top of page

Мәдиев Хаиржан Рахымжанұлы

1936 жылы Омск обл. туған. Партия-кеңес қызметкері, Жезқазған обл. халыққа білім беру басқармасының бастығы.

1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 1981 жылы Жоғары партия мектебін бітірген.

1958-1963 жылдары мектептерде  мұғалім, 1963-1967 жылдары  Петропавл қаласында кооператив техникумында оқытушы.

1967-1968 жылдары теміржол транспорты институтында оқытушы.

1968-1973 жылдары  экономикалық техникумда бөлім меңгерушісі.

1973 жылдан бастап партия-кеңес қызметінде, Жезқазған облысы  партия  комитетінде  бірінші хатшының көмекшісі, оқу орындары және ғылым бөлімінің меңгерушісі.

1992 жылдан 1997 жылға дейін Жезқазған облыстық Білім беру басқармасының бастығы  болып істеген.

Ұзақ  жылғы еңбегі  үшін Білім министрлігінің грамоталарының, 1996 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек  сіңірген қызметкері» атағының иегері.

bottom of page