

Бауыржан Момышұлының
нақыл сөздері
Қазақ халқының біртуар батыр ұлы Бауыржан Момышұлының Кеңес үкіметі мен қазақ халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері ұмытылмайды. Ол тек әскери адам ретінде ғана емес, сонымен бірге жазушы ретінде де танылды. Оның еңбектерін оқыған жас буын өкілдері Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіріп өседі. Ендеше, Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының кез келген жанға рухани азық болар нақыл сөздерін ұсынамыз.
1. Ерлік пен жаужүректік туралы
1.Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.
2.Ерлік ер басына жүре бітетін қасиет.
3.Күш-әкесін танымайды.
4.Ханның еркесі болғанша, жігіттің серкесі бол.
5.Мақтаныш- ерлік анасы.
6.Әсерсіз-қолбасшы қауқарсыз, басшысыз-әскер қауқарсыз.
7.Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.
8.Азаматқа өмірден де ар қымбат, өлімнен ұят күшті.
9.Ерлік елеусіз қалмасын, олжа-елге, атақ-ерге сауға.
10.Тәуекелсіз ерлік жоқ.
11.Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
12.Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін.
13.Ерлікті таба білу, ерді тани білу.
14.Соғыс-халықтың күш-қуаты, ерлік жігерін сынайтын ұлы емтихан.
15.Ердің Еділ тобығынан келмейді, қорқақ қаққа шеңіп өледі.
16.Әдіссіздік-әлсіздік, ептілік те ерлік.
17.Қырағының өзі де, көзі де батыр.
18.Таяқтан тайсалмасаң, семсерден сескенбесең, жеңдім дей бергін. Бұқсақ-сұқты,тығылсақ-тықты, именсең езді, өлдім дей бергін.
19.Анадан ешкім батыр болып тумайды.
20.Ана үшін аянба-ант ұрады, бала үшін аянба-бетің күйеді, ел үшін аянба-ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба-жігітіңе сын.
21.Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек, тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ер болмайды.
22.Елсіз ер бола ма?
Жұртсыз жігіт бола ма?
Ерлік елдің қасиеті,
Жүректілік жігіттің қасиеті.
23.Қол қашса қолбасшы боққа да жарамайды.
24.Біреу батыр болғанша, мың батыр болсын.
25.Жалғыз батыр-жалғыз жан, майданға тұлға бола алмайды,азынап жалғыз арыстан, орманды билеп ала алмайды.
Жалғыз батыр болғанша, жалпы батыр болғаны, ел сипаты, ер сыны әрине батыр-батыр ғой, бастаған батыр-ер пірі.
26.Мен істедім дегенше, мың істеді десеңші, мың істеді дегенше, ер істеді десеңші, ер істеді дегенше, ел істеді десеңші, мен мыңдікі болмасам, ер елдікі болмаса, кім істеді дер едің?
27.Шегініп серке болғанша, Секіріп теке болғын.
28.Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
Ежелден ер тілігі-ер тілегі, адал ұл ер боп туса-ел тірегі.
Қол жайып шын ниетпен берген бата, шаршаған жауынгерге бел тірегі.
29.Жығылған үстіне жұдырық.
30.Ерлік-елдің қасиеті, жүректілік-жігіттің қасиеті.
31.Жиырма жас-тарихи ерліктер жасайтын шақ, осыған әрқашанда әзір болу керек,
32. Қайрат – қамал бұзады.
33.Көз қорқақ, қол батыр.
34. Ерлік – тәрбие жемісі.
35. Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.
36. Солдаттың анасы – Отанның анасы.
37.Соғыстың заңы – өте қатал заң.
38. Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір!
39. Берік болмай ерік жоқ.
40. Өжеттілектен не пайда, ерлігі мен ақылы, көпті батыр етпесе.
41. Жауыңды жапыра біл, Баудай түсіре біл.
42. Ұрыста тәуекел ету де – ерлік.
43. Әрқашан әскери ар-намысыңды сақта, солдаттық борышыңа адал бол.
44. Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ.
45. Жеңіс шайқасқа дейін шыңдалады.
46.Жауынгерлік борышты өтеу – жеңіспен бірдей.
47. Ұшқынсыз от тұтанбас.
48. Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді,
қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.
49. Жақсы командир жауынгерін зор етеді,
жаман командир офицерін қор етеді.
