top of page
Бокейхан.jpg

Әлихан мұрасы

WhatsApp Image 2021-04-23 at 17.28.29.jp

     ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі Алаштың Әлиханы аталған Әлихан Бөкейханның артында мол мұрасы қалды. Бүгінде оның шығармалары 15 том болып жарық көрді.

     Әлихан Бөкейханның ел мәдениетіндегі рухани тұлғасын жұртшылыққа эдебиеттанушы, тарихшы, мәдениеттанушы, қоғамтанушы, философ, педагог, экономист ретінде танылғаны әлемдік мәдениетте де көрініс тапты. Мәселен, Англиядағы әлемге танымал Оксфорд университетінің ғалымдары қазақ зиялысының істерін, «Ол қазақ әдебиеті мен баспасөзін дамытуда жетекші роль атқарды деп көрсетсе, Париждегі Сорбонна университетінің ғалымдары оның ұлт ісіне белсене араласқан зиялы әрекетіне былай деп баға берген: «Оның әдеби қызметі таңқарларлықтай еді: экономист, тарихшы, фольклортанушы, ол коптеген орыстармен, татарлармен, қазақтың мерзімдік басылымдарымен ынтымақтасты. Қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан талдаған алғашқы ғалым болды. Оның бүркеншік есімімен жазылған қазақ эпосына қатысты тамаша еңбектері бар» [1, 135-136 бб.].

Әлихан Бөкейханның еңбектерімен танысып және оларды сараптай келе, оның рухани мұрасын біздің пікірімізше шартты түрде былайша топтастыруға болады:

     Бірінші топқа қазақ тарихы; екінші - қазақ мемлекеттілігі, жер, қүқық, сайлау, саяси, ел басқару мәселелері; үшінші - экономикалык және шаруашылық жүргізу мәселелер; төртінші - халық ауыз әдебиеті, бесінші - тұлғатанушылық; алтыншы - сын-пікір, аудармашылық; жетінші - публиңистика және журналистика; сегізінші - халықаралық жағдай; тоғызыншы арнайы жазылған ғылыми зерттеулері, мақалалары мен хаттары.

    Рухани мұралардың ішінде Әлихан Бөкейхан тарих мәселесіне көп бөлгенін байқауға болады. Оған оның мына сөздері дәлел: «..Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихынұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұрттар қатарында кем, қор болмайтын тұқымым құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс...

   1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы Әлихан Бокейхан орыс тарихшысы, профессор Шестаковпен бірігіп, көтерілістің 10 жылдығына орай «1916-1926 жыл» атты еңбек жазып шығарған.

Бұл еңбегінде Ресей империясының қол астындағы башқұрт, өзбек, қырғыз сияқты басқа ұлт өкілдерінің бас көтерулеріне үлкен себеп болғандығына назар аударып, осы көтерілістің 1917 жылғы патшаны тақтан қүлатудағы елеулі рөлін айтады. Көтерілістің отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық сипатын көресетеді.

    Әлихан Бөкейхан мұраларының ішінде қызығушылық тудыратын тағы бір еңбегі «Список оба на реке Слеты в Коржункульской волости Акмолинского уезда» деп аталатын мақаласы [6].

     Осы мақаласында Сілеті мен Бұқпа өзенінің аралығындағы Сырлытам, Қызыл, Мұртық, Ақтөбе, Мәукен баласына қойған оба, Қара және бұдан басқа да аты белгісіз төрт обаға, олардың географиялық орналасуына, қазба жұмыстарын жүргізу кезінде табылған заттарға ғылыми сипаттама береді. Сонымен қатар обалардың құрылыс ерекшеліктеріне назар аударады. Мәселен, Қызыл оба жөнінде былай дейді: «Қызыл оба» («Три оба») на северном берегу реки Слеты, на четыре версты от нее. При раскопках, произведенных тридңать лет тому назад, здесь также наблюдали занавеску и 2-3 табыта (гроба). Величина оба не более киргизской юрты».

