

Бауыржан Момышұлы
өмірі мен қызыметінің негізгі кезеңдері
1910 – Бауыржан Момышұлы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.
1921 – Әулиеатадағы Аса мектеп интернатына оқуға орналасады.
1924 – Шымкент қаласындағы жеті жылдық мектебіне үшінші сыныпта ауыстырылады. 1928 – мектепті үздік бағамен бітіріп, Орынборға оқуға барады. Бірақ әлеуметтік жағдайына байланысты кері қайтады.
1928-1932 – бастауыш мектепте мұғалім болады, Түлкібас ауданында милиция бастығы, сот, аудандық атқару комитеті хатшысы қызметтерін атқарды.
1932 – 7 қарашада Қызыл Армия қатарына алынып, 14-таулы атқыштар полкінің бір жылдық курсында оқыды.
1933 – Қыркүйектен 1934 жылғы қаңтарға дейін 14-таулы атқыштар полкінде взвод командирі болды.
1934 – 3 қаңтарда әскер қатарынан босады.
1935-1936 – Ленинградтағы Қаржы академиясының бір жылдық курсын бітіріп, КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасында аға кеңесші болып қызмет атқарған. 1936 – Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болып істейді.
1939 – Әкесі Момыш қайтыс болады.
1941–315-атқыштар полкінде (САВО-ОАӘО) взвод, рота командирі, 24-атқыштар дивизиясы 406-атқыштар полкі штаб бастығының көмекшісі.
1941–Қаңтар-маусым айларында Қазақ әскери комиссариатының аға нұсқаушысы қызметін атқарады. Соғыс басталған соң Алматыда 316-атқыштар дивизиясын жасақтауға белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Осы дивизияның құрамындағы 1073-атқыштар полкінде арнаулы батальонның командирі болып, Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысқан.
1941 – 26 қарашада маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.
1941–Қараша, желтоқсан айларында КСРО астанасы Мәскеуді неміс фашист басқыншыларынан қорғауда ерекше ерліктерімен көзге түсті.
1941-1945 – Панфилов атындағы 8-атқыштар дивизияның батальон, полк командирі болады. Соғыстың соңғы жылдары осы дивизияны басқарады.
1942 – Бауыржан Момышұлының жауынгерлері мамыр айында Калинин
майданында жауға ойсырата соққы береді.
1942 – 6 маусымда «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады.
1944 – ауырғанына байланысты Алматы әскери госпиталіне жіберіледі.
1944 – Қаңтар айының 19-25 жұлдызында Алматыға келген Бауыржанды ғалымдар соғыс
туралы әңгіме-лекциясын тыңдауға шақыртып, кездесу өткізеді.
1945 – Қаңтардан қыркүйекке дейін І Балтық жағалауы майданы мен Ленинград майданының 6-гвардиялық атқыштар дивизиясы командирінің орынбасары бола жүріп, дивизия командирі міндетін атқарады.
1946-1948 – К.Е.Ворошилов атындағы әскери академияда оқыды.
1948-1950 –Шығыс Сібір әскери округі 49 - атқыштар бригадасы командирінің орынбасары.
1950–Қарашадан 1955 жылдың желтоқсанға дейін Кеңес Армиясының тыл және жабдықтау Әскери Академиясының жалпы тактика және оперативтік өнер кафедрасының аға оқытушысы болды.
1952 – Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітіреді.
1952-1956 – «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Наша семья» атты алғашқы кітаптары жарық көрді.
1953 – Академик Ван-ЧОН-Худың басқаруымен келген Қытай делегациясымен кездеседі.
1950-1955 – Әскери академияда сабақ беріп, тұрақты әскери қызметін атқарады.
1955 –21 желтоқсанда денсаулығына байланысты КСРО Қарулы күштері Әскери қызметтен босатылады.
1962 – Фидель Кастроның шақыруымен 1963 жылы Кубаға барып қайтты. 1965 жылы осы сапардан туындаған «Куба әсерлері» шығармасы жарық көрді.
1959-1966 – «Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан», «Майдандағы кездесулер», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері» атты кітаптары жарыққа шықты.
1970 -1975 – «Ел басына күн туса», «Ұшқан ұя» кітаптары жарық көрді.
1981 – «Адам қайраты» атты кітабы шықты.
1982 – 10 маусымда Алматы қаласында 72 жасында дүниеден өтті.
1990 – 11 желтоқсанда Кеңес Одағының Батыры деген атақ беріледі.
