орта және жоғары мектепке арналған оқулықтар мен бағдарламаларды жаңғырту, жетілдіру ісіне басшылық жасады. «Қазақ әдебиеті және мектеп», «Қазақ әдебиеті оқулығына методикалық нұсқау» (Қ.Мырзағалиевпен бірге), т.б. көптеген оқулықтары жарық көрді.

     «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар Достығы» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2005), «Отан» орденінің иегері (2007).

Әдебиеттер тізімі

Қирабаев С. Ақын өнегесі // Даланың дархан дүлдүлі: [жинақ] / ред. К. Қ. Мәсімов. - Астана: [б. ж.], 2012. - 373 б.

Қирабаев С. Ғұлама // Қасқабасов С. Таңдамалы: ғылыми басылым.- Астана: Фолиант.-3-10б.

Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Жазушы, 1992. - 544 б.

Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-том: Сәкен Сейфуллин: Монография. - Алматы: Жазушы, 1991. - 448 б.

Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. - Алматы : Жазушы, 1976. - 298 б.

Қирабаев С. Әдебиетті қайта оқу. - Алматы: Балауса, 2010. - 318 б.

Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. - Алматы: Ана тілі, 1993. - 224 б.

Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. - Алматы: "Білім", 2003. - 288 б.

Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті. - Алматы: Жазушы, 1968. - 288 б.

Қирабаев С. Өмір тағылымдары. - Алматы: Білім, 2006. - 477 б.

Қирабаев С. Өмір тағылымдары. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2015. - 442 б.

Қирабаев С. Өнер өрісі. - Алматы: Жазушы, 1971. - 270 б.

Қирабаев С. Өрлеу жолында. - Алматы: Көркем әдебиет баспасы, 1960. - 290 б.

Қирабаев С. Революция және әдебиет. - Алматы: Жазушы, 1977. - 376 б.

Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. - Алматы: Жазушы, 1974. - 430 б.

Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. - Алматы: Қаз. мем. көркем. әдеб. бас, 1962. - 441 б.

Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. - Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1964. - 76 б.

Қирабаев С. Спандияр Көбеев. - Алматы: Қаз. мем. көркем. әдеб. бас, 1958. - 158 б.

Қирабаев С. Талантқа құрмет. - Алматы: Жазушы, 1988. - 248 б.

Қирабаев С. Талап пен талғам // Майтанов әлемі: ғылыми мақалалар мен естеліктер жинағы / құраст.: А. Майтанов, Е. Қаныкейұлы. - Алматы: Әдебиет әлемі, 2013. - 216 б.

Қирабаев С. Тәуелсіздік және әдебиет. - Алматы: Әдебиет әлемі, 2013. - 414 б.

Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен. - Астана: Фолиант, 2002. - 504 б.

Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. - Алматы: Ғылым, 2001. - 488 б.

Қирабаев С. Фариза Оңғарсынова // Оңғарсынова Ф. Толық шығармалар жинағы. - Алматы: Сардар, 2015 – 6- 20 б.

Қирабаев С. Шығармалары; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана: Фолиант. - (Сарыарқа кітапханасы). 1 т.: Әдеби зерттеулер, сын мақалалар. -  2013. - 414 б., 2 т.  -  2013. - 454 б.

Қирабаев С. Шындық және шығарма. - Алматы: Жалын , 1981. - 252 б.

Уақыт және қаламгер. Сегізінші кітап / құраст. С. Қирабаев. - Алматы: Жазушы, 1981.- 267 б.

***

Кекілбаев Ә. Шырқыраған шындық пен жарқыраған сұлулық / Ә. Кекілбаев, С. Қирабаев, Н. Оразалин // Қазақ әдебиеті. - 2014. - 31 қаңтар - 6 ақпан (№ 5). - 1 б.

Қирабаев С. Адал азамат, қарымды қаламгер // Жалын. - 2010. - № 12. - 14 - 15 б.

Қирабаев С. Айтыс асыл қазына // Егемен Қазақстан. - 2003. - 18 наурыз. - 3  б.

Қирабаев С. Академик Абдуллин // Егемен Қазақстан. - 2014. - 19 қыркүйек (№ 183). - 9 б.

Қирабаев С. Ақын, қайраткер // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2002. - 26 қыркүйек.

Қирабаев С. Алашорда және қазақ әдебиеті // Егемен Қазақстан. - 2007. - 7 қараша (№347). - 5  б., Абай. - 2011. - № 2. - 6-11 б.

Қирабаев С. Асанәлі // Егемен Қазақстан. - 2012. - 28 маусым (№ 356/357). - 5-6 б.

Қирабаев С. Асқар // Егемен Қазақстан. - 2000. - 28 наурыз.

Қирабаев С. А.Пушкин шығармаларының аудармасы туралы // Әдебиет және искусство. - 1952. - № 1. - 101 б.

Қирабаев С. Әбен мен Гүлнар // Егемен Қазақстан. - 2015. - 25 қараша (№ 226). - 11 б.

