top of page

Демесінұлы Серік

Серік Демесінұлы 1936 жылы 25 қарашада Қарағанды облысы, Шет ауданы, Айғыржал колхозында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағайындарының қолында өсті. 7 класcқа дейін аудан орталығындағы мектепте оқыды.

1956 жылы Қарағанды қаласындағы №2 ші мектепті бітіргеннен кейін  еңбек жолын өзінің туған ауылында бастады.Спортты өміріне серік еткен ол көп ұзамай ірі жарыстардан көрініп, еліміздің басты командасының құрамына алынады. Одақтық жарыстарға қатысып, жеңімпаз болды.

 

1955 жылы Воронеж қаласындағы Одақтық жарыста, 1956-58 жылы Ташкенттегі Орта Азия студенттері арасындағы жарыста, Мәскеудегі жарыстарда жүлдегер атанды.

 

1960 жылы Шымкент, 1961 жылы Семей қаласында ауыл-село жастарының арасында өткен жарыста бірінші орын алды.Серік Демесінұлы 1963 жылдан аудандық жасөспірімдер мектебінде зейнеткерлікке  шыққанға дейін жаттықтырушы болып,жемісті еңбек етті. Ол ауданымызда спорт шеберлерін даярлауда өзіндік сүбелі үлесін қосты. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы 1961 жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің негізін салып, өзі ұзақ жылдар сол мектепте жастарды тәрбиелеумен шұғылданды. Қазақ ССР-інің спорт шебері атағын алған Серік Демесінұлы Орта Азияның және Қазақстанның әлденше дүркін чемпионы.

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы 1961 жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің негізін салып, өзі ұзақ жылдар сол мектепте жастарды тәрбиелеумен шұғылданды.

1966 жылдан үш жыл қатарынан Серіктің шәкірттері облыстық жарыстың жеңімпазы танылды. Өзінің саналы өмірін спортқа арнаған С.Демесінұлының жарқын бейнесі әрдайым есте сақталады.

1998жылы 15-ші ақпанда Орта Азия мен Қазақстан Республикасының қазақша күрестен бірнеше дүркін жеңімпазы, спорт шебері, зейнеткер Серік Демесінұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан 1997 жылы қайтыс болды.

Фотоархив:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Грамоталар:

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

 

  • Демесінов Серік (1936-1997) // Шет ауданы: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы: ҚазАқпарат, 2013. - 149 б.  

  • Жүністегі К.  Серік Демесінұлы // Шырағдан: мақалалар, деректер. - Алматы: Ел-шежіре, 2007. – 259-260 б.

***

bottom of page