Әлихан Бөкейханның рухани мұрасындағы көңіл бөлген мәселелердің тағы бірі - оқу-ағарту саласы. Мерзімді басылымдар ішінде Әлихан Бөкейханның бірнеше бүркеншік аттармен жарық көрген мақалалары оқу-ағарту саласына да қатысты болды. Ол қазақ балалары білім алатын мектептер санын ұлғайту, қазақ тілінің мәртебесіне қатысты да пікірлер келтіріп отырды. Әлихан Бөкейхан халық ағарту мәселесін баспасөз бетінде көтеруге «Жаңа мектеп» журналы арқылы қатысты. Ол 1925 жылы ашылған болатын. Ашылған күннен бастап Халық Ағарту Комиссариатының органы ретінде халық ағарту ісінің ең негізгі және күрделі мәселелерін шешу үшін белсенді күрес жүргізді. Журналда қазақ зиялыларының ағарту ісін реформалау, мектеп ісін қайта кұру, Қазақстанда оқу ісін дамыту сияқты көтерген мәселелер жарық көрді [7, 60 б.].

     Ұлы даланың бойында аса үлкен аумақта өмір сүріп жатқан қазақ халқының ұлттық рухын көтеру үшін Әлихан Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары оқу-ағарту саласына ерекше көңіл болді.

    Әлихан Бөкейхан Мәскеу, Ташкент, Орынбор, Қызылорда қалаларында жарық көрген «Темірқазық» (1923), «Сәуле» (1923-1924), «Жас қайрат» (1923-1924), «Жас қазақ» (1923-1924), «Қызыл Қазақстан» (1921-1929, қазіргі «Ақиқат»), «Әйел теңдігі» (1925-1934, қазіргі «Қазақстан әйелдері»), «Шолпан» (1922), «Сана» (1923-1924), «Жаңа мектеп» (1925-1933, қазіргі «Қазақстан мектебі») журналдары, «Ақ жол», «Теңдік», «Кедей теңдігі», «Қосшы» газеттеріндегі оқу-ағарту саласы мен қазақ мектептерінің жай-күйі, мұғалім білімін жетілдіру мен оқыту әдіснамасы, шет елдерде білім алып жүрген шәкірттерге жәрдемдесу, жергілікті биліктің халық ағарту ісіндегі жауапкершілігіне қатысты мақалалары, көркем және ғылыми аудармаларымен қазақ халқын рухани кемелділік биігіне жетеледі.

     Әр жылдары «Қарақыпшақ Қобыланды», «Батыр Бекет», «Мырза Едіге», «Роман бәйгесі», «Роман деген не?», «Ән, өлең һәм оның құралы» т.б. еңбектері, «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», этнографиялық сипаттағы «Қазақтардың ас беруі» зерттеу еңбектері жарияланады. «Ер Тарғын» мен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырларын жинап, бастырды.

Ә.Бөкейхан аудармашылық мәселесімен де шұғылданды. Бүгінгі күні ғалымдар оның аудармаларын көркемдік идеялық сипаты жоғары деп бағалайды. Соның бірі Л.Толстойдың «Жұмыртқадай бидай» атты әңгімесін аударғаны үлкен қызығушылық тудыруда. Чехов, В, Короленко, Д. Мамин-Сибиряк, француз жазушысы Ги де Мопассанның шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Ә.Бөкейхан қазақ әдебиетінде сын-пікір жазудың да бастамашысы болды. Ол қазақ тіліне аударылған ғылыми кітаптарға және қазақ авторларының жазған шығармаларына сын пікір жазып отырды.

    Әлихан Бөкейхан қазақ тарихының ұлы тұлғалардың бірі Абайдың орнын ерекше бөліп қарастырады. Сол себепті ол бірінші абайтанушы. «Абай быль самородокъ, вынесенный судьбою въ безвременье его родины, не въ чемъ, какъ въ борьбе партій, было ему проявить свои силы. ... Абай, какъ это покажутъ его стихи, представлялъ не-дюженную поэтическую силу и составляетъ гордость киргизскаго (казахского) народа. Еще не было киргизскаго поэта, такъ возвысившаго духовное творчество народа, какъ Абай. Чудные его стихи, посвященныя четыремъ временеамъ года (весна, лето, осень и зима) сделали бы честь знаменитымъ поэтамъ Еуропы» [14, 327 б.] - деп Абай Құнанбаевты ерекше атайды.

