top of page

Серікбаев Жұмаш Серікбайұлы

1936 жылы Қостанай облысы, Әулиекөл (Семиозерный) ауданында  туған.

​

1954 жылы мектепте мұғалім болған. Қарағанды медициналық институтына 1955 түсіп, 1961 жылы бітірген.

​

Қостанай облысы, Амангелді ауданында бас дәрігер, 1967 жылы Целиноград облыстық тубдиспансерде хирург болып қызмет атқарды. 

​

1979 жылы Жезқазған облыстық өкпе-хирургия қызметінде ұйымдастырушы болып еңбек етті.

​

Тубдиспансерде 1986  жылға дейін бас дәрігердің орынбасары  және хирургия бөлімін басқарды, одан кейін ординатор-хирург болып қызмет атқарды.

​

Сол уақыттарда Москва, Ленинград, Киев қалаларында білім көтеру институтында болып іс-тәжірибе алды. Адам өмірін сақтап қалу жолында көптеген күрделі операциялар жасаған. Өкпе аурулары хирургиясы жөнінде үш  ғылыми еңбектің авторы. Бірнеше мақтау грамоталары  және медальдармен марапатталған.

​

Әдебиеттер:

Гаврилова С. "Мы почти вернулись в прошлый век"

Дастанов А. Сергектік: дәрігер-оташы Жұмаш Серікбаевқа өмір бойы серік болып келеді // Шарайна. - 2004. - 3 наурыз

Исахов С. "Басты борыш - антқа адамдық"

Мақтаулы мамандар мекені // Шарайна. - 2003. - 14 маусым

Спортивный праздник лыжников // Сатпаевская городская газета. - 2000. - 28 января

Шалашова А. В кругу нерешенных проблем

​

bottom of page