top of page
жаркынай.jpg

Сахнада

Презентация Microsoft PowerPoint.jpg

                                      «Ар адамы. Бауыржан»  деректі драмасы

         

        Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай Астана қаласында Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Ар адамы. Бауыржан» атты деректі драмасы — адамзат тарихындағы ең ауыр — Екінші дүниежүзі соғысы жылдарындағы қасырет пен ерліктің, ар-намыстың және отансүйгіштіктің көркем шежіресі. Туындыда Бауыржан Момышұлының қайраткерлік тұлғасы, жауынгерлік рухы, әділет пен адамгершілікке деген биік мұраты сахналық тілмен шынайы бейнеленген.

         «Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасы — жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, адалдық, намысшылдық сияқты асыл қасиеттерді сіңіретін, шынайы батырлықтың бейнесін көрсететін көркем туынды. Бұл қойылым — ұлт тарихын танудың және ұлы тұлғалардан тағылым алудың жарқын үлгісі.

"Ар адамы.Бауыржан" деректі драмасы​

bottom of page