      Сонымен қатар Әлихан Бөкейхан XX ғасырдың басында тұлғатану ғылымының негізін салушы ретінде тарихта өз орнын алады.

Академик М.Қозыбаевтың пікіріне сүйенсек Әлихан Бөкейханов (400-ден астам жұмыс) бай мұра қалдырған.

Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында қазақ интеллигенциясының жарқын өкілі Әлихан Бөкейхановтың Қазақстанның дамуына қосқан баға жетпес үлесін атап өтеді.Ә.Бөкейханның ғылыми еңбектерімен, жарияланған түрлі мақалаларымен танысыңыздар.

 

Әдебиеттер:

Бөкейхан Ә. Мақалалар, сын-зерттеулер және тергеудегі жауаптар: ғылыми басылым / Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков; ақылдастар алқасы Б. Әбдішев; ред. Қ. Асанов; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана: Фолиант, 2013. - 316 б. - (Сарыарқа кітапханасы).

Бөкейхан Ә. Шығармалары = Сочинения: [жинақ]. - Астана: Алашорда, 2016 - 2018. -12 т.: Мақалалар, жарияланымдар, пікірлер (рецензиялар), ғылыми ізденістер, әдеби, ғылыми аудармалар, хаттар = Статьи, заметки, рецензии, научные исследования, художественные, научные переводы, переписка: 1924-1925 (Мәскеу-Орынбор-Ленинград-Мәскеу) / құраст. С. Аққұлы. - [толықт. 3-бас.]. -  2018. - 572 б.

Бөкейхан Ә. Таңдамалы: Шығармалар жинағы. 2 кiтап.- Алматы: Өлке, 2003.- 224 бет.-(Алаш мұрасы)

Бөкейхан Ә. Шығармалары = Сочинения: қазақ және орыс тілдерінде. - Т.1-15. / бас демеуші Қарағанды облысы; құраст. С. Аққұлы. - Астана: Сарыарқа, 2016. - 2-бас. толықт.

Бөкейхан Ә. Шығармаларының толық жинағы = Полное собрание сочинений: қазақ және орыс тілдерінде / Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитетінің бағдарламасы бойынша шығарылды; құраст. Ж. С. Аққұлұлы. - Астана: Сарыарқа, 2009. – Т.1-9.

Бөкейханов Ә. Жұрт қызметін таза атқар // Шаймерденұлы Е. Шығармалары: / Е. Шаймерденұлы. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. - 159-164 б.

Бөкейханов Ә. Шығармалар. - Алматы: Қазақстан, 1994. - 334 б.

 

***

Бөкейханов Ә. Керек сөз. Балқан соғысы. Тағы соғыс [1913-14ж.ж.] // Қазақ тарихы. – 1999. – N2.- 30-32 б.

Бөкейханов Ә. Қазақтың қамын ойлаумен…/Алғы сөзін жазған С.Жәмкенұлы/ //Ақиқат. – 1992.-№2.- 39-43 б.

Бөкейханов Ә. Талқан соғысы. Тағы соғыс. /1913-14 жж/ //Қазақ тарихы. –1999. –№2.- 30-32 б.

Ә. Бөкейханов туралы әдебиеттер:

Аққұлы С. Әлихан Бөкейхан. Қазақ жерінің жоқшысы = The Unifier of kazakh lands: [тарихи басылым]. 1 т. / С. Аққұлы, Ә. Аққұлы ; ред. Д. Қамзабекұлы. - Астана: Алашорда, 2017. - 798 б. 2 т.

Алаш қозғалысы: балаларға арналған анықтамалық / Е. Тілешов [және т. б.]. - Алматы: InterBesCompany, 2017. - 149 б.

Алаштың Әлиханы: алаш қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 150 жыл толуын ЮНЕСКО-ның даталы мерекелер шаралары деңгейінде аталып өтілуіне арналады / Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайы. - [Қ.ж.?] : [Б.ж.?], 2016. - 52 б.

Аманаты алаштың: балаларға арналған энциклопедия / құраст. Т. Қ. Шаңбай; алғы сөз авт. Т. Қ. Шаңбай. - Алматы: Сардар, 2018. - 246 б.

