top of page
Бокейхан.jpg

Әлихан Бөкейхан атындағы аудан

2021 жылы Қарағанды облысы мәслихатының кезекті IX сессиясында Октябрь ауданы атауын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан деп өзгерту туралы шешім қабылданды.

Осыған орай, Октябрь ауданның енді Әлихан Бөкейхан атындағы аудан болып аталуына байланысты 2021 жылдың 13 желтоқсаны күні салтантты іс-шара ұйымдастырылды.

Тарихи жиынға қатысқан Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов тұрғындарды айтулы қуанышпен құттықтады. Сондай-ақ Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Октябрь ауданының Қазақстанның бірлігін, оның жарқын болашағын армандаған Әлихан Бөкейхан атындағы аудан болып өзгертілгені – бұл ең алдымен Әлихан Бөкейханның тарихи қызметіне, жалпы еліміздің тарихына берілген құрмет екенін атап өтті

Ескере кетсек, бұл аудан 1938 жылы Қарағанды қаласының солтүстік бөлігінде құрылған. 1961 жылға дейін Сталин ауданы деп аталды. Содан кейін ол Октябрь  ауданы деп аталды. Құрамына Майқұдық, Пришахтинск, Сұрыптау елді мекендері енеді. Оның ауданы – 22,4 мың га, халқы – 227 мың адам.

 

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/515846-ara-andyny-oktyabr-audany-likhan-b-kejkhan-dep-ataldy

 

https://informburo.kz/kaz/oktyabr-atauyn-alixan-bokeixan-audany-dep-ozgertu-turaly-qauly-qabyldandy

Әдебиеттер:

Айтжанова Қ. Найзағай-Рух намысты жанып... / Айтжанова, Ж. Әлиман, Ж. Шалқар // Орталық Қазақстан. - 2021. - 13 наурыз (№ 28). - 1 б.

Қуатбек Е. Мен - Әлихан Бөкейхан ауданының тұрғынымын! // Арқа ақшамы. - 2021. - 18 наурыз (№ 11). - 9 б.

Күзембаев М. Қ. Жас ұрпақ жүрегіндегі Әлихан бейнесі // Ізденіс = Поиск. - 2021. - 11 наурыз (№ 5). - 7 б.

Сұлтанғали С. Жиырма жыл күткен жеңіс // Арқа ақшамы. - 2021. - 16 желтоқсан (№ 45). - 1 б.

Әміртайұлы Т. Аманатқа қиянат жоқ // Орталық Қазақстан. - 2021. - 16 желтоқсан (№ 140). - 5 б.

Қасымбек Ж. Бүгінгі жетістіктер - еңселі елдігіміз бен берекелі бірлігіміздің көрінісі: Қарағанды облысының әкімі Ж.М.Қасымбекпен сұхбат / сұхбаттсақан Қ.Ахметов // Орталық Қазақстан. - 2021. - 30 желтоқсан (№ 145). - 2 б.

Шалқар Ж. Алмас рухым, мәңгі өлмеске бекіген... // Орталық Қазақстан. - 2021. - 30 желтоқсан (№ 145). - 5 б.

Жақан Ә. Әлихан һәм Тәуелсіздік // Орталық Қазақстан. - 2021. - 28 желтоқсан (№ 144). - 5 б.

Бахтияр Б. Сиырдан - Барысқа, табыстан табысқа жетейік // Қарқаралы. - 2021. - 30 желтоқсан (№ 53). - 12 б.

Мұрат А. Сиыр жылы не сыйлады? // Арқа ақшамы. - 2021. - 30 желтоқсан (№ 47). - 7 б.

Әбілда Қ. Тұлғаға тағзым - Тәуелсіздік тартуы // Егемен Қазақстан. - 2021. - 10 желтоқсан (№ 236). - 1 б.

Жыл шешімі // Егемен Қазақстан. - 2021. - 31 желтоқсан (№ 250). - 10 б.

Қабыл Д. Әлихан есімі ауданға берілді // AQTOǴAI AJARY. - 2021. - 10 желтоқсан (№ 50). - 1 б.

Өңірде кадрлық өзгеріс // Орталық Қазақстан. - 2022. - 31 наурыз (№ 34). - 2 б.

bottom of page