

Бауыржан мұрасы

Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының шығармаларының маңызы жоғары. Бауыржан Момышұлы шығармалары өскелең ұрпақты тәрбилелеу барысында маңызды рөл атқарады.
Oтaншылдық пeн cүйicпeншiлiк, еpлiк пeн eлдiк, адамгершілік пен ізгілік, тектілік, намыс, ар мен жaн тaзaлығы, достық — бәpi дe Бауыржан Момышұлының жеке тұлғасы мен шығapмaлapынaн opын aлғaн. Мұның өзi бoлaшaқ ұpпaқ бoйынa кiciлiк acыл қacиeттepдi жинaқтaп меңгеруге ықпал ететін тәpбиe бacтayы болмақ. Екінші дүниежүзілік соғыста қайталанбас ерлігімен әлем халықтарына есімі аңыз болып тараған гвардия полковнигі, қазақ батыры, даңқты жазушы Бауыржан Момышұлының өмірін — өнеге, жазған мұраларын — патриоттық-педагогикалық өсиет, құндылығын жоғалтпайтын мол қазына.
Қазақ халқының біртуар батыр ұлының ерліктері мен еңбектері өте көп. Ол тек қана әскери адам ретінде ғана емес, сонымен бірге жазушы ретінде де танылды. Бауыржан Момышұлы соғыс тақырыбына жазған «Офицер күнделігі», «Бір түннің оқиғасы» (1956), «Москва үшін шайқас» (1958), «Майдандағы кездесулер» (1962), «Біздің генерал» атты шығармалардың авторы. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз еңбектерінде өмірінде көрген білгендері мен соғыста куә болған оқиғаларын шынайы түрде суреттеген. Оның қазақ прозасына қосылған жасандылықтан ада, таза өмір шындығынан туындаған романы мен әңгіме, повестері көркемдік құрылысы мен суреткерлік шеберлігі жағынан ең үздік туындылардың қатарынан орын алады. Б.Момышұлының соғыс тақырыбын егжей-тегжейлі бейнелейтін алғашқы көлемді шығармаларының бірі «Москва үшін шайқас» романы. Ол бәрімізге тарихтан жақсы таныс атақты 8-гврдияның Мәскеу түбіндегі ерлік істерін көркем тілмен суреттеген. Қаламгердің соғыс жайында жазылған «Москва үшін шайқас» шығармасы шеберлікпен реалистікпен баяндалған.