Аршабеков Т. Т. Алаштың Әлиханы: Ә. Бокейханның тарих, жер мәселеріне арналған еңбектеріне шолу /Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Сарыарқа ғылыми-зерттеу орталығы, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі. - Қарағанды: Tengri Ltd, 2016. - 130 б.

Әлихан Бөкейхан = Alikhan Bukeikhan = Алихан Букейхан: зерттеулер, мақалалар және сұхбаттар: ЮНЕСКО "шынайы бүкіл әлемдік даңқты қайраткер" деп таныған Ә. Бөкейханның 150-жылдығына арналады / құраст. С. Аққұлы. - Алматы: "Ер Жәнібек" халықаралық қоғамдық қоры, 2016. - 522 б.

Бейсенбекова Н. А. "Алаш" қозғалысының тарихы: оқу құралы / Н. А. Бейсенбекова, Л. К. Шотбакова, Қ. С. Өскенбаев; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. - Қарағанды: ҚарМУ, 2018. - 275 б.

Бейсенбекова Н. А. Әлихан Бөкейхан - ұлт мақтанышы: монография / Н. А. Бейсенбекова, Г. М. Смағұлова, Л. К. Шотбакова; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Тарих факультетінің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығы, Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, "Тарихи - мәдени мұраны сақтау орталығы" КММ. - Қарағанды: Гласир, 2016. - 197 б.

Бейсенова Ә. С. Қазақ елі - мәңгілік ел: монография / Ә. С. Бейсенова; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. - Алматы: Қазақ  университеті, 2017. - 382 б.

Бөкейханов Ә. // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: "Аруна Ltd" ЖШС, 2005.- 136 б.

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 2006. – 193-194 б.

Бөкейханов С. Р. Өткен күнде белгі бар: [мемуарлар жинағы] = Нельзя о прошлом позабыть: [мемуары] / С. Р. Бөкейханов. - Алматы: TOO Universal Print Media, 2016. - 331 б.

Ә.Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі (1870-1937ж.) // Шығыс Сарыарқа. Қарқаралы өңірінің өткені мен бүгіні / Редакциясын басқарғандар Қ.С.Алдажұманов пен А.З.Бейсенов. – Алматы, - 2004. – 433-438 б.

Әдебиеттегі Әлихан Бөкейхан бейнесі: [әдеби шығармалар]. [1 кіт.] / құраст. С. Б. Жұмағұл. - Астана: [б. ж.], 2017. - 180 б.

Әлихан Бөкейхан: энциклопедия / ред. Ж. Тойбаева; құраст. Ғ. Жандыбаев [и др.]; алғы сөз авт. Е. Тілешов. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2018. - 783 б.

Жүсiпов С.А. Ә.Н. Бөкейханның өмiрi мен әдеби-публицистикалық мұрасы: Автореферат - Алматы, 1995.- 23 б.

Ісімақова А. Алаш әдебиеттануы. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017. - 477 б.

Кемеңгер Қ. Әлихан әлемі: көрсеткіш, мақалалар /Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, "Алаш" мәдениет және рухани даму институты, Қазақ географиялық қоғамы. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2016. - 225 б.

Қойгелдиев М. Қазақ Елі: Ұлттық бірегейлікті сақтау жолындағы күрес (XIX ғ.- XXI ғ. басы): [монография]. - Алматы: Дәстүр, 2014. - 427 б.

Құл-Мұхаммед. Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы // «Алаш» бағдарламасы: қиянат пен ақиқат. – Алматы: Атамұра, 2000. – 92-96 б.

Ләмбекұлы С. Арыстар: Роман.- Астана: Елорда, 2000.- 368 бет.

Махмут Жарылғап. Алаштың  Ақтоғайы / құраст.:А.Сейдiахметов,Ж.Махмұт.- Қарағанды: Полиграфия, 1998.- 31 бет.

Негимов С. Шығармалары: [жинақ]: бес томдық / С. Негимов. - Астана: Фолиант, 2018 - 1 т.: Шешендік өнер. - 2018. - 393 б.

Озғанбай Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан (1905-1917 жж.): [оқу құралы] / Ө. Озғанбай; алғы сөз авт. С. З. Зиманов. - 3-ші басылым толықтырылған. - Алматы: Нұрлы әлем, 2006. - 358 б.