50. Елін сүйген жауынгер ер болады.
51. Орынсыз ерлік – адамды өкіндірмей қоймайды.
52.Ер өледі, ел қалады.
53. Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.
54. Жалпы мықты ерік-жігер – жеңіс серігі.
55. Жеке мақтаныш сезімі ерлікті тудырады.
56. Ер жүректілік пен батылдық жүректен шығуға тиіс.
57. Ерліктің атаусыз кетуі – халықтың трагедиясы
2. Адам туралы
1.Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді.
2.Ағаш көркі-жапырақ, адам көркі-шүберек.
3.Өзі болған төркінін танымас.
4.Баланы бастан.
5.Иі қанбаған қамырды етке салма.
6.Түсі жақсыдан түңілме.
7.Кісідегінің кілті-аспанда.
8.Қорыққанға қос көрінеді.
9.Түсі тәуірден түңілме.
10.Адамның ішкі сырын түрінен тануға болады.
11.Балалы үй ұрлығын жасыра алмайды.
12.Тапшылыққа көне білген жоқшылыққа да көнеді.
13.Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра.
14.Қарғаны баптағанмен бүркіт болмас.
15.Аяз би әліңді,құмырсқа жолыңды біл
16.Әркім өз жөнін білгені жақсы.
17.Билік кімде болса сұрау да сонда.
18.Міндет адамға жауапкершілік жүктейді.
19.Адамның қолына қыруар билік берілген, одан көбірек сұрағын, жаратушым.
20.Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа.
21.Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі.
22.Ұлың өссе ұлы жақсымен, ызың өссе қызы жақсымен ауылдас болғын.
23.Тексізден тезек артық.
24.Зекетсіздің малы-арам, тілсіздің дауы-арам.
25.Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді.
26.Арсыздан айуан артық.
27.Өзін аяған дұшпанға дос.
28.Жанын аяған тәніне жау.
29.Жанын аямағанға жан сауға.
30.Он үште отау иесі.
31. Жетіге келгенше, бала жерден таяқ жейді.
32. Намысты нанға сатпа.
33. Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет
34. Бұйрық – алғыр басшының ой-арманы.
35. Қорқақ – дөрекі әрі ақымақ.
36. Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз.
37. Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары.
38. Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел.
39. Ұлыны ұлы ұғады, дананы данышпан ғана түсінеді.
40. Кір-қоқыс адамды аздырып, тоздырады.
41. Адамдарды шабуылға бастап көтеруден ең ауыр міндет жоқ.
42. Адам бойындағы басты сезім – парыз сезімін ұштап, тәрбиелеу.
43. Жас адамға жүрек – би.
44. Қарт адам – ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқты.
3. Өмір мен өлім туралы
1.Өмір үшін өлгенше соғыс.
2.Өмірді сүйген-өлімнен қорықпақ емес.
3.Өмір сүргің келсе сүріне істе.
4.Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
5.Арпалысып жүріп алған абырой-өмірдің шырын рақаты.
6.Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.
7.Өлу емес, өмір сүру керек.
8.Өлтірсең өлімнен құтыласың,
Өлтірмесең өлімге тұтыласың.
9.Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.
10.Тізе бүгіп тірі тұрғаннан,
Тіке тұрып өлген артық.
11.Өмір сүргің келсе, ақырына дейін айқас.
12.Өлімге асықпай ұрыс жүргізуді үйрен.
13.Ұйқы-өлімнің інісі.
14.Қырық жыл қырғында ажалды өледі.
15.ʺҚадірін білмеппіз ғой тірі кездеʺ
Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.
16. Қашу – жаудан құтылудың жолы емес, өлімнен де жаман, ауыр опасыздық.
17. Өзің мерт болғаннан гөрі өлтіру қиынырақ.
18. Өмір үшін күрес – ұрыстағы қорғаушы күш.
4. Ел, Отан туралы
1.Отан үшін отқа түс күймейсің.
2.Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет.
3.Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.
4.Отанда опасызға орын жоқ.
5.Жаман елге жапалақта қожа.
6.Ел бақыты ер қолында.
7.Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді.
8.Елсіз ер болмайды, ерсіз ел болмайды.
9.Парыз сезімі, адамгершілік-жеке басының, ұлттың, Отанның мақтанышы.
10.Атамекен жері үшін,
Қасиетті елі үшін,
Болмай қалар кім батыр.
