

Бауыржан Момышұлы көшесі
1. Астана қаласы, Бауыржан Момышұлы даңғылы (бұрынғы атауы — 13-магистральды автожолы) Сарайшық көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. М. Жұмабаев, Тәуелсіздік даңғылдарын және Қызыларай, Сырымбет, Қордай, М.Төлебаев көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 3958,7 м.


2. Алматы қаласы, Әуезов аудан көшесіне Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 31.01.1985 №3153 шешімі) берілген. Райымбек даңғылынан басталып, Новостройка көшесіне дейінгі аралықта созылып жатыр. Төле би, Жұбанов, Абай, Шаляпин көшелерін қиып өтеді. Көшенің ұзындығы - 4500 метр.

3. Алматы метросының 2018 жылы ашылған «Достық» бекеті «Бауыржан Момышұлы» атындағы метро бекеті болып өзгертілді. 2022 жылы 30 мамырда іске қосылды. Бірінші бағытта «Сарыарқа» және «Қалқаман» бекеттерінің арасында орналасқан.

4. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Жосалы кентінің Қызыләскер көшесі Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы көше болып өзгертілді. (05.03.1992ж.№14 Жосалы кенті әкімінің шешімі)

5. Шымкент қаласындағы бұрынғы Космонавтар даңғылы. Шымкент қалалық атқару комитетінің 1991 жылы 6 тамыздағы шешімімен бұл көшені Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы даңғылы болып өзгертілді.Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Жосалы кентінің Қызыләскер көшесі Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы көше болып өзгертілді. (05.03.1992ж.№14 Жосалы кенті әкімінің шешімі)