Сәдуақас Қ. Алаш алыптары / Қ. Сәдуақас. - Астана: Фолиант, 2016. - 314 б.

 

***

Абдрахманов О. Ақтоғай ардақтылары // Орталық Қазақстан. - 2018. -16 тамыз (№ 90).-5 б.

Абдрахманұлы О. Бар ғұмырын тәуелсіздікке арнаған // Орталық Қазақстан. - 2012. - 13 қараша (№ 191). - 3 б; 15 қараша (№192/193). - 6 б.

Аққұлұлы С. Кеңес өкіметі көз тірісінде Әлиханнан қалай қорықса, аруағынан да солай қорықты / С. Аққұлұлы; сұхбаттасқан М. Әбсаттар // Қала мен дала. - 2019. - 26 сәуір (№ 16). - 3, 8, 13 б.

Аққұлұлы С. Қыр баласы - ел ағасы // Қасым. - 2016. - № 2. - 15-28 б.

Аққұлы С. Алаш көсемі Әлиханның 25 жылдық жоспары // Дәстүр. - 2016. - № 6. - 36-41 б.

Аққұлы С. Әлихан Бөкейхан масон ұйымына ұлтының мүддесі үшін кірді / сұхбаттасқан Т. Тілеубай // Айқын. - 2016. - 30 желтоқсан (№ 195). - 6 б.

Алпысбес М. Әлихан және қазақ шежіресі // Абай. - 2014. - № 6. - 25-30 б.

Алтынбайұлы Н. Алаштың асқақ көсемі // Приозёрский вестник. - 2016. - 11 марта (№ 10). - 3 б.

Асан М. Абай мен Әлихан кездесті ме? // Егемен Қазақстан. - 2017. - 8 ақпан (№ 27). - 8 б.

Асан М. Әлихан - Тавария сарайының төрінде // Орталық Қазақстан. - 2016. - 3 желтоқсан (№ 192). - 1 б.

Асан М. Әлиханнан - әлемге // Орталық Қазақстан. - 2016. - 15 қараша (№ 184). - 6 б.

Асыланбек С. Орыстан әйел алған Әлихан неге екінші рет үйленбеді? // Қала мен дала. - 2016. - 23 желтоқсан (№ 51/52). - 4 б.

Ахметова С. Әлихан Бөкейханның мақалалары мен көркем аудармалары хақында бірер сөз // Открытая школа. - 2017. - № 1. - 71-72 б.

Балташұлы Е. Әлихан Бөкейханов және "Қазақ" газеті // Орталық Қазақстан. - 2013. - 2 ақпан (№ 16/17). - 5 б.

Бейсенбекова Н. А. Қазаққа тәнті болған тұлғалар // Орталық Қазақстан. - 2019. - 28 мамыр (№ 56). - 5 б.

Бәкір Ә. Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан // Түркістан.-2017. - 13 шілде (№ 28). - 9 б.

Бөкейхан С. Әлекеңнің өмірі. Естелік. // Жұлдыз.- 1996.-N3.-102-126 б.

Бөкейханов бейнесін қалай елестетеміз?: дайындаған Ы. Дәбей / М. Қойгелдиев, Т. Жұртбай, Ы. Ожайұлы // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 16-22 қыркүйек (№ 37). - 1, 3 б.

Бөкейханов Ә. Қазақтың қамын ойлаумен… //Ақиқат. – 1992.-№2.- 39-43 б.

Досанов С. Ұлт үшін туған ұлы тұлға // Түркістан. - 2017. - 6 қаңтар (№ 1). - 5 б.

Дулатбеков Н. Әлихан Бөкейхан: Самара іздері // Орталық Қазақстан. - 2020. - 11 қаңтар (№ 3). - 1 б.

Елеукенов Ш. Алаштану, тәуелсіздік және ана тілі // Егемен Қазақстан. - 2017. - 28 шілде (№ 143). - 7 б.

Ержиласун Г. "Әлихан Бөкейхан мен Кемал Ататүріктің тарихтағы күрескерлік тағылымы зор // Орталық Қазақстан. - 2016. - 6 желтоқсан (№ 193). - 4 б.

Ершу М.Зиялы қазақ трагедиясы // Түркістан. - 2013. - 17 қазан (№ 41). - 7 б.

