top of page

Кентаев Қазымхан

Кентаев Қасымхан 1936 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының  «Ұлытау» совхозында дүниеге келген. 1953  жылы Жезқазған шахталарында забойшы болып еңбек  жолын бастап, Оңтүстік-Жезқазған кенішінің №65 шахтасында забой тазалаушылар бригадасын басқарады. 1968 зейнеткерлікке шығып, бірақ, еңбексіз үйде қарап отыра алмай, подстанцияның кезекші слесары болып орналасты.

Ол Жезқазған шахталарында ширек ғасыр жұмыс істейді. Алдымен көне шахтының бірі «Кресто-Батыста» бастап, кейін одан ірі қазіргі Оңтүстік-Жезқазған кенішінің құрамына кіретін №44 шахтаға жұмысқа ауыстырды. 

Осында Қазымхан Кентаев технологиямен(қол префораторы және скереперлік лебедка) жұмыс істейтін забойшылардың үздіктерінің бірі атанып, аз уақытта тазалаушылар бригадасының бастығына жоғарлады. 1968 жылы осы шахтада  жұмыс істеп жүріп СОКП қатарына қабылданды.   

Екпінді еңбегі үшін жоғары үкімет наградаларына ие болды. 1966 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен награтталды, ал, 1971 жылы 30 наурызда КСРО Жоғарғы Советі Президумының  Указымен сегізінші бесжылдықтағы еңбектегі үздік табыстары үшін, Соцалистік Еңбек Ері  жоғары атағы беріліп, Ленин орденімен «Орақ пен Балға»  Алтын медалі қоса тапсырылды.

Жоспар мен социалистік міндеттемеге қосымша мыс кенінің жүздеген тоннасын төбеге шығарып, бесжылдықты Қасымхан Кентаевтың бригадасы мерзімінен бұрын орындады. Бригаданың көптеген забойшылары жоғары  үкімет наградаларына ие болған озат коллектив тоғызыншы бесжылдықта үздік жұмыс істейді.

Өндірістің ішкі мүмкіндіктерін іске қосып, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға қол жеткізді. Қосалқы мамандықтарды үйрену арқылы кеншілер қажетті жағдайда біріне бірі алмастыратындай дәрежеге жетті. 

Қортындысында бригада тоғызыншы бесжылдықты 1975 жылдың 22 ақпанда – жылға тарта мерзімінен бұрын орындады.

Қасымхан Кентаев жұмысқа бар күш жігерін жұмсай отырып, қоғамдық міндеттерін орындауға да уақыт таба біледі. Облыс коммунистері оны СОКП ХХҮ Съезі және Қазақстан  Компартиясы ХІІІ съезіне делегат етіп сайлады.

Әдебиеттер:

  • Кентаев Қазымхан // Жезқазған: энциклопедиялық анықтама / бас ред. С.Ү. Қожамсейітов. - Алматы: Эверо, 2004. - 273 б.

***

 
***
Кентаев Казымхан (1936 г.р.)

Начинал свою трудовую деятельность в 1953 году на шахте «Кресто-Запад», потом был переведен на шахту №44 Южно-Жезказганского рудника. Один из забойщиков, работавших по старой технологии, он вскоре стал бригадиром очистной бригады шахты №65 Южно – Жезказганского рудника.

За выдающиеся в труде в годы VІІІ пятилетки 30 марта 1971 года К.Кентаеву присвоено звание Героя Социалистического Труда.

bottom of page