

Бауыржан Момышұлының мұражайы
1. Бауыржан Момышұлының мемориалдық мұражайы
Бауыржан Момышұлының мемориалдық мұражайы Жамбыл облысы, Жуалы ауданының, Ақсай округының, Қайрат ауылындағы Абая көшесі, 1 "б" мекен-жайында орналасқан. Мұражайдың құрылысы 1990 жылы басталған. 5 мамырда 1995 жылы мұражайдың салтанатты түрде ашылған.
Мұражайдың жалпы ауданы - 349,8 ш.м. Ғимарат ауданы - 259,4. Ғимарат кірпіштен салынған. Мұражай қоры 2074 экспонатты қамтиды. Түсетін. Экспозицияда 1200 экспонат берілді. Олардың арасында Бауыржан Момышұлының фотосуреттерінен тұрған фотоколлаж, оның әскери формасы, бейбітшілік уақытында киген киімі, ол пайдаланған заттар, альбомдар, домбыра, төсек орын, жұмыс кабинетіндегі заттар және кітаптар.
Мұражай залдарының бірі Мәскеу маңындағы панфиловшылардың ерліктерін көрсеткен шайқасқа арналған және осы аты аңызға айналған дивизия туралы тарих мәліметтерін қамтиды. Мұражайдың басқа қанатында Момышұлының соғыстан кейінгі өмірі және оның жазушы ретіндегі қызметі жайлы айтылады. Осында оның жұмыс кабинеті, «Ундервунд» неміс жазу машинкасы тұрған жазу үстелі, қыран мүсіншесі, орындық, аспашам, кілем көрсетілген.
2011 жылы Момышұлының туыстары, сонымен қатар оның келіні Бауке Зейнеп Ахметова мұражайға жаңа экспонаттарды берді: Бауыржан немерелеріне салған қазақ оюлары бар альбомдар, мүштік жинағы, Б. Момышұлы Кубадан әкелген Хосе Марти көсемінің мүсіні және тағы басқа заттар.


2.Бауыржан Момышұлы мұражайы ашылды
2025 жылы 9 мамырда Тараз қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды. Мәдениет ошағының лентасы Жеңістің 80 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай салтанатты түрде қиылды. Сондай-ақ, батырлар рухына тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды. Облыс орталығындағы "Даңқ залы" кешені аумағында орналасқан жаңа музейде Бауыржан Момышұлының шежіресімен танысуға бар жағдай жасалған. Көрмеге Баукең өмірінің әр кезеңіндегі деректер – балалық шағы, әскери өмірі, отбасы, жеке заттары, құжаттары қойылған. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлының полковник шеніндегі шинелі, батырдың өзі салған карта, "Ұшқан ұя" және "Артымызда Мәскеу" шығармаларын жазған қалам мен сия сауыты да музейдің төрінен табылған. Көрмеден Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына Бауыржан Момышұлының өзі тарту еткен жеке маузерін, Кеңес Одағының Батыры Алтын Жұлдызының және Ленин орденінің, полковниктің айдаһар бейнеленген қылышының көшірмелерін, кітаптар мен фотосуреттерін көруге мүмкіндік бар. Сонымен қатар бейбіт уақытта киген киімдері, жеке заттары (ыдыс, күміс қасықтар мен шанышқылар, қымыз бен шұбат құятын ағаш тостаған, ағаш қасық пен шөміш, шай ыдыстары мен шәй қасық), батырдың өзі ойып алған өрнектер альбомы, Құрмет грамотасы, Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлық, сол сияқты "Ғасыр саңлағы" мен "Ғасыр қаһарманы" атақтарын беру туралы жарлық пен құжаттар, домбыра, Куба сапарынан әкелінген заттарды да қойылған .