Әбдіғали Б. Алаш мұраты: [Зерттеуші Берік Әбдігалимен сұхбат]: бетті дайындаған М. Әбіш // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 9-15 желтоқсан (№ 50). - 4-5 б.

Әбілова С. Алаш арыстарына ескерткіш қойылды // Орталық Қазақстан. - 2019. - 29 тамыз (№ 95). - 1 б.

Әкебаев Б. Алашорда - азаттығымыздың бесігі // Қазақстан ZАМАN. - 2017. - 23 ақпан (№ 8). - 9 б.

Әкебаев Б. Алашорда қалай құрылды? // Қала мен дала. - 2017. - 3 наурыз (№ 8). - 14 б.

Әлиман Ж. Әлиханның тағы бір суреті табылды // Орталық Қазақстан. - 2019. - 12 қазан. (№ 113). - 8 б.

Әлиман Ж. Тегіңді таны // Орталық Қазақстан. - 2018. - 17 сәуір (№ 42). - 6 б.

Әлихан Бөкейханды мақала жазғаны үшін айыптайтын кезең қалай басталды? // Арқа ақшамы. - 2019. - 12 қыркүйек (№ 33). - 9 б.

Әнесұлы Ж. Алаш туын көтергендер // Президент және халық. - 2017. - 13 қаңтар (№ 1). - 5 б ; 20 қаңтар (№ 2). - 5 б.

Жақсығалиев Ж. Ініге ізет // Ақ Жайық kz. - 2016. - № 3. - 189-203 б.

Жанысбай С. Желтаудағы жарқын күндер // Орт. Қазақстан. - 2017. - 17 қаңтар (№ 6). - 4 б.

Жаңқашұлы Ж. ЮНЕСКО тойы үй ішінде қала ма? // Арқа ақшамы. - 2016. - 15 қыркүйек (№ 34).

Жүнісұлы О. Талдыбейіт. Желтау... // Ана тілі. - 2016. - 15 - 22 желтоқсан (№ 50/51). - 5 б.

Жұмағұл С. "Смахан төренің "Қазақ" газетіндегі бүркеншік есімі "Сұңқар" болған" // Орталық Қазақстан. - 2016. - 6 желтоқсан (№ 193). - 4 б.

Жұмағұл С. Естеліктердегі Әлихан Бөкейхан тұлғасы // Ақиқат. - 2017. - № 4. - 15-21 б.

Жұмағұл С. Әлиханның қазақ тіліне қызметі // Орталық Қазақстан. - 2020. - 5 наурыз (№ 26). - 4 б.

Жұмағұл С. Ұлт тілін ұлықтаған // Ақиқат. - 2019. - № 10. - 87-92 б.

Жұмағұлов С. Әлихан Бөкейхан: оқу-ағарту мәселелері хақында // Арқа ақшамы. - 2016. - 4 тамыз (№ 29). - 10 б.

Жұмағұлов С. Әлиханның әдебиеттегі бейнесі // Арқа ақшамы. - 2016. - 1 желтоқсан (№ 45). - 8 б.

Жұмашев Р. Федор Щербина экспедициясы және Әлихан  / Р. Жұмашев, М. Амрина // Қасым. - 2017. - № 1. - 161-178 б.

Жұртбай Т. Әлихан Бөкейхан және біртұтас Алаш идеясы // Дәстүр. - 2016.- № 6. - 20-22 б.

Жұртбай Т. Әлихан Бөкейханов және Сталин // Жұлдыз. - 2018. - № 2. - 3-12 б.

Жұртбай Т. Пайымсыз байламға айтар екі уәж // Арқа ақшамы. - 2016. - 29 қыркүйек (№ 36). - 8 б.

Идиева Г. Әлихан Бөкейхан: Қазақтың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ! // Ел. - 2012. - 6 қыркүйек (№ 35). - 6 б.

Ісімақова А. Алаш арысын ұлықтай алдық па?: [Профессор, алаштанушы ғалым Айгүл Ісімақовамен сұхбат] / сұхбаттасқан Е. Кәпқызы // Түркістан. - 2016. - 22 желтоқсан (№ 51).-9 б.

Іскендерұлы Ғ. Тарих тағылымы келер күнге жалғасады // Егемен Қазақстан. - 2016. - 31 желтоқсан (№ 253). - 7 б.

Каренов Р. Алты Алаштың алып азаматы // Жұлдыз.- 2007.- №9.- 115-140 б.

Каримов М. Ә.Бөкейханов және XX ғасырдың басындағы Шығыс Қазақстан жеріндегі қоғамдық-саяси жағдай // Абай. - 2016. - № 6. - 29-35 б.

Кенемолдин М. Әлихан Бөкейхан және Сібір басылымдары //Абай. - 2016. - № 6. - 36-43 б.

Кәрімхан З. Ұлылар аңсаған азаттық: [Әлихан Бөкейхан және Мұстафа Кемел Ататүріктің азаттық жайлы ойлары] // Түркістан. - 2019. - 26 желтоқсан (№ 51/52). - 11 б.

Қабыл Д. Әлихан мінген тарантас // Орталық Қазақстан. - 2019. - 18 мамыр (№ 52). - 6 б; Тоқырауын тынысы. - 2019. - 15 қараша (№46). - 2 б.

Қазыбек Г. Әлихан Бөкейхан аудармалары // Жұлдыз. - 2017. - № 3. - 206-207 б.

Қазыбек М. Ұлт-азаттық көтерілісі мемлекеттік дума мәжілісінде // Қазақ әдебиеті. - 2017. - 17-23 ақпан (№ 6). - 20-21 б.

Қалқаманұлы Н. Әлихан Бөкейхан спетаклі хақында // Арқа ақшамы. - 2017.- 5 қазан. - 4 б.

Қанарбаева Б. Мағжанның соңына шам алып түскен: [Мағжан Жұмабаев туралы Бақыткамал Қанарбаевамен сұхбат] / Б. Қанарбаева; сұхбаттасқан Е. Нақтыбайұлы // Адырна. - 2019. - № 2. - 151-161 б.

Қарасаев Ғ. Ә. Бөкейханов XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі // Қазақстан мұрағаттары. - 2016. - № 4. - 4-13 б.

Қиықбай Қ. Алашына оралды // Орталық Қазақстан. - 2017. - 5 қазан (№ 110). - 1 б.

Қойгелдиев М. Алаш идеясы: бір ғасыр өткен соң // Егемен Қазақстан. - 2017. - 1 қаңтар. (№ 1). - 5 б.

Қойгелді М. «Алаш зиялыларын жоқтау кезеңінен өттік, енді...»: [ҚР ҰҒА академигі, көрнекті Алаштанушы Мәмбет Қойгелдімен әңгіме] // Қазақ әдебиеті. - 2017. - 15-21 қыркүйек (№ 38). - 8-9 б.

Қойгелді М. Әлихан мен Мұстафа неге біріге алмады? // Қала мен дала. - 2019. - 3 мамыр (№ 17). - 7 б.

Қойшыбаев Б. Жаңғырған қазақ ордасының тұңғыш басшысы // Дәстүр. - 2016. - № 6. - 24-25 б.

Қоңыратпай Т. Батырларды бағаламау - ұрпаққа сын // Жас Алаш. - 2017. - 18 сәуір (№ 30). - 5 б.

Қошанов А. Ұлт көсемінің бір ғасыр бұрынғы бағдары // Жалын. - 2016. - № 10. - 60-64 б.

Мағазбекұлы Ж. Абай мен Әлиханның таныстығы... // Арқа ақшамы. - 2016. - 8 қыркүйек (№ 32). - 5 б.

Мейраш А. Октябрь ауданында Әлихан қайда? // Арқа ақшамы. - 2016. - 8 желтоқсан. - 1 б.

Мектеп-Тегі А. Ұмытар ма, Әлиханды, исі қазақ баласы // Заң. - 2017. - № 5. - 33-39 б.

Мектеп-тегі А. Ақсұңқар құстың сойы еді // Заң. - 2016. - № 11. - 45-51 б.

Мұқан Т. Тұлғалар тағдырындағы ұқсастық // Орталық Қазақстан. - 2020. - 5 наурыз. - 4 б.