Қирабаев С. Әдебиеттің абзал торысы // Егемен Қазақстан. - 2014. - 10 сәуір (№ 69). - 6 б.

Қирабаев С. Әлем Астанамен бірге тыныстайды // Егемен Қазақстан. - 2010. - 20 қазан (№ 433/434). - 2 б.

Қирабаев С. Балажан ақын // Орталық Қазақстан. - 2002. - 2 наурыз.

Қирабаев С. Баяғы Қасым - бір Қасым // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 13-19 мамыр (№ 19). - 12 б ; 20 - 26 мамыр (№20). - 6 б., Қасым. - 2011. - № 1. - 74 б.

Қирабаев С. Біздің Зекең // Егемен Қазақстан. - 2012. - 6 желт. (№ 802/806). - 5 б.

Қирабаев С. Біртуар // Егемен Қазақстан. - 2010. - 6 қаңтар (№ 2/3). - 3, 4 б.

Қирабаев С. Бүгінгі өлең // Қазақ әдебиеті. - 2014. - 24-30 қаңтар (№ 4). - 12 б., Орталық Қазақстан. - 2012. - 22 қыркүйек (№ 160/161). - 5 б.

Қирабаев С. Ғабиден туралы сөз // Егемен Қазақстан. - 2002. - 24 желтоқсан. - 4  б.

Қирабаев С. Ғали туралы сөз // Егемен Қазақстан. - 2013. - 17 тамыз (№ 192). - 5 б.

Қирабаев С. Ел мен жер киесі // Егемен Қазақстан. - 2014. - 27 қараша (№ 232). - 5 б.

Қирабаев С. Елуінші жылдардың бас кезінде... // Орталық Қазақстан. - 2001. - 8 қыркүйек.

Қирабаев С. Ерді елі тәрбиелейді  // Тоқырауын тынысы. - 2011. - 18 ақпан (№ 7). - 5 б.

Қирабаев С. Естеліктер // Жұлдыз. - 2003. - №8. - 103-121  б.

Қирабаев С. Жазушылар Одағы мен халық бір организм: мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, академик С. Қирабаевпен сұхбат / сұхбаттасқан Ә. Байбол // Қазақ әдебиеті. - 2014. - 31 қазан - 13 қараша (№ 46). - 5 б.

Қирабаев С. Жамбылды жаңаша тану // Егемен Қазақстан. - 2016. - 6 ақпан (№ 24). - 9 б.

Қирабаев С. Жаны нұрға бөленген // Парасат. - 2002. - №5. - 4-8  б.

Қирабаев С. Жастық жігері қайтпаған // Қазақ әдебиеті. - 2014. - 9-15 мамыр (№ 19). - 7 б.

Қирабаев С. Жұбан // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 6-12 тамыз (№ 30). - 1, 6 б.

Қирабаев С. Жұлдызды шаңырақ: академиктер әулеті / С. Қирабаев, Ә. Бейсенова // Дала мен қала. - 2012. - 5 қараша (№ 45). - 10 б.

Қирабаев С. Замана жыршысы // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 24-30 маусым (№ 25). - 6 б.

Қирабаев С. Зәкиді сағыну // Мәдени мұра = Культурное наследие. - 2009. - № 3. - 17-19 б.

Қирабаев С.  Идеясыз жинақ // Социалистік Қазақстан. - 1948. - 24 окт. (№ 212). - 4 б.

Қирабаев С. Қабыкенім менің // Орталық Қазақстан. - 2009. - 17 наурыз (№ 39). - 3 б.

Қирабаев С. Қазақ поэзиясының кейбір мәселелері // Әдебиет және искусство. - 1952. - № 3. - 121 б.

Қирабаев С. Қазақ телеөнерін түлеткен / С. Қирабаев, М. А. Құл-Мұхаммед // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 20-26 мамыр (№ 21). - 7 б.

Қирабаев С. Қазақстан. Тәуелсіздік. Назарбаев // Егемен Қазақстан. - 2015. - 3 шілде (№ 124). - 5, 6 б.

Қирабаев С. Қасым - қазақтың ұлттық ақыны // Орталық Қазақстан. - 2011. - 8 қыркүйек (№ 147/148). - 3 б.

Қирабаев С. Қолымның сыртынан сүйді: ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері С. Қирабаевпен сұхбат / сұхбаттасқан Ы. Дәбей // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 23-29 наурыз (№ 12). - 1,4 б.

Қирабаев С. Қыран қанатты ақын // Орталық Қазақстан. - 2001. - 21 шілде.

Қирабаев С. Мәлік Ғабдуллин // Mangi El. - 2015. - № 6. - 136-141 б.

Қирабаев С. «Мейрамсопы – Қарқабат» // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 31 желт. (№ 52). - 11 б.

Қирабаев С.  «Мен өзім көпті көрген ақсақалмын...» / С. Қирабаев, С. Мақпыров, Б. Ыбырайым, А. Ісмақова // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 25 ақпан - 3 наурыз (№ 8). - 1, 6 б.

