top of page
Бокейхан.jpg

Әлихан Бөкейхан ескерткіші

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

  1. 1998 жылы Ақтоғай ауданының орталық алаңына Алаштың ардақтылары Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермековке арналған «Үш арыс» мүсіндік композициясы орнатылды. Ескерткіш авторы суретші-мүсінші Жаубасар Қалиев.
    2013 жылы монументтің айналасы абаттандырылып, «Алаш алаңы» ашылды.

2. 2016 жылы Ә.Бөкейханның 150 жылдығына орай Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін орта мектептің алдына ұлы тұлғаның ескерткіші орнатылды.

Бюст авторы -Виктор Антонов Арент

Мүсіннің биіктігі тұғырымен санағанда 3 метр

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

     Қарқаралы жеріндегі Алаш қайраткерлерінің кесек тұлғалары сомдалған ескерткіш – рухани құндылық, тарихтан сыр шертетін жәдігер.

    «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылы 27 тамызда «Алаш арыстары»  атты ескерткіш бой көтерді. Ескерткіште Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Әлімхан Ермеков бейнеленген:

– Дөңгелек стол басында халқының жарқын болашағын туралы сөз өрбітіп отырған Әлімханды ұстамды да сабырлы Әлихан жағын таянып, үнсіз ойға шомып тыңдаса, Ахаң Әлімханның көзінен ұшқындаған отты көргендей мұқият ден қойып отыр. Соның бірі де бірегейі Әлихан Бөкейханов.

    Тағдыр тоғыстырып, қазақ халқының болашағы сынға түскен шақта «Алашым» деп аласұрған, азаттықтың ақ таңын аңсап өткен арыстардың құрметіне қойылған ескерткіштің жобасын қағаз бетіне алғаш түсірген жергілікті талантты суретші Сәкен Дәулетбаев, мүсіншілер – Талғат Байоразов, Кенжебек Қошантаев. Ескерткіш қоладан құйылған, биіктігі – 3,15 метр, салмағы – 2 тонна.

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

    2020 жылдың 15 желтоқсан күні Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп – лицейдің алдында Алаш көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановқа арналған ескерткіш – бюсті орнатылды.

      Гранит тұғырдағы қола мүсіннің биіктігі үш метрден асады. Салмағы - 200 келі.

      Авторы ҚР Суретшілер одағының мүшесі , мүсінші Жаубасар Қалиев.

2017 жылы қыркүйек айында Семей қаласында Әлихан Бөкейхан ескерткіші ашылды.

Тас тұғырдың үстіне қойылған Әлихан Бөкейханның мүсіні Семейдің орталығындағы балалар саябағы мен Жеңіс саябағы арасына орнатылды.

Ескерткіштің биіктігі 1,8 метрлік тұғырға орнатылған, 3,5 метр.

Қоладан құйылған, биіктігі 5 метрден асатын, оң қолына асық ұстаған алаш қайраткері ескерткішінің авторы  мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов.

Мәскеу қаласы

2011 жылы 28 қазанда Әлихан Бөкейхан мен Нығмет Нұрмақұлының басына ескерткіш-тақта орнатылды. Қазақ халқының 1937 жылы 27 қыркүйекте атылған айбынды ұлдары Мәскеу қаласындағы Донское зиратында №1 ортақ қабірге жерленген.

Қарқаралы топырағында туып, Мәскеуде топырақ бұйырған екі арыстың белгі-тақтасына аты-жөнімен қатар, Қарқаралыдан шыққан ұлт ақыны Қасым Аманжоловтың бір шумақ өлеңі жазылған

Әлихан Бөкейхановтың туған жеріне қойылған ескерткіш тақта (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы)

Семей қаласындағы Alikhan Bokeikhan Iniversity алдына қойылған Алаш көсемінің бюсті. Авторы белгілі мүсінші, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Талғат Анарбеков. 2021 ж. 27 тамыз

bottom of page