Мұқанов Т. Ел тарихы - рухани қазына // Тоқырауын тынысы. - 2014. - 25 шілде (№ 31). - 7 б; 22 тамыз (№35). - 9 б.

Несіпбай А. Бөкейхановтың аталасы ресей патшасы болған // Орталық Қазақстан. - 2017. - 1 тамыз (№ 84). - 6 б.

Олжайұлы Ы. Әлихан әлемін әлі түсіне алмай жүрміз // Арқа ақшамы. - 2019. - 11 шілде (№ 25). - 8-9 б.

Омарбеков Т. Әлихан Бөкейхан // Дәстүр. - 2016. - № 6. - 14-18 б.

Сағынтай С. Әлихан әлі дәріптелмей келеді // Арқа ақшамы. - 2013. -14 маусым (№ 9).-8 б.

Сайлауқызы А. Тұңғыш кәсіби журналист // Қасым. - 2016. - № 2. - 145-152 б.

Сарсенбаев А. Б. М.Тынышбаев және алаш азаматтары // Отан тарихы = Отечественная история. - 2018. - № 4. - 137-146 б.

Саяқбаева Г. Алаш деп ғұмыр кешкендер // Қазақстан ZАМАN. - 2017. - 18 мамыр. - 9 б.

Сейсенұлы Д. Алаш аралы деп неге атамасқа?! // Егемен Қазақстан. - 2017. - 8 ақпан. - 8 б.

Сәрсембин Ү. Ұлттық рух және ұлттық интеллигенция // Ақиқат. - 2018. - № 4. - 14-19 б.

Сисекенов Л. Арыстары Алаштың // Жалын. - 2016. - № 11/12. - 11-14 б.

Смағұл Б. Ұлт көсемі ұлықталды // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 2-8 желтоқсан (№ 49). - 5 б.

Смағұлова С. Арыстары Алаштың // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 9-15 желтоқсан (№ 50). - 8 б.

Совет А. Петербордың Әлиханға құрметі // Орталық Қазақстан. - 2018. - 18 қазан. - 8 б.

Суханберлин О. "Сарыарқаны" ашқаны - кеудемізді басқаны // Арқа ақшамы. - 2017. - 19 қаңтар (№ 3). - 6 б.

Сүйіндіков З. Әлиханға арнау // Шет шұғыласы. - 2016. - 11 тамыз (№ 32). - 7 б.

Сыдықов Е. Тродцкидің хаты немесе Алаш арыстары айтқан ақиқат // Егемен Қазақстан.-2006.- 3 наурыз (№53).-6 б.

Теміров Б. Абай мен Әлихан кездесті ме? // Абай. - 2017. - № 1. - 32-35 б.

Тәуелсіздік және Алашорда миссиясы / Ф. Қозыбақова [және т. б.] // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 9-15 желтоқсан (№ 50). - 6-7 б.

Тоқсанбай Қ. Әлихан Бөкейхан ізімен // Қазақ үні қосымша. - 2016. - 29 қараша (№ 6). - 16-17 б.

Тоқтарбай Е. Қапастан жолданған хаттар... // Қасым. - 2016. - № 2. - 45-50 б.

Тұлға алдындағы парыз / дайындаған М. Әбіш // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 9-15 желтоқсан (№ 50). - 5 б.

Тұнғатар Қ. Бір ғасыр бұрынғы бостандық // Егемен Қазақстан. - 2017. - 27 маусым (№ 121). - 10 б.

Ұлт мүддесі үшін күрескен // Тоқырауын тынысы. - 2014. - 7 наурыз (№ 10). - 2 б.

Хабдина Б. Айбатқа мінген момын жұрт // Түркістан. - 2017. - 20 шілде (№ 29). - 9 б.

Шамахайұлы Қ. Әлихан Бөкейханның өсиеті қайда қалды? // Қала мен дала. - 2019. - 25 қаңтар (№ 3).

 

1. Азаттық таңын аңсаған алаш арысы / Әл-Фараби кітапханасы, Даму және коммуникация орталығы

2. Алаш көсемінің Ғылыми кітапханада сақтаулы мұралары

3. Алаш электронды кітапхана

4. «Әлихан Бөкейханов - 150 жыл» сандық кітапхана

​​5.Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов: кітап көрмесі

bottom of page