Қирабаев С. Мұхтар Әуезовті бүркеншік есіммен сынаған адаммын: академик С. Қирабаевпен сұхбат / Сұхбаттасқан М. Шапиян // Жұлдыздар отбасы. - 2015. - № 15. - 20-24 б.

Қирабаев С.  Мінезді талант // Егемен Қазақстан. - 2011. - 27 тамыз (№ 395/399). - 6 б.

Қирабаев С.  Оны «поэт-хулиган» дегендер де болды / сұхбаттасқан  М. Шапиян // Жұлдыздар отбасы. - 2011. - № 16. - 28-29 б.

Қирабаев С. «Өлеңімдегі өртімді өшіріп, сірә, алмаймын» // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 1-7 қараша (№ 44). - 10 б.

Қирабаев С. Өлең-жыр - Фаризаның өмір // Ана тілі. - 2000. - 28 маусым(N15). - 7  б.

Қирабаев С.  Поэзия падишасы // Дала мен қала. - 2011. - 13 маусым (№ 23). - 10 - 11 б.

Қирабаев С. Рух тәуелсіздігінің ақыны // Егемен Қазақстан. - 2012. - 19 қыркүйек (№ 609/614). - 5, 6 б.

Қирабаев С. Сүю мен жеккөрушілік сезімі // Қазақ әдебиеті. - 2014. - 26 қыркүйек-2 қазан (№ 38/39). - 9 б.

Қирабаев С. Тәуелсіздік идеясы және «ұлтшылық» әдебиет // Ақиқат. - 2009. - № 1. - 58-66 б.

Қирабаев С. Темірбек Нарком // Егемен Қазақстан. - 2013. - 3 тамыз (№ 182). - 7 б.

Қирабаев С. Тұлға // Мәдени мұра = Культурное наследие. - 2011. - № 6. - 31-35 б.

Қирабаев С. Тұмаш // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 20-26 наурыз (№ 11). - 7 б.

Қирабаев С. Тұмашым менің // Қазақ әдебиеті. - 2012.  - 21-27 қыркүйек (№ 39). - 7 б.

Қирабаев С. Ұлтжандылық // Егемен Қазақстан. - 2015. - 10 қараша (№ 215). - 10 б.

Қирабаев С. Ұлтжандылық немесе жазушы Қоғабай Сәрсекеев шығармашылығы жайлы бір үзік сыр // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 9-29 шілде (№ 27). - 7 б.

Қирабаев С. Фариза // Егемен Қазақстан. - 2014. - 5 наурыз (№ 44). - 5 б.

Қирабаев С. Шыншыл қиял  жоқшысы // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 29 қазан-4 қараша (№ 42). - 8 б ; Ақиқат. - 2013. - № 6. - 70-75 б.

С.Қирабаев туралы әдебиеттер:

Әдеби Қарағанды: Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова, 2000. - 89 б.

Қирабаев Серік // Қазақстан жазушылары: анықтамалық : 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы: Ан Арыс, 2009. - 235 б.

Қирабаев Серік // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004.- 184 – 185 б.

Қирабаев Серік // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық.- Алматы, 1987.- 348-349 б.

Қирабаев Серік Смайылұлы (1927)  // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 372 б.

***

Ақын А. Дүлділі дархан даланың / А.Ақын, Е.Балташұлы, С.Алпысұлы, Т.Майбас, С.Жанысбай // Орталық Қазақстан. - 2002. - 20 қараша. - 1-7  б.

Ақыш Н. Жеке тұлғалар туралы шындық // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 17 тамыз - 23 тамыз (№33). - 10  б.

Бейсенова Ә. Үйде академик емес, әйелмін: академик Ә. Бейсеновамен сұхбат / сұхбаттасқан Қ. Мұратқызы // Жұлдыздар отбасы. - 2015. - № 15. - 25-27 б.

Дәуітұлы С. Әдебиет майданының маршалы академик Серік Қирабаев 80 жаста // Президент және Халық. - 2007. - 16 наурыз (№11). - 6  б.

Ералина С. Алаштың мақтан етер арда ұлы // Жаңаарқа. - 2012. - 7 сәуір (№ 16). - 6 б.

Жақсыбаев А. Тағылымы мол еңбек // Егемен Қазақстан. - 2007. - 18 мамыр. - 6  б.

Қамзабекұлы Д. Сан қырлы Қирабаев // Егемен Қазақстан. - 2012. - 21 наурыз. - 10 б.

Қасқабасов С. Академик // Дала мен қала. - 2012. - 16 сәуір (№ 16). - 8 б.

Мақпыров С.   Ұстаз ұлағаты // Жалын. - 2007. - №2. - 15-17  б.

Тебегенов Т. Қазақ өркениетінің көрнекті тұлғасы // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 2-8 наурыз. - 7  б.

Хамзин М. С.Қирабаев - сан қырлы талант // Орталық Қазақстан. - 2007. - 26 сәуір. - 3  б.

Ыбырайым Б. Академик Серік Қирабаев: «Дәуір шындығынан тыс әдебиет жасалмайды» // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 25 ақпан. - 6  б.

bottom of page