top of page
Бокейхан.jpg

Өмірбаяны

    Әлихан Нұрмұхамедүлы Бөкейхан 1866 жылы 5 наурызда бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданыны, Шабанбай би ауылдық округінің аймағы.

     Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті коғам және мемлекет кайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

 

• 1879-1886 жылдары Қаркаралы қаласындағы қазак балаларына арналған мектеп-интернатта оқыған.

• 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты.

• 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының

экономика факультетінде оқыды.

• 1896-1903 жылдары Щербина экспедициясының жұмысына кагысады.

• 1905 жылы 10 қаңтарда тұтқынға алынып, Павлодар түрмесіне қамалады.

• 1905 жылы қарашаның 14-і күні Ө.Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары Ресей министрлер кеңесінің төрағасы С.Ю.Виттенің атына 14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясын жолдады.

• 1906 жылы маусымда Ресейдің I Мемлекеттік Думасына Семей облысы қазақ жұртынын атынан сайланады. Думаны күшпен тартуға байланысты қарсылық білдіргені үшін тұтқынға алынып, Семей түрмесіне жабылады.

• 1908 жылы Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищ» кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінің редакторы болады. Осы жылы Самараға жер аударылады.

• 1909-1917 жылдары Дон егіншілік банкі бөлімшесіндежұмыс істейді.

• 1912-1917 жылдары кадеттер партиясы ОК-інің мүшесі болады. XX ғасырдың басындағы «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпыұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңіреді.

• 1914 жылы маусымда Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен шақырылған Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты.

• 1917 жылы Минскідегі земство және қала одақтары жанынан ашылған бұратаналар бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Ә.Бөкейханның жетекшілігімен шілдеде 1- жалпықазақ съезі өткізілді, сондай-ақ «Алаш» партиясы, «Алашорда» өкіметі құрылды. Үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Ә.Бөкейхан сайланды.

• 1920 жылы Қазақ АКСР Егіншілік халық комиссариаты коллегиясының мүшесі болады. 1922 жылы Ұлттар істері жөніндегі Халық комиссариаты (Мәскеу) жанындағы орталық баспаның ғылыми қызметкері.

• 1926-1927 жылдары Ресей Ғылым академиясының ғылыми қызметкері болады. Өкінішке қарай, Сталин басқарған жоғарғы билік революцияға дейінгі қазақ зиялыларына, оның ішінде Ә.Бөкейханға сенімсіздік танытады.

• 1925 жылы Ф.Голощекиннің саясатына жол бермеу үшін қазақ қожалықтарына қажет жер нормасын анықтау мақсатында КСРОҒА жанынан профессор С.П.Швецов бастаған экспедицияны құру ісіне белсене араласып, құрамына енеді.

• 1926 жылы Ә.Бөкейханды Мәскеуден бақылаушы орындардын рұксатынсыз шығып кеткені үшін ОГПУ кызметкерлері Ақтөбеде тұткынға алып Бутырка түрмесіне жабады.

• 1927 жылы қазан айынан бастап Мәскеуде, ОГПУ орындарының бақылауына тұруға тиіс болды.

• 1937 жылы 27 кыркүйекте КСРО Жоғарғы соты Әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесіледі.

• 1989 жылы 14 мамырда КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталады.

 

121.jpg
bottom of page