top of page
Бокейхан.jpg

15 томдық шығармалар жинағы

        Бүкіл ғұмырын ұлт тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған Әлихан Бөкейханның есімі ел тәуелсіздігімен бірге қайта оралып, еңбегі халқымен қауышты. Оның атқарған ісі, кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасы М.Қойгелдиев, Д.Қамзабекұлы, Е.Тілешов, А.Ісмақова, С.Аққұлы, Н.Бейсенбекова т.б. ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерделеніп келеді.

Құрметті оқырман алдарыңызға ұсынылып отырған тағылымы мол мұра Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның 15 томдық шығармалар жинағы және тұлғалық энциклопедиясы.

15 томдық жинақ белгілі ғалымдардың бірнеше жыл бойғы қажырлы іздендістің, зерттеудің нәтижесінде жарық көрді.

Жинақта Әлихан Бөкейханның әр жылдары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалалары, ғылыми зерттеулері, 1897-1901 жылдары «Щербина экспедициясының» материалдары, әдеби сын, фольклорлық зерттеу, ашық хаттары, саяси сатиралары, әңгімелері, фельетондары, сөйлеген сөздері, аудармалары, хаттамалары (архивтік құжаттар) қамтылған.

Қарағандыда қазақ және орыс тілдерінде «Әлихан Бөкейхан шығармалар жинағы» атты 15 томдық кітаптың тұсауы кесілді

 

Әлихан Бөкейханның 15 томдығы
 

***

​«Әлихан Бөкейхан» тұлғалық энциклопедиясы

     «Әлихан Бөкейхан» тұлғалық энциклопедиясына Ә.Бөкейханның өмірбаяндық деректері, қайраткерлік қызметі, ғылыми, публицистикалық, аударма мұралары туралы мақалалар енгізіліп отыр. Сонымен қатар, Алаш қозғалысына қатысты мағлұматтар, Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары, ғалым жөнінде жазылған еңбектер мен олардың авторлары туралы да мәліметтер беріліп отыр.

 

энциклопедия0005.jpg
bottom of page