11. Опасызда Отан жоқ.
12.Өсер елдің баласы әкеденде асып түсер.
13.Ел қорғау жолында ерлікпен өлген ерлердің жазығы жоқ.
5. Білім, ақыл және ізгілік, адамгершілік туралы
1.Білек бірді, ақыл мыңды жығады.
2.Қалауын тапса қарда жанады.
3.Қаға білсең киіз қазық та жерге кіреді.
4.Карта білгенге сенімді жетекші.
5.Сергек ой-ер серігі.
6.Қашаған жүйрік келеді.
7.Айқаймен ала алмайсың, ақылмен айла алғын.
8.Көп тұрған су сасиды, ойланбаған ми сасиды.
9.Үлкенді ізетте, кішіні күзетте.
10.Ақыл айтар мезгілде, мың жасаған шалдай бол, мейірім түсер мезгілде,
ағарып атқан таңдай бол.
11.Өлімнен ұят күшті.
12.Жаным-арымның садағасы.
13.Сақтанған-сақталады.
14.Тәрбиелі – тәртіптің құлы.
15. Кішіпейілділік – адамгершілік көркі.
16. Ақылгөйлік кейде өнегесіздікке тірейді.
17. Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ.
18. Ашумен емес, ақылмен үйрету керек.
6. Еңбек және бірлік туралы
1.Еңбек түбі рақат.
2.Жүктің ауырын нар көтереді.
3.Бірліксіз тірлік жоқ.
4.Төртеу түгел болса төбедегіні алады.
5.Жастығымда еңбек бер, қартайғанда дәулет бер.
6. Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді.
7. Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.
8. Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып, қырдан аса алмайсың.
7. Ақиқат пен шындық туралы
1.Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше,
Шындықтың уын ішіп өлген артық.
2.Шын айтпай, сын айтпа.
3. Өтірік – зиян, кесір.
4. Өтірік – барып тұрған зиянды у.
5. Шындық ақиқатты түсіндіруші.
6. Біздің нақты болмысымыз – шындық.
8. Халық пен ұлт туралы
1.Қиыстырып қалсаң отын жанар, қисындырып айтсаң халық нанар.
2.Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу-сатқындық белгісі.
3.Қан майданда халық үшін Намыс туын көтердік.
4.Қара қазақ ұлымын, жалпы жатқан елдегі, бұқараның бірімін.
5. Барлық халық барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.
6. Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды.
7. Ұрлық, опасыздық – бұл ұлттық дәстүрлер емес, ұлттың ішінде көркеуделік.
8.Ұлттық мақтаныш – сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң.
9. Қалың солдат та әбден қалыптасқан халық.
10.Халық өлмейді.
9. Тіл және сөз құдіреті туралы
1.Сөз жүйесін, мал иесін табады.
2.Жылататын да, жұбататын да сөз.
4.Жаман айтпай-жақсы жоқ.
5.Сөз тапқанға қолқа жоқ.
6.Жақсы сөз жан семіртеді, құлақ құрышын қандырады,үмітіңді үдетеді, жүрекке қанат бітіреді.
7.Жақсы сөз-жарым ырыс.
8.Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді.
9.Ат жүйрігң айырады, тіл жүйрігі қайырады.
10. Жігерсіз сөз жүрекке жетпейді.
10. Атақ, абырой, бедел туралы
1.Маған деген атақты, міндет етсең өзің ал. Әділдікке бас ұрып, у берсеңде маған бал.
2.Мақтанбаған мас болып, аброй алсаң табысқа, қоян болма тығылып, жау көргенде қамысқа.
Арыстансыма ақырып, Даныштансыма ақылдан, елемей көзге жалпыны, айырылып қалма жақыннан.
3.Атаққа ілінудің жолы-алыс жол.
4.Әр адамға бақыт пен бедел ақылмен, көп ізденіспен, адал еңбекпен келеді.
5. Алжығанда келген атақ абырой әпермейді.
6. Атағыңа ақылың сай келсе ғана сыйлы боласың.
7. Ақылдылар үшін атақ-даңқ – бұл зіл батпан жүк.
8. Атақ-даңқ барып тұрған ақымақ болуға итереді.
11. Тәртіп туралы
1.Тәртіп кейде тәртіпсіздікті тудырады.
2. Тәртіпті – елдің ұлы.
3. Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек.
4. Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы