top of page
Бокейхан.jpg

Әлихан Бөкейхан көшесі

1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Құлайғыр селосы

Құлайғыр селосындағы Гагарин көшесі Әлихан Бөкейхан атымен аталды.

«04.09.2017 ж., №3 Құлайғыр ауылдық округі әкімінің шешімі)

2. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

1991 жылы село орталығындағы басты көшеге Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов есімі берілді

 

3. Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара селосы

Аудан орталығы Ботақара кентінің Энергетиков көшесі Әлихан Бөкейхан атымен аталды. (13.01.2021ж, № 1 Ботақара кенті әкімінің шешімі)

4. Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Баймырза ауылы

Ауданға қарасты Баймырза аулының 50 лет СССР көшесі Әлихан Бөкейхан атымен аталды (06.08.2018ж, № 3 Баймырза ауылдық округі әкімінің шешімі)

5. Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Рыбачий қалашығында орналасқан.

Бұл көше Детская болып аталған. Көшені негізінен коттедж үйлер құрайды. Көше атауы халық депутаттары Жезқазған қалалық Кеңесі атқару комитетінің 1990 жылғы 13 қыркүйегіндегі №616/18 шешіміміен детскаядан Әлихан Бөкейханов болып қайта өзгертілді. Көшенің жалпы ұзындығы 1200 метр.

 

6. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 5 қарашадағы № 265 және Қарқаралы аудандық мәслихаттың 2008 жылы 4 ақпандағы №5-62 бірлескен қаулы және шешім негізінде «Ленин» көшесіне  «Әлихан Бөкейхановтың» есімі берілді. Бұл көше бойында аудандық білім бөлімі, аудандық балалар кітапханасы, қалалық әкімшілік, өлкетану музейі, аудандық кітапхана, қорғаныс істер жөніндегі мекемелері орналасқан.

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы

    Бұл көше Осакаров ауданы орталығының байырғы көшелерінің бірі (1931 ж). Көше 1931 жылы қаза болған Ақмола облысы ОГПУ басшысы Д. И. Литвиннің құрметіне аталған. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаров к әкімінің 2017 ж 13 желтоқсандағы N 01, Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2017 ж 25 желтоқсандағы N 4497 шешімімен Осакаров ауданы Литвинская көшесіне Әлихан Бөкейханов атауы берілді.

    Көше бойында Осакаровка АІІБ, Осакаровка аудандық соты, Осакаров аудандық салық комитеті, N1 орта мектебі орналасқан.

bottom of page