top of page
Бокейхан.jpg

Alikhan Bokeikhan University

Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті 2021 жылдың 27 тамызы күнінен бастап Әлихан Бөкейхан есімін иеленді. Оқу ордасы енді «Alikhan Bokeikhan Iniversity» деп аталады.

Осы игі шараға орай оқу ордасының алдына орнатылған Алаш көсемінің бюсті ашылды. Бюсттің ақ шымылдығын Әлихан есімді жасөспірімдер түрді. Бюст авторы – белгілі мүсінші, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Талғат Анарбеков.

Шара «Әлихан Бөкейхан тұлғасы отандық ғылым контексінде: жаңа пәнаралық зерттеулер мен ізденістер» ғылыми-тәжірибелік конференциясымен жалғасты.

https://informburo.kz/kaz/newskaz/semejdegi-khazakh-innovaciyalykh-gumanitarlykh-zang-universiteti-aelihan-boekejhan-esimin-ielendi

Әдебиеттер:

Әбіш М. Оқу ордасы - Әлихан атында // Егемен Қазақстан. - 2021. - 1 қыркүйек (№ 164). - 12 б.

Шалқар Ж. Университет - Әлихан атында // Орталық Қазақстан. - 2021. - 28 тамыз (№ 95). - 8 б.

bottom of page