top of page

Әрінұлы Иген

Иген Әрінұлы 1936 жылы Шет ауданында дүниеге келген.

Алматы ауыл шаруашылық институтын инжинер- механник мамандығы бойынша 1960 жылы бітірген.

Шет ауданының Жамбыл колхозы басқармасының орынбасары болып 1960-1962 жылдарында қызмет атқарған.

Ақтоғай  ауданының «Қазсельхозтехника» бірлестігінің бас инженері, Өспен, Ақшоқы, Босаға совхоздарының бас инженері қызметін атқарған.

1973-1993 жылдарында «Ертіс-Қарағанды» каналы басқармасы жанындағы оқу комбинатының директоры болған. Нұра-Сарысу су шаруашылығының  Жаңаарқа ауданы бойынша инспектор қызметін 1993-1996 жылдарда атқарған.

Бірқатар салалық марапаттарға ие болған.

Әдебиеттер:

Әрінұлы И. Әбікен Хасенов туралы үзік сыр// Шет шұғыласы. - 2008. - 12 маусым (№ 26). - 3 б.

 

Ол туралы:

Әрінұлы Иген (1936) // Шет ауданы: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы:   ҚазАқпарат, 2013.- 113 б.

Майбас Т. Берек  / / Заман. - 2006. - 4 ақпан. - 7 б.

bottom of page